Т?рбие са?ат к?рнекілігі: 3ал мерекеге сай ?сем безендірілген. Шарлар, слайд.
Ж?ргізуші: С?леметсіздерме, ??рметті аналар, ?стаздар, ?ыздар сіздерді келе жат?ан 8-наурыз халы?аралы? ?йелдер к?німен ?утты?таймын, сіздерге зор денсаулы?, мол ба?ыт зор денсаулы? тілеймін.
?мірді? к?ркі - к?ктем айы мейірім шуа?ын т?гіп, ?уанышын ?оса ала келді. Б?л айда бар адамзат баласы бас иер ?ш ?ріптен т?ратын ?лы есім аналарымызды? д?ст?рлі мерекесі 8-наурыз к?ніне белгіленген. Б?л к?ні т?ртк?л д?ниені? жан иесі, аса ?адірлі аналар мен ?ыз-келіншектерге ерекше ??рмет к?рсетіліп шын ы?ылас танытып, сыйлы?тар жасап жатады. Тарих пара?ын пара?таса?, осы к?нде ?йелдер ?ауымы ?з ???ы?тарын ?ор?ап, бас к?терген деседі. Бертін келе б?л к?нді халы?аралы? ?йелдер к?ні болып белгіленген екен.
- ??рметті аяулы, арда?ты аналар. ?мірімізді? г?лі, ?уанышы - сіздерсіздер. Бар ?лемге шуа? мейірім т?ккен к?ктем айы сіздер ?шін аса ?ымбат. ?йелдер ша?ыра? ?йыт?ысы, ырыс-берекесі, алтын ді?гегі. Сонау, заманнан ерлерімізге тірек болып, жігер берген аналарымыз ?а?шама. Б?гінде ел экономикасына етене араласып, саяси к?шті ы?пал жасап отыр?ан - осы бір н?зік жанды ?йелдер ?ауымы.
Арулар - асыл жандар, арда?тылар,
?мірді? жылуы боп ?алма? б?лар.
Арулар – тіршілікке к?ретамыр,
?мірді бір-біріне жал?ап т?рар - деп, ?ле?іне ар?ау еткен М??а?али а?ын аналарымызды тіршілікті?, к?ретамыры деп бекер айтпаса керек. Олай болса, бір ?олымен бесікті, бір ?олымен ?лемді тербеген аналарымызды? мерекесі ??тты болсын демекпіз.
Сонды?тан ??рметті асыл аналар б?гінгі «Ана- ?мірді? шуа?ы» атты т?рбие са?атымыз сіздерді? ??рметтері?ізге арналады.
Ж?ргізуші: К?ктем келер г?лін алып, жазда келер жырын алып – деп ?н м?тінінде айтылатындай, н?рлы шуа?ы мол наурыз айы туып, арда?ты аналар мен ару ?ыздарымызды? т?л мейрамы 8 – наурыз мерекесі келіп жетті. Сіздер ер – азаматтарды? ?ол?анаты, тірегі мен ж?регі болып табыласыздар. Аналарымызды?, ?ыздарымызды? к??ілдері к?ктемні? шуа?ты к?ніндей мейірім – шапа?ат?а б?лене берсін. ?лемні? жары?ын сыйла?ан аналарды? мерекелері ??тты болсын.
