Преподаватель казахского языка, Куракбаева Сулушаш Сайрановна
Управление образования акимата Костанайской области
ГККП «Казахстанский агротехнический колледж»
?лтты? т?рбиені? негізі бала?а ананы? с?тімен, ана тілімен, бесік жырыны? ?лдиімен беріледі. Т?лімгерлікті? б?ла? к?зі де, т?рбиені? барып ??яр арнасы да мектепке дейінгі мекеме, балаба?шалар екені белгілі.
Тіл-т?рбиені? басты тірегі. Ана тілі ар?ылы баланы хал?ымызды? ойымен, ?лтты? д?ст?рмен, ?дебиетімен, м?дениетімен, тіршілігімен таныстырамыз. ?рі оларды? мейірімді, е?бек с?йгіш, ?жет боп ?суіне халы?ты? педагогиканы? ?айнар к?зімен сусындату жолында ж?мыс істеудеміз.
Заман талабына сай ?л мен ?ызды т?рбиелеу,?рпа? т?рбиелеу-?асиетті де, келелі міндеттерді? бірі. Ата-бабаларымызды? бала т?рбиесіндегі мол т?жірбиесін, бай рухани ?азынасын бала т?рбиесінде ж?йелі т?рде пайдалану-мектепке дейінгі т?рбие мамандарыны? алды??ы ?лкен міндет. Сол себепті хал?ымызды? ?асырлар бойы жина?тал?ан ?рпа? т?рбиесі ж?ніндегі ой-пікір, білім,т?жірбиелер жина?ына с?йене отырып,келер ?рпа?ты е?бекке, ?нер-білім машы?тарын ме?гертуге,отбасы, Отанны? ар-намысын ?ор?ау?а,адамгершілік ?асиеттерге т?рбиелеуді к?здейміз. Ата-баба д?ст?ріне асыл м?ра дегендей, ?лтты? салт-д?ст?рді? т?рбиелік м?ні ?те зор. Ата-аналар отбасында баланы хал?ымызды? салт-д?ст?рімен т?рбиелегенді ?сынамын.
Салт-д?ст?рлер:
1.К?рімдік
2.Бесікке салу
3.С?йінші
4.?она? к?ту
5.Бата беру
Сайыс ар?ылы халы? ауыз ?дебиеті мен салт-д?ст?р туралы блімдерін бай?ау.
Балаларды? ой-?рісін, іс-?имылын дамыту, балаба?шаларда эстетикалы? т?лім-т?рбие беруге ?ойылатын басты талаптарды? бірі болып саналады. Сонды?тан балаларды ?лтты? ?дет-??рып д?ст?рімен таныстыра отырып, с?здік ?орларын байыту,с?йлеу білуге ?йрету. Саба? барысында балалар бесікті жабды?тап,аластаумен, киіз жабды?тарымен танысты. Сахналы? ?ойылым ?ойып, ертегіні р?лге б?ліп о?ыды.
Ана тілін жетік ме?гергенше, хал?ымызды? бай тарихын, ?дет-??рпын, салт-д?ст?рін жетік білу м?мкін емес.
Ата-аналар?а ?аза?ты? с?ндік ?олта?балы ?нері жайында т?сінік беру ма?сатында к?здеген саба?та балалар ?лтты? т?тынатын б?йымдарымен таныстырылып, к?рімдік тал?амдарын дамыту к?зделеді. ?рі ою-?рнек т?рлерін салу?а ?йретеді.
-Балалар б?гін біз халы? шеберлері жаса?ан б?йымдарды ?зіміз жаса?ан к?рмеден к?реміз. М?нда?ы ?рбір б?йымды жасау ?шін шеберлер ?аншама тер т?гіп, е?бек етті. «Талабы бар е?бекке бас ?рады» деген ма?ал тегін айтылма?ан. Сендерден де болаша?та осындай шеберлер шы?уы м?мкін. Зейін салып ?ара?даршы, ?андай ?сем б?ымдар! Хал?ымыз к?шіп-?онып ж?ріп ?лтты? ?нерді ?міріне серік еткен. Серік етіп ?ана ?оймай, оны ?рпа?тан-?рпа??а м?ра етіп ?алдыр?ан. «?нерліні? ?нерін ?йрен, жаман мінезден жирен» деген халы?, сендер асыл м?раларды жал?астырушысы?дар.
Просмотр содержимого документа
««?ла?ат – ?лтты? т?рбиеде» »
Ата-аналарға арналған кеңестер: «Ұлағат – ұлттық тәрбиеде»
Преподаватель казахского языка, Куракбаева Сулушаш Сайрановна
Управление образования акимата Костанайской области
ГККП «Казахстанский агротехнический колледж»
Ұлттық тәрбиенің негізі балаға ананың сүтімен, ана тілімен, бесік жырының әлдиімен беріледі. Тәлімгерліктің бұлақ көзі де, тәрбиенің барып құяр арнасы да мектепке дейінгі мекеме, балабақшалар екені белгілі.
Тіл-тәрбиенің басты тірегі. Ана тілі арқылы баланы халқымыздың ойымен, ұлттық дәстүрмен, әдебиетімен, мәдениетімен, тіршілігімен таныстырамыз. Әрі олардың мейірімді, еңбек сүйгіш, өжет боп өсуіне халықтық педагогиканың қайнар көзімен сусындату жолында жұмыс істеудеміз.
