Д?рыс айтасы?дар балалар. Досты? –аспанда?ы жары? ж?лдыз, те?іздегі гау?ар сия?ты тас. Ж?лдызды да, гау?ар тасты да ешкім кірлете алмайды. Досты? адамды ас?а?татады. На?ыз досты? адам?а шабыт беріп отырады. Олар бір – біріні? ?уанышында да с?тсіздігінде де орта?тасып отырады. Сонды?тан да б?гінгі саба?ымызды? та?ырыбы: «Досты? –таусылмас ?азына». Осы?ан орай саба?ымыз 5 аялдамадан т?рады.
Досты?ты сатпайы?.
Татулы?
Жаман дос –к?ле?ке.
Ж?ректен –ж?рекке
Адам досымен.
Адам досымен к?рікті. Біз б?гінгі саба?ымызды «Ж?ректен ж?рекке» ойынымызбен бастаймыз (г?л ?сынып, тілек айту)
?н: «А? тілек» ?мірза? Асыл
1 –аялдама: «А??уды атпайды, досты сатпайды» ал енді осы с?зді? ма?ынасына ??іліп к?рейік.
?орытындысында: (Адал досты? ?мірі н?с?а. Амал досты? ?мірі ?ыс?а).
Жолдасын тастап кетті
?з басын ?ор?айды
Ол ?ор?а?
Ондай адаммен дос болмау керек.
Жа?даятты тапсырмалар
Досы?ны? к?п ?тірік с?йлеп, бір затты жым?ырып кету ?деті барекенін бай?ап ж?рді?. Біра? оны айта алмай ж?рген болатынсы?. Бір к?ні екеуі?е орта? бас?а ешкім білмейтін заты? жо?алып кетті. Не істер еді??
Назерке
Сені? досы?ны? мінезі ?те ш?лкес. ?лкенмен де, кішімен де болмайтын н?рсеге ілінісіп ?ала береді. ?зінен кішкентайлар?а к?п ?лімжеттік жасайды. Сені? іс ?рекеті??
Сені? досы?ды ?лкен балалар ?ор?ытып жатыр. сені? ?лі? жетпейді. Сен не істейсі??
Просмотр содержимого документа
««Досты? –таусылмас ?азына» »
№8 орта мектеп
Бастауыш класс мұғалімі
Султанова Гулмира Кәдірқызы
Кластан тыс шара
Тақырыбы: «Достық –таусылмас қазына»
Мақсаты: Адам бойында болатын достық сезім қасиеттері де қастерлі сезім екендігіне көз жеткізу.
Міндеттері: 1. Нағыз досты тани білуге үйрету, достық туралы білімдерін
кеңейту.
2. Адам бойындағы адамгершілік қасиеттерді сақтай білуге,
адалдыққа, достыққа тәрбиелеу.
3. Оқушылардың өзіндік ойларын еркін жеткізе білуге, тіл
байлықтарын, түсініктерін қалыптастыру.
Түрі: саяхат
Әдіс- тәсілдері: тренинг
Көрнекілігі: суреттер, нақыл сөздер
Барысы:1. Ұйымдастыру бөлімі
Психологиялық дайындық
Үлкенге де «сіз», кішіге де «сіз»
Баршамызға құрметпенен
Бас иеміз біз.
Мұғалім:
Кел, балалар, келіңіз,
Тамашаны көріңіз.
Томсырайып отырма
Ребус құрып ойла
Шешімін таппай қойма.
, , , ,
С «Достық» сөзіне ассосация жасау
Адамдар арасында байланыс
Жақсылық жасау сыр бөлісетін адам
Достық
Жан дүниеңді түсінетін адам Киелі ұғым
Жанашыр болу
Мұғалімнің түсіндірмесі:
Дұрыс айтасыңдар балалар. Достық –аспандағы жарық жұлдыз, теңіздегі гауһар сияқты тас. Жұлдызды да, гауһар тасты да ешкім кірлете алмайды. Достық адамды асқақтатады. Нағыз достық адамға шабыт беріп отырады. Олар бір – бірінің қуанышында да сәтсіздігінде де ортақтасып отырады. Сондықтан да бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Достық –таусылмас қазына». Осыған орай сабағымыз 5 аялдамадан тұрады.
Достықты сатпайық.
Татулық
Жаман дос –көлеңке.
Жүректен –жүрекке
Адам досымен ...
Адам досымен көрікті. Біз бүгінгі сабағымызды «Жүректен жүрекке» ойынымызбен бастаймыз (гүл ұсынып, тілек айту)
Ән: «Ақ тілек» Өмірзақ Асыл
1 –аялдама: «Аққуды атпайды, досты сатпайды» ал енді осы сөздің мағынасына үңіліп көрейік.
1. Оқушылар жазған шығармаларын оқып береді.
2. Салған суреттерін талдайды.
2-аялдама: «Татулық» Бұл аялдамада мақалдар айтайық
Ақылдымен дос болсаң, биіктейсің.
Ақымақпен дос болсаң, адасасың.
Досыңды жамандама,
Бостан босқа қаралама.
Дос жылатып айтады,
Дұшпан жылатып айтады.
Досың үшін жан пида.
Дұшпанға тастай қатты бол,
Досыңа балдай тәтті бол.
Досы көпті жау алмайды,
Ақылы көпті дау алмайды.
Жүз теңгең болғанша,
Жүз досың болсын.
Жаман аттан аяғым артық.
Жаман жолдастан таяғым артық
3-аялдама: «Жаман дос –көлеңке»
Замандас: - Достық нешеу?
Әйтімбет шешен: Достықтың 2 түрі бар. Бірі –адал дос, екіншісі –амал дос. (мысалдар келтіру)
Қорытындысында: (Адал достың өмірі нұсқа. Амал достың өмірі қысқа).