Айналдым «ана» деген асыл аттан
Шуа?ын бар ?лемге шашырат?ан
Ойнап ж?рген ??лынын далада?ы
?йде отырып даусынан ажырат?ан
«Ана ??дірет»
1-о?ушы: / Санжар/ Ал?аш?ы к?ктем мерекесі Жер бетіне ?мір сыйлаушы н?зік, а?ылды, сымбатты, мейірімді жандар?а арнал?аны ?андай тамаша мереке! ?лемдегі е? асыл жан ол – Ана десек, ж?регімізде с?йікті жан?а деген махаббат сезімі оянады. Ана б?л аяулы да мейірімді жан. Баланы? тілі шы??аннан – а? бірінші с?зін ана деп айтады. ?мірді? есігін аш?аннан со? осы ?мірдегі ?зі?ні? жан ана?ды к?ресі?. Осы бір «АНА» деген ?ш ?ріпті? аясында адамзат баласын ?уаныш сыйлар ?аншалы?ты ?асиет бар десе?ші
2-о?ушы: /Аяужан/ Ана, Ана, Ана. Осы с?зді? ?зі адам?а ?андай к?ш береді! Д?ниеде ананы? мейіріміне, аялы ала?анына не жетеді?! Д?ниеге келіп, к?зі?ді ашып к?ретіні?-Ана. ?анатты?а ?а?тырмай, т?мсы?ты?а шо?тырмай бауырына басып, біз ?шін жан ?шыра шырылдайтын да –Ана! Тек жа?сылы? тілейтін де-Ана.
3-о?ушы: /?анат/ Ия, ?йдегі алтын ?азы?-Ана. Ана а?ылды болса, бала дана болады. Ананы? мейрімі к?зінде, ы?ыласы к??ілінде, а?ылы с?зінде. Ана-бар м?ратын отбасыны? игілігіне байла?ан ?лемдегі ізгі адам.
Ана-барлы? ?иынды?ты же?етін сар?ылмайтын к?ш. Ана-бар тілегін перзетіні? жолына арна?ан ?лемдегі е? мейірбан адам.
4-о?ушы: Ана-барлы?ын же?етін тіршілікті? б?ла?ы. Ана-адамзат мекен ететін жер шарыны? ?р т?кпірінде, ?р ?йінде мейір мен мерейді?, досты? пен туысты?ты? туын тіккен адам.
5-о?ушы: хадис
Ж?ргізуші:
Би: Вальс
?н: «?аза? ?ыздары » Уатаев Н?рболат
Ж?ргізуші: Олай болса, аяулы аналарымыз?а арнап жыр шашуымызды арнайык.
1-о?ушы: Аяужан.
2-о?ушы: / Санжар/ Ана дейміз б?рімізде ан?ылдап,
Ана дейді жас с?би де жар?ылдап
Ана деген б?йтерегі ?мірді?
Ана-деген алтын ?азы?, алтын ба?.
Ана деген асыл жандар б?ла?тай
О, адамдар ?адірлей біл ананы
Жат ?ылы??а а?ыл-ойды тонатпай
3-о?ушы: /Еркеназ/ Ана десем сезім білер тым ысты?,
Жарасымды адамдар?а туысты?
Бар адам?а берсе ананы? мейірін
Орнар еді бар ?лемге тынышты?.
Ана десем, ал?ыс алас хал?ымнан,
Ана десем,те?із болам шал?ы?ан
Ана десем, ашылады ?аба?ым
Ана десем, ?ділдікті ??амын
Айналайын Анашым
?лпештеген мамашым
Еміп ?скен баламыз
Маматайдын мамасын.
4-о?ушы: /?анат/ ?зі?сі? с?йікті ана, ??діретім
Жанымды жадыратып к?лдіретін
Сендегі ма?ан деген махаббатты
Н?р толы ?ос жанары? білдіретін
Бар ана ту?ан елді? г?лі дер ем
Анажан ?ай?ы? болса к??іренем
Таусылмас тау суындай а?ылы? бар
Сен барда мені? ?р бір к?нім ?ле?
5-о?ушы: /Алина /Д?ниені? е? ?ымбат ана екен,
Ананы? е? тіттісі бала екен.
Т?н ?й?ысын т?рт б?ліп т?рбиелеген,
Ананы? орыны б?лек дара екен
Бала?а ана е?бегі парыз деймін.
Е?бегін ?теу бізге ?арыз деймін
Меккеге апарса да ?телмеген,
?рпа??а б?л ?сиет а?ыз деймін.
Ана мерекесі ??тты болсын.
6-о?ушы: / Аслан/ Ана деген-адамзатты? панасы
Ана деген-с?билерді? панасы.
Ана деген-жары? ж?лдыз, шыра?ы?.
