Пәні: қазақ әдебиеті күні: 02/03.02.2016 сыныбы:7а
Сабақтың тақырыбы: С.Мұқанов «Есіл бойында»
 Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: С.Мұқанов туралы,шығармашылығы жайлы жан-жақты білім алады. «Есіл бойында» әңгімесінің мазмұнын меңгереді.
 ә) дамытушылық: Табиғатты аялауға,ынтымақ пен бірлікті бағалай алады.
б) тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
 Сабақтың түрі: аралас сабақ.
 Сабақтың әдісі:  салыстыру, түсіндіру.
 Пәнаралық байланыс: география
 Сабақтың көрнекілігі: жазушының портреті, Есіл өзенінің, суреттері, таратпалар
 Сабақ барысы:
 І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу. Сабаққа даярлығын қадағалау.
 Оқушыларды түгендеу;
 Жылулық шеңберін құру;
 «Еркелету» тренингі(ата-аналары өздерін қалай еркелететінін айту)
 Балалар,неге шеңбер құрып сабақ бастадық, қалай ойлайсыңдар?
 Ия, шеңбер-бұл әлемдегі мейірімділік,жақсылық. Шеңбер арқылы біз бір-бірімізге күлімдеп қарап,жылулық,жақсылық, сәттілік тілейміз.
 Үй тапсырмасын сұрау:
 Шеңбердегі балаларға доп лақтыру арқылы төмендегі сұрақтарды қойып үй тапсырмасын пысықтаймын.
 • Мұқтар Әуезов туралы не білесің?
 • Жазушыға бұл тақырыпта әңгіме жазуға не себеп болды?
 • «Көксерек» әңгімесінің идеясы?
 • Әңгімеден өзіңе ұнаған эпизодты айтып бер.
 • Құрмашқа мінездеме бер.
 • Көксеректің ауыл иттерінен айырмашылыға қандай болды?
 • Көксеректің айлакерлігінің, ашқарақтығының себебі не деп ойлайсыңдар?
 • Ауылдан кетіп,өз үйіріне қосылғаннан кейінгі батылдығы не деп ойлайсыңдар?
 • Топ қасқырдың бастаушысы болуына Көксеректің қандай ерекшеліктері себеп болды деп ойлайсыңдар?
 • Сен бұл әңгімені қалай аяқтар едің?
 «Мағынаны тану»
 Смайликтер арқылы оқушыларды үш топқа бөлемін.
 ДЖИГСО әдісі арқылы әңгімені оқып шығады. Топтарын алмастырып, бір-біріне түсіндіреді.
 Кейін топтарына қайтып,топтық жұмыс жасайды.
 І- топ: A)Есіл өңірінің табиғатының суреттелген жерін тауып оқып, өз туған жерлеріңнің табиғатымен салыстырыңдар.
 Б)жазушының көркем тіл шеберлігіне талдау жасаңдар.
 ІІ- топ:А)Мырзатай қандай халық композиторларының әндерін орындайды. Сол композиторлар туралы не айта аласыңдар?
 Б)Әңгімеден портрет, баяндауды тауып оқып беріңдер.
 ІІІ-топ:А) «Есіл тасып барады» әнінен басқа қандай халық әдерінің шығу тарихын білесіңдер?
 Б)Әңгімеден диалогтарды тауып оқыңдар.
 Шығармашылық жұмыс:
 І-топ: «Есіл тасып барады» әнінің тарихынан әңгіме құрастырып айтыңдар.
 ІІ-топ: Есіл өңірінің тоғайында өсетін ағаш, жемістердің атын қатыстырып, сөзжұмбақ құрастырыңдар.
 ІІІ- топ: Венн диаграммасы
 Ж.Аймауытов «Әнші» әңгімесімен С.Мұқанов «Есіл бойында» әңгімесі.
 Рефлексия:
 БҮҮ стратегиясы.
 Оқушыларды бағалау:
 Топ басшыларының қолдарындағы бағалау парағындағы бағаларды сараптау.
 Үйге тапсырма: Есіл бойында әңгімесін оқып, түсінгенін айту.
 Өздерің тұрған өлкеге саяхат жасап, табиғат көріністерін сипаттап жазып келу.
 «Есіл тасып барады» әнін жаттап келу.






 
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
         
	 
     
                                     
                                     
                                     
                                    