Сар?айса да тарихты? а? пара?ы, ?лы Же?іс м??гі есте са?талады
Сар?айса да тарихты? а? пара?ы, ?лы Же?іс м??гі есте са?талады
Та?ырыбы:Сар?айса да тарихты? а? пара?ы, ?лы же?іс м??гі есте са?талады
Ма?саты: С?рапыл жылдарды? отты к?ндерін еске т?сіріп,со?ысты? тек ?ана азап пен ?ант?гіс екенін к?рсету. ?лы Отан со?ысы жылдарында?ы ?аза?станды?тарды? Отан ?ор?ауын, ерлік істерін о?ушы бойына сі?іру. Патриотты? сезімдерін шы?дау, Отанды с?юге баулу.
- «Со?ыс» деген с?зді естігенде адамзат баласыны? ж?регі дір ете ?алады. Неге? ?йткені со??ы 5 мы? жыл ішінде 15. 583 со?ыс /ірісі мен ?са?ы/ ?ткен екен. 4 млрд. адам ?аза тап?ан. Осы 5 мы? жыл ішінде тек 295 жыл ?ана со?ыссыз тыныш ?ткен екен. Осынау жой?ын со?ыстарды? ішіндегі е? ірісі – 72 мемлекет ?атыс?ан Екінші д?ниеж?зілік со?ыс. 110 миллион адам ?олына ?ару алып ?анды шай?ас?а кірген. Со?ыс – адам баласы ?шін е? ?рейлі, е? ?ор?ынышты с?з. ?йткені, со?ыс атаулы адамзатты ?ырып-жою?а ба?ыштал?ан. Адам адам бол?алы осылай. Талай рет ?стемдік, байлы? ?шін адам ?аны суша а??ан. Ары?а бармай-а?, 50 миллионнан астам ?мірді жалма?ан со??ы со?ысты алайы?. Кімге ?ажет болып, не ма?сатты к?здеп еді сол со?ыс? Та? алдында, т?тті ?й?ыда жат?ан Отанымызды? шекарасынан ?рланып ?ткен жау о?ымен адам баласыны? тарихында болма?ан бір ?аламат со?ыс басталды. Сол к?ні жау т?тті ?й?ы?ды ?ана б?з?ан жо?. З?лым жау бейбіт ?мірге б?лік ?келді. Ана баласымен ?оштасты. ?ырда ?ойшы ?ойын тастады, ?олында?ы тая?ын винтовка?а айырбастады. Ойда диханшы трактордан т?сіп, танкіге отырды. Ол кезде б?кіл ел солдат болды. Сол жылдарды? бозбала, бойжеткендері а?ын болуды, инженер болуды, о?ымысты болуды арманда?ан еді.
Біра? б?л со?ыс Фашистік Германияны? тізе б?гуімен ая?талды. Сол с?м со?ыс ?зімен бірге 10 миллионнан астам немісті? ?мірін алып кетті. Оны же?ген Ке?естер Ода?ы 27 миллион адамны? ?мірін берді. Талай ?асырлар бойы жасал?ан материалды? ж?не м?дени ?азынаны ??ртты. Міне, со?ысты? ?келген ?асіреті. Сонды?тан адамзат?а ?р?ашан со?ысты то?тататын же?іс керек. Осыдан 70 жыл б?рын?ы Же?іс сонысымен ?ымбат. 1418 к?н мен т?н толарса?тан ?ан кешіп, кейінгі ?рпа??а тынышты? ?келгені ?шін ?асиетті. ?рине, же?іс ?здігінен келген жо?. Оны елі, жері ?шін от?а т?скен ерлер ерлігі жеткізді. ?аза?станнан 1941-1945 жылдарда?ы ?анды ?ыр?ын?а 1. 5 млн. миллион ?л мен ?ыз аттаныпты. Б?рі де жан?иярлы?пен со?ысты. 500-ден астамы елге Батыр атанып, а?ыз?а айнала оралды. Содан бері зымырап 70 жыл ?те шы?ты.
К?рініс: «Со?ыс ?асіреті»
Немересі:
Б?гін менен ба?ытты жан жо?. Жа?а ?мірді? баспалда?ын д?рігер боп баста?ым келеді.
?жесі:
Талабы?а н?р жаусын, арманы?а жет, балам! (ма?дайынан с?йіп, ?асына отыр?ызады, ?кесі жымиып, салма?ты киіпте пыша?ын ?айрап отыра береді, келіні ыдыс алып, келе жатып, радиода?ы хабарды ты?дап т?рып ?алады).
Радио: Ты?да?ыздар! Ты?да?ыздар! Сойлеп т?р?ан Москва. Б?гін, та?ерте?гі са?ат 4-те Неміс фашисттері Германия мен Совет Ода?ыны? арасында?ы шабуыл жасамау туралы шартты опасызды?ты б?зып, бізді? елімізді? территориясына басып кірді.
РРТ таныстырылымы - Сар?айса да тарихты? а? пара?ы,
?лы Же?іс м??гі есте са?талады.