Ана деген-?айнар ысты? б?ла?ы?
Ана деген-?мірдегі ?ам?оры?,
Ана деген- с?йенері?, жан ??рбы?.
7-о?ушы: /Н?рболат/
8-о?ушы:/Елн?р/
9-о?ушы: /Шерхан/ Ана
Ж?ргізуші: К?нні? н?ры, шуа?ы барлы?ы ананы? ж?регінен н?р ал?ан сия?ты. ?ай ?айсымыз болмасын, ?айда ж?рсек те ж?регіміз ананы? аяулы ала?анын а?сап т?рады. Сонды?тан б?рімізде ананы? алдында ?арыздармыз, ананы? махаббатына алдында бас иеміз.
Ару -Ана ?мірді? асылдары,
Жайнасын к??ілімні? жасыл ба?ы.
Сендер ?шін ?н мен жыр шыр?алуда,
Сендер ?шін мереке шашулары
Би: «?аза? биі» ?ыздар тобы.
Ж?ргізуші: Ана деген – бастауы ?лылы?ты?
Ана деген - р?мізі с?лулы?ты?
Ана деген - бір жыр бар шыр?алатын
Ас?а?татар биікке ?рпа? атын
Олай болса Елн?рды ?арсы алайы?
Дауысына с?йсініп тамсанайы?
Ерке ?лды? талантына т?нті болып,
Уа, халайы?, ж?мыла ?ол со?айы?!
?н: «Кешір ана» То?анов Елн?р
К?рініс: Пенсия кімге б?йырады?
Ж?ргізуші: ?ркімні? де ?мірден аласы бар,
Аласы бар адамны? анасы бар.
Мерекесін ??тты?тап аналарды?,
?нерлерін жолдайтын баласы бар.
Би: «Роли-поли» ?ыздар тобы
Пародия: «Алло» М??алім мен ата-ананы? сырласуы
Би: «?лдар биі» ?лдар тобы.
Ойын: Аналармен:
??тты болсын арда?ты анам,
Асыл анам мереке?,
??тты болсын те?дік ал?ан
?уанышты мереке? дей отырып енді аналарды орта?а ша?ырамыз.
Біз сіздермен ойын ойнаса?. Ойын «?з баласын иіскеп табу» /к?здері байлан?ан аналар, ?стамай тек иіскеп ?з балаларын табу керек/
Екінші ойын: К?рсетілген сызы??а кім жылдам барады. Ол ?шін жылдам - жылдам баласын еркелеткенде айтатын с?здерді айтып бару керек/
Ж?ргізуші: Ананы? берген та?ылымына еш?андай ба?-д?улет те, хан ?а?ар да, батырды? айбары да те?есе алмайды. Осындай ананы ??діретті ?лылар ?алай суреттеген екен?
«Ана ?лыларды? к?зімен»
О. Бальзак: Адамдар-?р?ашан да ?з аналарыны? перзенттері. Ана болмаса а?ын да, батыр да болмайды.
В.Белинский: Ана ?з баласын жанымен де ?анымен де с?йеді.
Н.Пирогов: ?йелдер адамды жас кезінен баулиды. ?мірді? іргетасы соларды? ?олында ?аланады.
Дулат Бабатай?лы: Ата-ананы? а?ылы-салулы ?ара жолмен те?.
Абай: ?йел с?лу болмайды к?ркіменен, мінезіне к?з жетпей к??іл б?лме.
К.Д. Ушинский: ?йелді? ?з перзентін ?йреніп, ?сіруге ?мтылуы ?анында бар ж?не онда м?нымен бірге осы?ан сай ?абілет бар.
В.А. Сухомлинский: ?йел затыны? ерлігі мен ?ажырлы?ы ер азамат?а бекзатты?, с?лулы?, а?-ниеттілік, адамды? ?асиеттерін бітіретініне мен мы? сан м?рте к?з жеткіздім.
В.ГЮго: Н?зіктік атаулыны? жиынты?ы-ананы? ала?аны, сонды?тан да ол с?би ?шін е? жылы ?я.
