Просмотр содержимого документа
«Кілтке та?атын салпынша? ?шекей жасау »
Сабақтың тақырыбы : Кілтке тағатын әшекей салпыншақ жасау
Сабақтың мақсаты:
1) қазақ халқының сәндік қолданбалы өнері жайлы жалпы мағлұматтар беру, олардың түрлерімен таныстыру.
2) оқушыларға ұлттық бұйымдардың адам өміріндегі маңызын айту, олардың қабілеттерін ғылыми негізде дамыту. 3) оқушыларды ұлттық салт-дәстүрге, отансүйгіштікке ұлттық өнер ерекшеліктерін сезінуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: кілтке тағатын салпыншақтың жасалу жолдары көрсетілгенплакат, суреттер.
Керекті құрал – жабдықтар: әртүрлі былғарылар, қағаз,қарындаш,біз түрлері,
Түрі: аралас сабақ
Әдіс – тәсілдер: түсіндірмелі – мысалды әдіс,тыңдап бақылау тәсілдері, оқушының жеке жұмыс тәсілі
Пәнаралық байланыс: геометрия,сызу,бейнелеу
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
2.Жаңа сабақ:
жаңа сабақ тақырыбымен таныстыру,сабақ мақсатының қойылуы
оқушының алдына проблема қою.
3.Жаңа материалды түсіндіру.
- Балалар,өткен тарихымызды білмей,бүгінгі күннің қадіріне жету,болашақты болжай білу мүмкін емес. Ата – бабамыздың жинақтаған рухани байлығының қоры ұшан – теңіз. Қасиетті қазақ даласында талай ұста,зергер,құсбегі,сал – сері, тігіші,өрімші,өтті.
Қазақ халқының өткендегі мәдениетіне үңілсек, күнделікті тұрмыс
қажетін өтейтін қолөнердің жете дамыған түрлі салалары болғандығын
көреміз.
Айталық,киіз басу,киіз үйге қажетті құрал – жабдықтар,ағаштан ойып ыдыс – аяқ жасау,тері илеу,зергерлік өнер,қара темірден тұрмысқа қажетті құралдар жасау қолөнердің тамаша жетістіктері болып табылады.Бұлардың бірсыпырасы қазіргі діәуірімізде де өз маңызын жойған жоқ.
Сәндік қолданбалы өнер деп тек қана тәжірибелік жағынан емес, эстетикалық мәні жағынан да маңызы көркем жасалған өндірістік немесе қолөнер арқылы өмірге келген көркем туындыны айтады. Қазіргі кездегідей бұрынғы өткен заманда да адамдар өз тұрмысын өздері әсемдеуге ұмтылған. Адам өмірінде сәндік қолданбалы өнер шығармалары үлкен орын алады. Қазақ жерінде ХV ғасырда қолөнер қолөнер ұлттық дәстүр тұрғысынан дамыған. Сәндік – қолданбалы өнерге: алаша, тоқыма бұйымдар, ағаштан жасалған бұйымдар, темірден түйілген бұйымдар, барлық адам қолынан шыққан қолөнер бұйымдарын жатқызамыз.
4.Жаңа материалды бекіту.
Ал балалар,бәрің де сарамандық жұмысты бастауға дайын екендіктеріңді көрсеттіңдер.Іске сәт!
Бүгінгі сабағымыз кілтке тағатын әшекей салпыншақ жасау
а. Қағаз бетіне алдымен кілтке тағатын салпыншақтың жалпы суретін салудан бастаймыз.
Дайын үлгі бойынша былғарыдан қажетті қиығын қайшымен кесіп алу керек.
б. Дайын бөліктің жиегін тескіме құралмен өңдейді.
в. Бұйымның бетін әр түрлі әшекей материалдармен өңдеу.
г. Шығыршық тағып ,таспа баумен екі жақ бетін қосып тігеді
Әр оқушының жұмысына назар аударып,көмек көрсету.
5.Қорытындылау:
Балалар әшекей салпыншақты сатып алғаннан гөрі,өзіміз қалауымызша жасап алғанымыз дұрыс па?
6. Бағалау:
Оқушыларды мақтау,мадақтау арқылы бағалау.
Белгілер: сары түс – « 5 »
Қызыл түс – « 4 »
Көк түс – « 3 »
7. Үйге тапсырма: Басқада салпыншақ түрлерін қағазға сызып келу