Заман талабына сай ұл мен қызды тәрбиелеу,ұрпақ тәрбиелеу-қасиетті де, келелі міндеттердің бірі. Ата-бабаларымыздың бала тәрбиесіндегі мол тәжірбиесін, бай рухани қазынасын бала тәрбиесінде жүйелі түрде пайдалану-мектепке дейінгі тәрбие мамандарының алдыңғы үлкен міндет. Сол себепті халқымыздың ғасырлар бойы жинақталған ұрпақ тәрбиесі жөніндегі ой-пікір, білім,тәжірбиелер жинағына сүйене отырып,келер ұрпақты еңбекке, өнер-білім машықтарын меңгертуге,отбасы, Отанның ар-намысын қорғауға,адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеуді көздейміз. Ата-баба дәстүріне асыл мұра дегендей, ұлттық салт-дәстүрдің тәрбиелік мәні өте зор. Ата-аналар отбасында баланы халқымыздың салт-дәстүрімен тәрбиелегенді ұсынамын.
Салт-дәстүрлер:
1.Көрімдік
2.Бесікке салу
3.Сүйінші
4.Қонақ күту
5.Бата беру
Сайыс арқылы халық ауыз әдебиеті мен салт-дәстүр туралы блімдерін байқау.
1.Ән-би
2.Қол өнерден танымын анықтау
3.Күрес арқылы күштілік, ептілікке, ал асық арқылы мергендік, татулыққа, ізгілікке тәрбиелеуге болады. Асық ойыны балалардың денесін шынықтырып қана қоймай, олардың санау дағдыларын қалыптастырады.
Балалардың ой-өрісін, іс-қимылын дамыту, балабақшаларда эстетикалық тәлім-тәрбие беруге қойылатын басты талаптардың бірі болып саналады. Сондықтан балаларды ұлттық әдет-ғұрып дәстүрімен таныстыра отырып, сөздік қорларын байыту,сөйлеу білуге үйрету. Сабақ барысында балалар бесікті жабдықтап,аластаумен, киіз жабдықтарымен танысты. Сахналық қойылым қойып, ертегіні рөлге бөліп оқыды.
Ана тілін жетік меңгергенше, халқымыздың бай тарихын, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін жетік білу мүмкін емес.
Салт дәстүр:
1.Бесік той
2.Тұсау кесу
3.Сүндет той
4.Тіл ашар
5.Танапбау
Әдет- ғұрып
1.Ою-өрнек жасау
2.Үй жиһаздары
3.Тұрмыстық заттар мүсіндеу
4. Ұлттық бұйымдар еңбек
5.Құрақ құрау құрастыру
Өнеге отбасынан «Дидарласу» отауы Ата-аналар кеңесі
1.Әжелер мектебі
2.Жас өнерлі бала
3.Пікір талас
Күй сандық отауы
1.Бесік жырлары
2.Халық әндері
3.Ұлттық ойындар
4.Шешендік өнер
5.Жаңылтпаштар
6.Жұмбақтар
7.Ертегіні сюжеттеу
8.Мақал-мәтелдер
9. Даналақ сөздер
10.Айтыс
Ата-аналарға қазақтың сәндік қолтаңбалы өнері жайында түсінік беру мақсатында көздеген сабақта балалар ұлттық тұтынатын бұйымдарымен таныстырылып, көрімдік талғамдарын дамыту көзделеді. Әрі ою-өрнек түрлерін салуға үйретеді.
-Балалар бүгін біз халық шеберлері жасаған бұйымдарды өзіміз жасаған көрмеден көреміз. Мұндағы әрбір бұйымды жасау үшін шеберлер қаншама тер төгіп, еңбек етті. «Талабы бар еңбекке бас ұрады» деген мақал тегін айтылмаған. Сендерден де болашақта осындай шеберлер шығуы мүмкін. Зейін салып қараңдаршы, қандай әсем бұымдар! Халқымыз көшіп-қонып жүріп ұлттық өнерді өміріне серік еткен. Серік етіп қана қоймай, оны ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп қалдырған. «Өнерлінің өнерін үйрен, жаман мінезден жирен» деген халық, сендер асыл мұраларды жалғастырушысыңдар.
-Мынау қазақ халқының көне заманнан келе жатқан үй жиһаздары: сандық,текемет,аяққап,қоржын. Ыдыс – аяқтары; қыш ыдыстар, ағаш тостаған, қасық, ожау,келі-келсап, қазан, торсық т.б.
Бұдан кейін зергерлік бұйымдар жайында әңгімеленеді. Шеберлер түрлі бұйымдарда ұлттық ою-өрнек түрлерін пайдаланған.
«Сиқырлы сандық» дидактикалық ойыны ойналады.
Шарты: оюлардың атын сұрау. Мысалы: мына оюлар қалай аталады?
Ата-аналар адамгершілік тәрбиесін жетік білетін ұстаз халық педагогикасының ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрлерін,әдет-ғұрыптарын жан-жақты терең білумен қатар,өркениетті өмірмен байланыстыра отырып, білім берудің барлық кезеңдерінде пайдаланғаны дұрыс.
Халқымыздың тәлім-тәрбиелік мұрасына үңілсек,ол адамгершілікті қайырымдылықты,мейірбандықты дәріптейді. Ата-бабаларымыз баланы бесігінен жақсы әдеттерге баулыған. «Үлкенді сыйла», «Үлкенге сәлем бер», «Жолын кесіп өтпе»-деген ұлағатты сөздері өте зор. Адамгершілігі,ұяты бар адамның бет-бейнесі иман жүзді,жарқын,биязы,өзі парасатты болады. Ондай адамды халық «Иман жүзді кісі» деп құрметтеп,сыйлаған. Балаларымызды имандылыққа тәрбиелеу үшін олардың ар-ұятын, намысын оятып, мейірімділік, қайырымдылық,кішіпейілділік, қамқорлық, адалдық, ізеттілік сияқты қасиеттерді бойына сіңіру қажет.