М??алім: - Осы балалары?ызды? т?тті тілдерімен айтыл?ан ?ле? жырларынан кейін ата - аналар сіздерді бір серпілтіп ойын ойнаса? дегім келіп т?р. Ойын жарыс т?рінде ?теді. Орталары?ыздан ?ш - ?ш анадан орта?а шы?ып сайыс?а т?седі. Ойын: «?а?азбен орау»
Шарты: орта?а 3 ана мен 3 о?ушы ша?ырылады, анасы баласын ?а?аз біткенге шейін тез орау керек.
Аяужан : Б?бегі?ні? сыйлы?ын,
?абыл алшы анашым
?за? ?мір ж?з жасап,
Ауырмашы анашым
Б?рімізді? де анамыз бар, ?жеміз, ?пкеміз бар, ?арындастарымыз бар. Жылына бір рет келетін осы аналар мейрамында аналарымыз?а ?андай сыйлы? жасаса? та жарасымды. ?йткені, бізді ?мірге алып келген, бізге ?лемні? жары?ын сыйла?ан - анамыз емес пе?
М??алім: Олай болса, ?р о?ушыны? ?зі дайында?ан аналарына сыйлы?тары бар екен. Соны табыс етсін.
М??алім: Мерекені ?арсы алып,
М?з бол?анда барша ж?рт,
Г?л ?сынып ?ыздар?а,
Сыйлы? бердім мен ?зім - дей отырып ?ыздар?а арнал?ан сыйлы?ымызды табыс етуге р??сат еті?іздер. (?лдар ?ыздар?а сыйлы?тарын табыс етеді)
Ж?ргізуші: Аналар мерекесінде барлы? аналар?а ??рмет к?рсетіп, та?зым ете отырып, кешімізді ая?таймыз
Бір ?зі?нен бастап ?мір жолдарын,
Ж?регі?е, ж?регімді жал?адым.
?зі? мына сый?а берген ?мірде
А? с?ті?ді а?тап ?ту - арманым.
Барша ана, ??тты болсын мереке?із
?р?ашанда ана сізбен берекеміз.
А?таса? а? с?ті?ді, асыл анам.
Сонда біз кісілікке те?есеміз.
??рметті ?она?тар, бізді? «Ана - тіршілік тірегі» атты мерекелік кешімізді к??іл ?ойып тамашала?андары?ыз?а к?п - к?п рахмет.
Та? шуа? т?уелсіздік елімізде,
Ба?- д?улет шал?и берсін жерімізде.
Аман-сау болайы?шы к?ріскенше
К?к байра?, желбірей т?с к?гімізде!
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Сынып са?атыны? та?ырыбы: "Ана-?мірді? шуа?ы"»
Тәрбие сағат тақырыбы: Ана - өмірдің шуағы
Тәрбие сағат мақсаты: 1. 8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесін атап өту.
2. Анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету.
3. Оқушы бойында ізгілік, инабатгылық,биязылық сияқты қазақ қызына тән жақсы қасиеттерді қалыптастыруға тәрбиелеу.
Тәрбие сағат көрнекілігі: 3ал мерекеге сай әсем безендірілген. Шарлар, слайд.
Жүргізуші: Сәлеметсіздерме, құрметті аналар, ұстаздар, қыздар сіздерді келе жатқан 8-наурыз халықаралық әйелдер күнімен қуттықтаймын, сіздерге зор денсаулық, мол бақыт зор денсаулық тілеймін.
Өмірдің көркі - көктем айы мейірім шуағын төгіп, қуанышын қоса ала келді. Бұл айда бар адамзат баласы бас иер үш әріптен тұратын ұлы есім аналарымыздың дәстүрлі мерекесі 8-наурыз күніне белгіленген. Бұл күні төрткүл дүниенің жан иесі, аса қадірлі аналар мен қыз-келіншектерге ерекше құрмет көрсетіліп шын ықылас танытып, сыйлықтар жасап жатады. Тарих парағын парақтасақ, осы күнде әйелдер қауымы өз қүқықтарын қорғап, бас көтерген деседі. Бертін келе бұл күнді халықаралық әйелдер күні болып белгіленген екен.