?аза? арасында осы со?ыста ерекше ?а?арманды? таныт?ан батырды? бірі ?рі бірегейі – Бауыржан Момыш?лы. Бауыржан Момыш?лыны?, Рейхстаг?а ту тіккен Ра?ымжан ?ош?арбаев есімдері со?ыс тарихынан м??гілік орын алады.
Просмотр содержимого документа
«Сар?айса да тарихты? а? пара?ы, ?лы Же?іс м??гі есте са?талады»
Екпетал мектеп – балабақшасы
сарғайса да тарихтың ақ парағы,
Ұлы жеңіс мәңгі есте сақталады
Сыныбы: 6
Сынып жетекшісі: Абдрахманова Г. Ж
2014 – 2015 оқу жылы
Тақырыбы:Сарғайса да тарихтың ақ парағы, Ұлы жеңіс мәңгі есте сақталады
Мақсаты: Сұрапыл жылдардың отты күндерін еске түсіріп,соғыстың тек қана азап пен қантөгіс екенін көрсету. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың Отан қорғауын, ерлік істерін оқушы бойына сіңіру. Патриоттық сезімдерін шыңдау, Отанды сүюге баулу.
Бақыт гүлін терген күн, -деп ақын Қадыр Мырза Әли жырлағандай Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған «Сарғайса да тарихтың ақ парағы, Ұлы Жеңіс мәңгі есте сақталады» атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
- «Соғыс» деген сөзді естігенде адамзат баласының жүрегі дір ете қалады. Неге? Өйткені соңғы 5 мың жыл ішінде 15. 583 соғыс /ірісі мен ұсағы/ өткен екен. 4 млрд. адам қаза тапқан. Осы 5 мың жыл ішінде тек 295 жыл ғана соғыссыз тыныш өткен екен. Осынау жойқын соғыстардың ішіндегі ең ірісі – 72 мемлекет қатысқан Екінші дүниежүзілік соғыс. 110 миллион адам қолына қару алып қанды шайқасқа кірген. Соғыс – адам баласы үшін ең үрейлі, ең қорқынышты сөз. Өйткені, соғыс атаулы адамзатты қырып-жоюға бағышталған. Адам адам болғалы осылай. Талай рет үстемдік, байлық үшін адам қаны суша аққан. Арыға бармай-ақ, 50 миллионнан астам өмірді жалмаған соңғы соғысты алайық. Кімге қажет болып, не мақсатты көздеп еді сол соғыс? Таң алдында, тәтті ұйқыда жатқан Отанымыздың шекарасынан ұрланып өткен жау оғымен адам баласының тарихында болмаған бір ғаламат соғыс басталды. Сол күні жау тәтті ұйқыңды ғана бұзған жоқ. Зұлым жау бейбіт өмірге бүлік әкелді. Ана баласымен қоштасты. Қырда қойшы қойын тастады, қолындағы таяғын винтовкаға айырбастады. Ойда диханшы трактордан түсіп, танкіге отырды. Ол кезде бүкіл ел солдат болды. Сол жылдардың бозбала, бойжеткендері ақын болуды, инженер болуды, оқымысты болуды армандаған еді... Бірақ бұл соғыс Фашистік Германияның тізе бүгуімен аяқталды. Сол сұм соғыс өзімен бірге 10 миллионнан астам немістің өмірін алып кетті. Оны жеңген Кеңестер Одағы 27 миллион адамның өмірін берді. Талай ғасырлар бойы жасалған материалдық және мәдени қазынаны құртты. Міне, соғыстың әкелген қасіреті. Сондықтан адамзатқа әрқашан соғысты тоқтататын жеңіс керек. Осыдан 70 жыл бұрынғы Жеңіс сонысымен қымбат. 1418 күн мен түн толарсақтан қан кешіп, кейінгі ұрпаққа тыныштық әкелгені үшін қасиетті. Әрине, жеңіс өздігінен келген жоқ. Оны елі, жері үшін отқа түскен ерлер ерлігі жеткізді. Қазақстаннан 1941-1945 жылдардағы қанды қырғынға 1. 5 млн. миллион ұл мен қыз аттаныпты. Бәрі де жанқиярлықпен соғысты. 500-ден астамы елге Батыр атанып, аңызға айнала оралды. Содан бері зымырап 70 жыл өте шықты.
Көрініс: «Соғыс қасіреті»
Немересі:
Бүгін менен бақытты жан жоқ. Жаңа өмірдің баспалдағын дәрігер боп бастағым келеді.
Әжесі:
Талабыңа нұр жаусын, арманыңа жет, балам! (маңдайынан сүйіп, қасына отырғызады, әкесі жымиып, салмақты киіпте пышағын қайрап отыра береді, келіні ыдыс алып, келе жатып, радиодағы хабарды тыңдап тұрып қалады).
Радио: Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! Сойлеп тұрған Москва. Бүгін, таңертеңгі сағат 4-те Неміс фашисттері Германия мен Совет Одағының арасындағы шабуыл жасамау туралы шартты опасыздықты бұзып, біздің еліміздің территориясына басып кірді.
