?лы ж?зді? жігітіне атастырып ?ой?ан Орта ж?зді? бір ?ызы ?з еліні? бір жігітімен ?ашып кетеді.Со?ан байланысты ?лы ж?з жа?ыны? жігіттері Орта ж?зді? ауылдарынан барымталап жыл?ы айдап алады. А?ыры ?лы ж?зді? биі Т?ле мен Орта ж?зді? биі ?азыбек айтысады.
А?а болып алдымен туасы?,
Алдымнан жыл?ымды неге ?уасы? ?- дейді ?аз дауысты ?азыбек би.
Т?ле би ашуланып:
Артымнан ерген еркемсі?,
А?а?ны? к?зі тірісінде
Же?ге?ді неге ертесі? ?
Сонда екі жа?ыны? да с?зін ты?дап отыр?ан ?йтеке би былай депті: Сабыр еті?дер, билер! Ашу бар жерде а?ыл т?рмайды.
Ашу деген а?ын су,
Туыс?ан со? с?з ?уыспау керек.
Алдын ашса? ар?ырар.
С?з ?у?ан п?леге жолы?ады,
А?ыл деген дария,
Жол ?у?ан олжа?а жолы?ады.
Алдын тосса? то?ырар.
Т?ле, сен малын ?айыр!
Кісі біреумен туыспау керек,
?азыбек, сен жесірін ?айыр! –дейді.
?йтекені? т?релігін екі жа?ы да ?абыл алып, ауыс?ан адамын, малдарын бір-біріне ?айтарысып, ел арасы тыныш болыпты-мыс.
«М?рагер» тобына:
Сырымны? айт?аны: Сырым батыр елден сыр?ып, Хиуа ханды?ында ж?рсе, бір той ?стінде ма?тан?ан Хиуа ханы Сырым?а: -?аза?та ас-мас, ат-мат, жігіт-мігіт деген жал?ама с?здер к?п к?рінеді, соларды? м?нісі не ? –деп с?райды. С?ра?ы?ыз?а тойдан кейін жауап берейін, -дейді Сырым батыр. Тойда Сырымны? аты б?йгеден келеді, жолдасы палуан к?ресінде жы?ып б?йге алады. Тойды? ойын-?ызы?ы бітіп, ж?рт тар?ар алдында Сырым ханны? мана?ы с?рауына былай деп жауап ?айырады. Бізде той жаса?анда ж?рт?а ?ой сойып – ??йры?, жыл?ы сойып – ?азы тартады. Сусын?а ?ымыз береді. Соны «ас» дейді. Ал мынадай тастаба??а салып тарт?ан ш?п-шалам мен сусын?а берген шайды «мас» дейді. С?йг?лік жарысында озып келген ж?йрікті «ат» дейді, артында ?ал?ан т??ырды «мат» дейді. Ал?а топты? алдында палуан жарыс?а т?сіп, алып ?р?ан ерді «жігіт» дейді, жер ?ауіп ?ал?ан еркекті «мігіт» дейді. ?аза?ты? «ас-мас», «жігіт-мігіт», «ат-мат» дейтін жал?ас с?здеріні? ма?ынасы осы, хан ием.
?.«Мені? пікірім»
?р топ с?ра?тар суырып, ?з пікірлерін білдіреді.
С?йлеу м?дениеті дегенді ?алай т?сінесі? ?
Класта кім ?алай с?йлейді ?
Мектепте с?йлеу м?дениеті жа?сы ?алыптас?ан о?ушы бар ма ?
Ауылда кімді тілге шешен, жа?сы с?йлейді деп ойлайсы? ?
Сабақтың әдісі: ЖИГСО, мағынаны ашу, топтастыру, 5 жолды өлең
Сабақтың түрі: жарыс сабақ
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі
Үй тапсырмасын тексеру
Жаңа сабақ
Бекіту
Үйге тапсырма
І. Үй тапсырмасын сұрақтар арқылы жаппай тексеру
Қазақ халқының қандай ұлттық мейрамдары бар?