- Құрметті аяулы, ардақты аналар. Өміріміздің гүлі, қуанышы - сіздерсіздер. Бар әлемге шуақ мейірім төккен көктем айы сіздер үшін аса қымбат. Әйелдер шаңырақ ұйытқысы, ырыс-берекесі, алтын діңгегі. Сонау, заманнан ерлерімізге тірек болып, жігер берген аналарымыз қаңшама. Бүгінде ел экономикасына етене араласып, саяси күшті ықпал жасап отырған - осы бір нәзік жанды әйелдер қауымы.
Арулар - асыл жандар, ардақтылар,
Өмірдің жылуы боп қалмақ бұлар.
Арулар – тіршілікке күретамыр,
Өмірді бір-біріне жалғап түрар - деп, өлеңіне арқау еткен Мүқағали ақын аналарымызды тіршіліктің, күретамыры деп бекер айтпаса керек. Олай болса, бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербеген аналарымыздың мерекесі қүтты болсын демекпіз.
Сондықтан құрметті асыл аналар бүгінгі «Ана- өмірдің шуағы» атты тәрбие сағатымыз сіздердің құрметтеріңізге арналады.
1-оқушы: /Алина/ Қош келіпсіз, құрметті ата-аналар,
Жүргізуші: Көктем келер гүлін алып, жазда келер жырын алып – деп ән мәтінінде айтылатындай, нұрлы шуағы мол наурыз айы туып, ардақты аналар мен ару қыздарымыздың төл мейрамы 8 – наурыз мерекесі келіп жетті. Сіздер ер – азаматтардың қолқанаты, тірегі мен жүрегі болып табыласыздар. Аналарымыздың, қыздарымыздың көңілдері көктемнің шуақты күніндей мейірім – шапағатқа бөлене берсін. Әлемнің жарығын сыйлаған аналардың мерекелері құтты болсын. Айналдым «ана» деген асыл аттан Шуағын бар әлемге шашыратқан Ойнап жүрген құлынын даладағы Үйде отырып даусынан ажыратқан
«Ана құдірет»
1-оқушы: / Санжар/ Алғашқы көктем мерекесі Жер бетіне өмір сыйлаушы нәзік, ақылды, сымбатты, мейірімді жандарға арналғаны қандай тамаша мереке! Әлемдегі ең асыл жан ол – Ана десек, жүрегімізде сүйікті жанға деген махаббат сезімі оянады. Ана бұл аяулы да мейірімді жан. Баланың тілі шыққаннан – ақ бірінші сөзін ана деп айтады. Өмірдің есігін ашқаннан соң осы өмірдегі өзіңнің жан анаңды көресің. Осы бір «АНА» деген үш әріптің аясында адамзат баласын қуаныш сыйлар қаншалықты қасиет бар десеңші
2-оқушы: /Аяужан/ Ана, Ана, Ана... Осы сөздің өзі адамға қандай күш береді! Дүниеде ананың мейіріміне, аялы алақанына не жетеді?! Дүниеге келіп, көзіңді ашып көретінің-Ана. Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай бауырына басып, біз үшін жан ұшыра шырылдайтын да –Ана! Тек жақсылық тілейтін де-Ана.
3-оқушы: /Қанат/ Ия, үйдегі алтын қазық-Ана. Ана ақылды болса, бала дана болады. Ананың мейрімі көзінде, ықыласы көңілінде, ақылы сөзінде. Ана-бар мұратын отбасының игілігіне байлаған әлемдегі ізгі адам.
Ана-барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш. Ана-бар тілегін перзетінің жолына арнаған әлемдегі ең мейірбан адам.
4-оқушы: Ана-барлығын жеңетін тіршіліктің бұлағы. Ана-адамзат мекен ететін жер шарының әр түкпірінде, әр үйінде мейір мен мерейдің, достық пен туыстықтың туын тіккен адам.