Немересі:
- Әже, соғыс, соғыс басталды! (әжесін құшақтап жылайды)
Радио: тыңдаңыздар! Тыңдаңыздыр! Отанымызды жау қапыда басты. Ел үшін, Жер үшін барлық ер азаматтар Отан қорғауға аттаныңыздар.
Немересі:
- Аттан!-деді,
Ол қазір аттанады.
Жауынгердің рөлін атқарады.
Неге бізге үмітсіз тесілесің?
Аттан, әке,
Жолыңнан кешігесін.
Кеудесінде жаны бар пақырларың,
Тауып жейді сенсіз де несібесін. (әкесін келіп құшақтайды)
Әкесі:
-Тыңда балам, тыңда күнім,
Болуға жара қолқанат.
Кәрі анам, сәби інің,
Барлығы саған аманат.
Әжесі:
-Оралсын аман жеріне,
Көріссін туған елімен.
Келін-ау көздей қалтаға
Топырақ салып беріп жібер.
Келін:
Кебін киген өледі,
Кебенек киген келеді.
Үлкен үйден дәм татса,
Кешікпей дейді келеді.
Мұғалім:
Бұлт торлады аспанды,
Қара жер қанға ластанды.
Зеңбірек атып жан-жақтан,
Осылай соғыс басталды.
Ардагерлердің өз аузымен айтқан естеліктерінен үзінді тыңдату
Мұғалім:
Соғыс деген қайдан шықты,
Авторы кім алғашқы?
Есіл адам, есі кетіп,
Оған несін жармасты?!
Бүкіл адам тарихының бетін неге қан басты?
Әсия:
Соғыс деген - аққан соры ақсүйектің,құлдың да,
Соғыс деген – төккен ары ұлдың және қыздың да.
Соғыс деген – Сотқарлардың қолындағы найзасы,
Соғыс деген – соғыс деген - зұлымдықтың айнасы.
Әсел:
Жер жүзінде нұр шашып жеңіс күні,
Жақсы үміттің шырағы жанды міне!
Аспан бетін қаптаған қара тұман,
Серпіліп зұлымдықпен сөнді түні.
Көркем:
Жер бетін қан сасытқан соғыс бітті,
Жер бетінен жамандық мүлде үрікті.
Жеңістің жарқын күнін жыр қыламыз.
Аспандатып жырлаймыз жақсылықты.
Аңсаған:
Жеңіс күні ардагерлер әперген,
Желбіретіп қызыл туды көтерген.
Туған елін жау қолында қалдырмай,
Ерлікпенен ел парызын өтеген.
Әділет:
Он сегізде соғыс атты от кешкен,
Жараланып жас денесін оқ тескен,
Аталарым, ардагерлер, болшы аман,
Зейнетін көр бейнетіңнен мол кешкен.
РРТ таныстырылымы - Сарғайса да тарихтың ақ парағы,
Ұлы Жеңіс мәңгі есте сақталады.
Қазақ арасында осы соғыста ерекше қаһармандық танытқан батырдың бірі әрі бірегейі – Бауыржан Момышұлы. Бауыржан Момышұлының, Рейхстагқа ту тіккен Рақымжан Қошқарбаев есімдері соғыс тарихынан мәңгілік орын алады.
Қадірін білмеппіз ғой тірі кезде,
Деп жылар қайран қазақ мен өлгенде.
Ұрпақ айтар сексен мен жүздігімді,
Тарихтың түкпірінен сөз келгенде, -деп Бауыржан Момышұлының өзінің көріпкелдігімен жазып кеткеніндей кезекті Бақтығалиева Әсияға береміз.
Рақымжан Қошқарбаев – Иманбекова Әсел
Интернет желісінен Б.Момышұлының өз даусымен жазылған «Бұл Жеңіс бізге арзанға түскен жоқ» атты үнтаспа көрсетіледі.
70 жыл- бейбіт көктем таң атқалы,
70 жыл- шуақты күн таратты әнін.
Талай құс содан бері қайта оралды,
Талай бақ әлеміне қайта оранды.
Соғыста өлгендер тек оралмайды,
Тек ұрпақ олар жайлы айтады әнді.
70 жыл- жауыздықтың ажал оғы,
Біздің елдің үстінен ұшпағалы.
Ән:Бейбіт күн тілегі
Оқушылардың бүгінгі сабақтан не түйгенін білу мақсатында сұрақтар қойылады.
- Оқушылар тақтадан не сурет көріп тұрсыздар?
- Күннің бетін бұлт торлаған.
- Сол бұлтты сейілту үшін бұлттың артында жасырынған сұрақтарға жауап берейік.
Ән: «Туған ел»
Әсия:
Елге қауіп төнбесін, Егестен адам өлмесін! Есен – аман болайық, Енді соғыс болмасын! Өртенбесін туған ел! Шайқалмасын асқар бел! Шайқалмасын шалқар көл! Мұғалім: Жасасын Жеңіс! Бақытты елім күле бер! Тәуелсіз болып болашағыңа жүре бер! Болмасын соғыс! Болмасын соғыс! Болмасын! Осы тілекпен барша халайық түрегел!