Наурыз мерекесі қашан және қалай тойланады?
Наурыз көже неше түрлі дәмнен дайындалады?
Қорытындылау
ІІ. «Қазақ халқының шешендік сөз өнері» - Сабақтың тақырыбы мен мақсатын, түрін хабарлап, оқушыларды топқа бөлу, әділқазылар сайлап алу.
І топ «Сөз зергері»
ІІ топ «Мұрагер»
Мағынаны ашу
Шешендік сөз дегенді қалай түсінесіздер?
Шешендік сөздерді кімдер айтады деп ойлайсыздар ?
Кіріспе сөз:
Балалар, бүгінгі сабағымыз ерекше сабақ. Сабағымызға қонақтар келіп отыр. Қазақ халқы ежелден қонақжай халық, барын, тәтті-дәмдісін қонағының алдына тосқан. Сендердің де қонаққа деген құрметтерің болсын сабаққа белсене қатысып, білімдеріңізді қысылмай ортаға салыңыздар. Қазақ халқы шешендік сөзді жоғары бағалаған. «Өнер алды – қызыл тіл» деп ұққан ата-бабамыз «от ауыз, орақ тілді» нелер ділмәр шешендердің өсиет сөздерін, табан аузында тақпақтап айтқан ақыл-нақылға толы ақындардың толғау, термелерін әлденеше ғасырлар бойы жадында сақтап, оны ойын-тойда қайталап айтып, ұрпақ тәрбиесінің пәрменді құралы еткен. Асыл сөздің қоғамдағы тәрбиелік мәніне ертеден ерекше назар аударып, «Ақылдың көзі – аталы сөз» деп ұққан ата-бабамыз сөйлей білуді үлкен өнер деп санаған.
Олай болса балаларға кезек берейік.
ІІ. «Аталар сөзі – ұрпаққа аманат»
Әр топ би-шешендердің сөздерінен үзінділер жатқа айтады.
«Мұрагер» тобының жатқа орындағандары;
Балабидің айтқаны :
Екі жақсы дос болса, Жерден ауыр не ?
Біріне-бірі өш болмас... Судан терең не ?
Бақ қонбайтын жігітке, Оттан ыстық не ?
Іздегені дес болмас. Көктен биік не ?
Бұлақсыз сай тасқанмен көл болмас
Жаманның қанша айтқаны ем болмас.
Балабидің жауабы:
Жерден ауыр дегенім –ақыл,білім,
Судан ауыр дегенім –оқу,ғылым
Оттан ыстық дегенім –фәни жалған,адамның өмірі,
Көктен биік дегенім –тәкаппардың көңілі
« Сөз зергері» тобы :
Досбол шешеннен біреу сұрапты : Досболдың жауабы:
Қол бастау қиын ба ? -Қол бастау қиын болмас,
Жол бастау қиын ба ? -Көк найзалы ерің болса.
Сөз бастау қиын ба ? -Жол бастау қиын емес,
-Соңыңа ерген елің болса.
-Бәрінен сө бастау қиын,
-Тауып айтсаң береке қылады
-Таппай айтсаң келеке қылады.
Досбол шешеннен көлдің азғаны неден білінер ?- деп сұрапты.
Азған көлде не сын бар
Балығы кетер тулаған.
Бақасы қалар шулаған,
Қоғадан басқа шөп шықпас,
Мал тұмсығын тықпас.
ІІІ.«Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні»
Әр топ сөз өнері, тіл туралы мақал-мәтелдер айтып жарысады.
ІҮ.«Болмасаң да ұқсап бақ»
Әр топқа би-шешендердің сөздері таратылады, соны рольге бөліп оқиды.