5-оқушы: хадис
Жүргізуші:
Би: Вальс
Ән: «Қазақ қыздары » Уатаев Нұрболат
Жүргізуші: Олай болса, аяулы аналарымызға арнап жыр шашуымызды арнайык.
1-оқушы: Аяужан.
2-оқушы: / Санжар/ Ана дейміз бәрімізде анқылдап,
Ана дейді жас сәби де жарқылдап
Ана деген бәйтерегі өмірдің
Ана-деген алтын қазық, алтын бақ.
Ана деген асыл жандар бұлақтай
О, адамдар қадірлей біл ананы
Жат қылыққа ақыл-ойды тонатпай
3-оқушы: /Еркеназ/ Ана десем сезім білер тым ыстық,
Жарасымды адамдарға туыстық
Бар адамға берсе ананың мейірін
Орнар еді бар әлемге тыныштық.
Ана десем, алғыс алас халқымнан,
Ана десем,теңіз болам шалқыған
Ана десем, ашылады қабағым
Ана десем, әділдікті ұғамын
Айналайын Анашым
Әлпештеген мамашым
Еміп өскен баламыз
Маматайдын мамасын.
4-оқушы: /Қанат/ Өзіңсің сүйікті ана, құдіретім
Жанымды жадыратып күлдіретін
Сендегі маған деген махаббатты
Нұр толы қос жанарың білдіретін
Бар ана туған елдің гүлі дер ем
Анажан қайғың болса күңіренем
Таусылмас тау суындай ақылың бар
Сен барда менің әр бір күнім өлең
5-оқушы: /Алина /Дүниенің ең қымбат ана екен,
Ананың ең тіттісі бала екен.
Түн ұйқысын төрт бөліп тәрбиелеген,
Ананың орыны бөлек дара екен
Балаға ана еңбегі парыз деймін.
Еңбегін өтеу бізге қарыз деймін
Меккеге апарса да өтелмеген,
Ұрпаққа бұл өсиет аңыз деймін.
Ана мерекесі құтты болсын.
6-оқушы: / Аслан/ Ана деген-адамзаттың панасы
Ана деген-сәбилердің панасы.
Ана деген-жарық жұлдыз, шырағың.
Ана деген-қайнар ыстық бұлағың
Ана деген-өмірдегі қамқорың,
Ана деген- сүйенерің, жан құрбың.
7-оқушы: /Нұрболат/
8-оқушы:/Елнұр/
9-оқушы: /Шерхан/ Ана
Жүргізуші: Күннің нұры, шуағы барлығы ананың жүрегінен нәр алған сияқты. Қай қайсымыз болмасын, қайда жүрсек те жүрегіміз ананың аяулы алақанын аңсап тұрады. Сондықтан бәрімізде ананың алдында қарыздармыз, ананың махаббатына алдында бас иеміз.
Ару -Ана өмірдің асылдары, Жайнасын көңілімнің жасыл бағы. Сендер үшін ән мен жыр шырқалуда, Сендер үшін мереке шашулары
Би: «Қазақ биі» Қыздар тобы.
Жүргізуші: Ана деген – бастауы ұлылықтың Ана деген - рәмізі сұлулықтың Ана деген - бір жыр бар шырқалатын Асқақтатар биікке ұрпақ атын Олай болса Елнұрды қарсы алайық Дауысына сүйсініп тамсанайық Ерке ұлдың талантына тәнті болып, Уа, халайық, жұмыла қол соғайық!
Ән: «Кешір ана» Тоқанов Елнұр
Көрініс: Пенсия кімге бұйырады?
Жүргізуші: Әркімнің де өмірден аласы бар, Аласы бар адамның анасы бар. Мерекесін құттықтап аналардың, Өнерлерін жолдайтын баласы бар.
Би: «Роли-поли» қыздар тобы
Пародия: «Алло» Мұғалім мен ата-ананың сырласуы
Би: «Ұлдар биі» Ұлдар тобы.