Жолдасын тастап кетті
Өз басын қорғайды
Ол қорқақ
Ондай адаммен дос болмау керек.
Жағдаятты тапсырмалар
Тамирлан
Досыңның көп өтірік сөйлеп, бір затты жымқырып кету әдеті барекенін байқап жүрдің. Бірақ оны айта алмай жүрген болатынсың. Бір күні екеуіңе ортақ басқа ешкім білмейтін затың жоғалып кетті. Не істер едің?
Назерке
Сенің досыңның мінезі өте шәлкес. Үлкенмен де, кішімен де болмайтын нәрсеге ілінісіп қала береді. Өзінен кішкентайларға көп әлімжеттік жасайды. Сенің іс әрекетің?
Мұғалім:
Сенің досыңды үлкен балалар қорқытып жатыр. сенің әлің жетпейді. Сен не істейсің?
Сенің жаңа досың бұрынғы досыңды тастауыңды өтінді. Өзімен ғана дос болғаныңды қалады. Сенің әрекетің?
Өлеңдер:
Қызғалдақ
Нағыз достар бір-біріне ұнаған
Қиындықта бірін-бірі сынаған
Мүмкін емес доссыз өмір сүруде,
Сүйеу болар шақтарыңда құлаған.
Әсел
Досы үшін дос көнеді бейнетке
Дос деген сөз ең қадірлі жер-көкте
Жақсылардың айырылмас досы көп
Қолын берген қиыншылық кездессе.
Бахитжан
Достарымды сүйемін бірге жүрген
Бірге ойнап, менімен бірге күлген
Достар деген жаныңның бір бөлшегі
Орын алған жүректің бір түбінен
Айқын
Балдырған балалар
Достықты бағалар
Есіңе сақтаған,
Адал бол,
Шыншыл бол
Өтірік айтпаған, сөзіңнен қайтпаған
Райымбек
Достар бірге жүреміз,
Бірге ойнаймыз, күлеміз.
Бірге балық аулаймыз,
Міне бідер қандаймыз.
Орман, көлге шыңға біз
Саяхатқа шығамыз
Бөлінбейді іргеміз
Әрқашан да біргеміз.
Мирлан
Балдырған баламыз
Досты көп табамыз
Қашан да қайда да
Достар бір-біріңе
Сенімді боламыз.
Асыл
Екі деген екі дос
Бірін –бірі қимайтын.
Артық –кемді етпей сөз
Бірін –бірі сыйлайтын.
Досыңа бол адал жан,
Бірдей бөліс сынақты
Бір нүктеге қадалған
Екі көзің сияқты.
Мехрибан
Досқа жақсылық жасасаң, ол да саған жақсылық жасайды. Біз басқа да елдермен доспыз. «Жүз теңгең болғанша, жүз досың болсын» деп бекер айтпаған. 2015 жыл халықтар ассамблеясының жылы. Қазақстан –көпұлтты мемлекет. Біз барлық елдермен тату қарым –қатынастамыз. Бізде бүгін Үндістаннан Ақбота қызымыз қонаққа келген. (Үнді биі)
4-аялдама: Әдебиет –өмір айнасы,
Сахна –оның жалғасы.
Сахналық көрініс: «Тақтайға қағылған шеге»
Автор: Мінезі нашарлау, бұзақы бір бала болыпты. Күндердің күнінде әкесі оған бір дорба толы шеге беріпті. Әкесі: «Жолдастарыңмен әрбір керіскен, төбелескен кезіңде тақтайға бір шеге қағып отыр.» -депті. Бала бірінші күні 10 шеге қағыпты. Содан кейінгі күндері өзін тежей жүріп, күн сайын шегені аз қағуға тырысыпты. Сөйтіп, әйтеуір бір шеге қақпайтын күнге де жетіпті. Әкесіне барып айтқанда ол баласының шеге қаққан тақтайына қарап:
Әкесі: Бүгіннен юбастап керіспеген, төбелеспеген әрбір күнінде бір шегеден суырып отыр депті. Бірнеше күн өткеннен кейін тақтайда шеге қалмапты. Әкесі: Балам, тақтайға дұрыстап қарашы, көптеген тесіктер пайда болды. Енді бұрынғыдай біртегіс болмайды жолдастарыңмен керісіп, төбелескен кезде былапыт, жаман сөздер айтылады. Әр жаман сөзге бір жарақат жасайды. Соңынан жолдасыңа мың рет кешірім сұрасаң да, ол тесіктер бітелмейді. Дос асыл тас тәрізді. Сенің ұуанышыңа ортақтасады. Көңілің жабырқаса, көмекшің болып, қайғыңды басады.
5-аялдама: «Адам досымен...» Достық –әншейін дос тапқысы, дос болғысы келгендіктен емес. Бір- біріне пейілі –ықыласы түскен, жан жүрегі қалаған, көзқарасы мен ой-ниеті үйлескен, мінездері сыйымды адамдар ғана дос бола алады. «Сенің досыңның кім екенін айт, мен сенің кім екенінді айтып беремін» -деген екен бір дана кісі жаңа танысқан адамына. Бұл ақылды сөздің мағынасы: достар жан дүниесі, ой-өрісі талғамы жағынан жақын болады дегенді білдіреді.
Мұғалім: Балалар, осы достық сөзінің мағынасын ашып көрейік.
Д-дүниедегі
О-озық ойлы
С-сабырлы
Т-тұрақты
Ы-ыстық
Қ- қарым –қатынас
Бәрі: Достық деген –адамның көрігі екен.
Достық деген –ақылдың серігі екен. Балалар «Жүрекше» стикерлерін жапсыру арқылы саялы бәйтерекке айналдырады.