«Сөз зергері» тобына:
Әйтеке бидің айтқаны:
Ұлы жүздің жігітіне атастырып қойған Орта жүздің бір қызы өз елінің бір жігітімен қашып кетеді.Соған байланысты Ұлы жүз жағының жігіттері Орта жүздің ауылдарынан барымталап жылқы айдап алады. Ақыры Ұлы жүздің биі Төле мен Орта жүздің биі Қазыбек айтысады.
Аға болып алдымен туасың,
Алдымнан жылқымды неге қуасың ?- дейді Қаз дауысты Қазыбек би.
Төле би ашуланып:
Артымнан ерген еркемсің,
Ағаңның көзі тірісінде
Жеңгеңді неге ертесің ?
Сонда екі жағының да сөзін тыңдап отырған Әйтеке би былай депті: Сабыр етіңдер, билер! Ашу бар жерде ақыл тұрмайды.
Ашу деген ағын су,
Туысқан соң сөз қуыспау керек.
Алдын ашсаң арқырар.
Сөз қуған пәлеге жолығады,
Ақыл деген дария,
Жол қуған олжаға жолығады.
Алдын тоссаң тоқырар.
Төле, сен малын қайыр!
Кісі біреумен туыспау керек,
Қазыбек, сен жесірін қайыр! –дейді.
Әйтекенің төрелігін екі жағы да қабыл алып, ауысқан адамын, малдарын бір-біріне қайтарысып, ел арасы тыныш болыпты-мыс.
«Мұрагер» тобына:
Сырымның айтқаны: Сырым батыр елден сырғып, Хиуа хандығында жүрсе, бір той үстінде мақтанған Хиуа ханы Сырымға: -Қазақта ас-мас, ат-мат, жігіт-мігіт деген жалғама сөздер көп көрінеді, солардың мәнісі не ? –деп сұрайды. Сұрағыңызға тойдан кейін жауап берейін, -дейді Сырым батыр. Тойда Сырымның аты бәйгеден келеді, жолдасы палуан күресінде жығып бәйге алады. Тойдың ойын-қызығы бітіп, жұрт тарқар алдында Сырым ханның манағы сұрауына былай деп жауап қайырады. Бізде той жасағанда жұртқа қой сойып – құйрық, жылқы сойып – қазы тартады. Сусынға қымыз береді. Соны «ас» дейді. Ал мынадай тастабаққа салып тартқан шөп-шалам мен сусынға берген шайды «мас» дейді. Сәйгүлік жарысында озып келген жүйрікті «ат» дейді, артында қалған тұғырды «мат» дейді. Алқа топтың алдында палуан жарысқа түсіп, алып ұрған ерді «жігіт» дейді, жер қауіп қалған еркекті «мігіт» дейді. Қазақтың «ас-мас», «жігіт-мігіт», «ат-мат» дейтін жалғас сөздерінің мағынасы осы, хан ием.
Ү.«Менің пікірім»
Әр топ сұрақтар суырып, өз пікірлерін білдіреді.
Сөйлеу мәдениеті дегенді қалай түсінесің ?
Класта кім қалай сөйлейді ?
Мектепте сөйлеу мәдениеті жақсы қалыптасқан оқушы бар ма ?
Ауылда кімді тілге шешен, жақсы сөйлейді деп ойлайсың ?
ҮІ.Бес жолды тұжырым
Қандай сөздер ? Шешендік сөздер
Неге жатады ? Сөз өнеріне
Кімдер айтады ? Би-шешендер
Не туралы ? Толғау, өсиет,
нақыл, тұжырым
Кімге аманат ? Ұрпаққа аманат
ҮІІ. Әр топқа кескін карта таратылады, толтырылған соң әділқазыларға тапсырылады.
Не таң қалдырды ?
Неліктен ?
Не білгің келеді?
ҮІІІ. Бекіту
Топтастыру стратегиясы
Әр топқа сызба таратылады, тақырып бойынша сабақтан не білгендерін жазады. Әділқазыларға тапсырады.
ІХ. Қорытындылау Әділқазыларға сөз беру
Сабаққа белсене қатысқан топты, оқушыларды мадақтау, бағалау