Ойын: Аналармен:
Құтты болсын ардақты анам, Асыл анам мерекең, Құтты болсын теңдік алған Қуанышты мерекең дей отырып енді аналарды ортаға шақырамыз. Біз сіздермен ойын ойнасақ. Ойын «Өз баласын иіскеп табу» /көздері байланған аналар, ұстамай тек иіскеп өз балаларын табу керек/ Екінші ойын: Көрсетілген сызыққа кім жылдам барады. Ол үшін жылдам - жылдам баласын еркелеткенде айтатын сөздерді айтып бару керек/
Жүргізуші: Ананың берген тағылымына ешқандай бақ-дәулет те, хан қаһар да, батырдың айбары да теңесе алмайды. Осындай ананы құдіретті ұлылар қалай суреттеген екен?
«Ана ұлылардың көзімен»
О. Бальзак: Адамдар-әрқашан да өз аналарының перзенттері. Ана болмаса ақын да, батыр да болмайды.
В.Белинский: Ана өз баласын жанымен де қанымен де сүйеді.
Н.Пирогов: Әйелдер адамды жас кезінен баулиды. Өмірдің іргетасы солардығ қолында қаланады.
Дулат Бабатайұлы: Ата-ананың ақылы-салулы қара жолмен тең.
Абай: Әйел сұлу болмайды көркіменен, мінезіне көз жетпей көңіл бөлме.
К.Д. Ушинский: Әйелдің өз перзентін үйреніп, өсіруге ұмтылуы қанында бар және онда мұнымен бірге осыған сай қабілет бар.
В.А. Сухомлинский: Әйел затының ерлігі мен қажырлығы ер азаматқа бекзаттық, сұлулық, ақ-ниеттілік, адамдық қасиеттерін бітіретініне мен мың сан мәрте көз жеткіздім.
В.ГЮго: Нәзіктік атаулының жиынтығы-ананың алақаны, сондықтан да ол сәби үшін ең жылы ұя.
Мұғалім: - Осы балаларыңыздың тәтті тілдерімен айтылған өлең жырларынан кейін ата - аналар сіздерді бір серпілтіп ойын ойнасақ дегім келіп тұр. Ойын жарыс түрінде өтеді. Орталарыңыздан үш - үш анадан ортаға шығып сайысқа түседі. Ойын: «Қағазбен орау»
Шарты: ортаға 3 ана мен 3 оқушы шақырылады, анасы баласын қағаз біткенге шейін тез орау керек.
Аяужан : Бөбегіңнің сыйлығын,
қабыл алшы анашым
Ұзақ өмір жүз жасап,
Ауырмашы анашым
Бәріміздің де анамыз бар, әжеміз, әпкеміз бар, қарындастарымыз бар. Жылына бір рет келетін осы аналар мейрамында аналарымызға қандай сыйлық жасасақ та жарасымды. Өйткені, бізді өмірге алып келген, бізге әлемнің жарығын сыйлаған - анамыз емес пе?
Мұғалім: Олай болса, әр оқушының өзі дайындаған аналарына сыйлықтары бар екен. Соны табыс етсін.
Мұғалім: Мерекені қарсы алып,
Мәз болғанда барша жұрт,
Гүл ұсынып қыздарға,
Сыйлық бердім мен өзім - дей отырып қыздарға арналған сыйлығымызды табыс етуге рұқсат етіңіздер. (Ұлдар қыздарға сыйлықтарын табыс етеді)
Жүргізуші: Аналар мерекесінде барлық аналарға құрмет көрсетіп, тағзым ете отырып, кешімізді аяқтаймыз
Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын, Жүрегіңе, жүрегімді жалғадым. Өзің мына сыйға берген өмірде Ақ сүтіңді ақтап өту - арманым. Барша ана, құтты болсын мерекеңіз Әрқашанда ана сізбен берекеміз. Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам. Сонда біз кісілікке теңесеміз. Құрметті қонақтар, біздің «Ана - тіршілік тірегі» атты мерекелік кешімізді көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп - көп рахмет.