Павлодар қаласы № 37 жалпы орта білім беру мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Нұрғалиева Гүлнар Өкенқызы
      |   Апта     |    Күн пән : Әдебиеттік оқу 3-сынып     |  
  |   Сабақтың тақырыбы     |    Мұғалима Қадыр Мырза Әли   |  
  |   Сілтеме     |    Оқулық әдебиеттік оқу 26-27 бет     |  
  |   Жалпы мақсат     |    Ақын өлеңінің идеясын ашу.     |  
  |   Міндеттері     |    Білімділік: өлеңді түсініп оқу,талдау арқылы өз ой-пікірін айта алу.  Дамытушылық: алған білімдерін іс- жүзінде, сабақ барысында қолдана білуге дағдыландыру.  Тәрбиелік: мамандық иелеріне ,оның ішінде ұстазға деген құрметке баулу.   |  
  |   Күтілетін нәтиже     |    Өлеңнен мазмұны арқылы оқушы бойында жауапкершілік сезімін қалыптастыру,ұстаз еңбегін бағалауға үйрену.   |  
  |   Сабақ түрі   |    Жаңа сабақ ,кіріктірілген сабақ, пәнаралық байланыс,   |  
  |   Қажетті құралдар   |    Қағаз,маркер, желім, қайшы,суреттер, бағалау парағы   |  
  |   Сабақтың әдіс-тәсілі   |    Жеке, жұппен, топпен жұмыс.   |  
  |    Тапсырмалар    топ бойынша     |    1.Сөзжұмбақ шешу.  2.Өлеңді оқу,талдау  -Мектептегі басты тұлға кім?  -Мұғалім еңбегі қандай? (қиын,қызықты) Дәлелдеу  3.Тапсырмалар: әр топ өз оқығандары бойынша өз ойларын қағаз бетіне түсіріп, қорғайды  «Мектеп-кеме,білім-теңіз»   |  
  |        |    Мұғалім әрекеті     |    Оқушы әрекеті   |  
  |   Сабақтың барысы 2мин    Білім     |    1.Ұйымдастыру кезеңі психологиялық ахуал.           |    1.Амандасу:         |  
  |       Талдау    Сұрақ –жауап  10 мин  Сергіту сәті  «Мен қандаймын»  2мин  20мин   |     1-тапсырманы орындау  -Ұстаз сөзіне ассоциация құру.  -«Ұстаз-екінші анаң» дегенді қалай түсіндірер ең?  2.Өлеңмен жұмыс  3.Суретпен жұмыс: сұрақтарға жауап беру  4.«Мектеп-кеме,білім-теңіз» тақырыбын топпен талдап, ойларыңды қағаз бетіне түсіріңдер.   |    Топпен сөзжұмбақ шешу,көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қою. Жасыл торкөздегі шыққан сөзді оқу. Ассоциация  Түсініп оқу,сөздік жұмысы.Өлеңдегі қызылмен белгіленген сөздерге мән беру,түсіндіру.  Ұстазды сипаттау.  Постер құру,түсіндіру,қорғау   |  
  |   Қорытындылау        6мин   |    -Білім беруде ұстаздың орны қандай?  -Мұғаліміңнің қандай болғанын қалайсың?  -Кім ұстаз болғысы келеді?               |    Сұрақ –жауап.   Әр топ өз ойларын айтады, бірін-бірі толықтырады.   |  
  |    Тапсырмалар     |         |    «Ұстазға арнау» өлең жазу,тілек білдіру, сурет салу   |  
  |   Бағалау    4мин      |     Не істедім ? Не істедік?     Топты қалай бағалар едің ? не ұнады?           |         |  
  |   Үйге тапсырма   1 мин.   |    Эссе жазу   |     « Менің ұстазым»   |