3-о?ушы. 1723 жылы ?аннен-?аперсіз елімізге жо??ар ?алма?тары т?т?иылдан шабуыл жасап, ?алы? ж?ртты ?ан жылатты. Д?рліккен ел ?дере к?шіп, д?ние-м?лік, мал, жанына да ?арай алмай босып кетті, тіпті, бесіктегі бала, ?ария кемпір-шалдар?а дейін ж?ртта ?алып ?ой?ан кездері де болды. ?аза? хал?ыны? б?л босуы тарихта «А?табан ш?бырынды, ал?ак?л с?лама» деген атпен ?алды. А?табан ш?бырындыда 1 миллион адам, я?ни сол кездегі халы?ты? 40 пайызы ?ырылды.
4-о?ушы. ?йгілі Т?ле, ?азыбек, ?йтеке билерді? ?йыт?ы болуымен ?анжы?алы Б?генбай, ?аракерей ?абанбай, Шапырашты Наурызбай, Ша?ша??лы Ж?нібек, Баян батыр, К?кжал Бара? секілді к?птеген батырлар ?аза? хал?ын ?аза?ты? ханы – Абылай ханны? а? туыны? астына біріктіріп, жо??ар шап?ыншылы?ынан толы? азат етті.
5-о?ушы. XVIII ?асырда ?аза? ханды?ыны? т?уелсіздігіне ?атер т?ндірген тек ?ана Жо??ар ханды?ы ?ана бол?ан жо?. О?т?стіктен Хиуа, ?о?ан, Б??ар ханды?тары к?з алартса, Батысы мен Солт?стігінде ?алма?тар, баш??рттар, казак орыстар ?немі шап?ыншылы? жасаумен болды.
7-о?ушы. ?аза? хал?ын аман алып ?алу ?шін осындай ?ысылтая? кезде ?біл?айыр баста?ан ?аза? с?лтандары, билері мен бір топ батырлары Ресей империясыны? ??рамына кіре бастады. С?йтіп, ?аза? хал?ы т?уелсіздігінен айырыла бастады.
9-о?ушы. 1870 жылы Ма??ыстау ?аза?тарыны? к?терілісі.
10-о?ушы. 1783-1797 жылдары Сырым Дат?лы бас?ар?ан шаруалар к?терілісі.
11-о?ушы. 1836-1838 жылдары Исатай Тайман?лы мен Махамбет ?теміс?лы бас?ар?ан шаруалар к?терілісі.
12-о?ушы. 1837-1847 жылдары Кенесары ?асым?лы бас?ар?ан ?лт-азатты? к?теріліс.
13-о?ушы. 1916 жылы ?лт-азатты? к?теріліс, 1917 жылы А?пан ж?не ?азан т??керістері болды. Азамат со?ысы жылдарында шаруашылы? к?йзеліске ?шырап, адамдарды? ашаршылы??а душар болуынан 950 мы? ?аза?, я?ни хал?ымызды? 19 пайызы апат болды. 400 мы? ?аза? отбасы елден кетуге м?жб?р болды.
15-о?ушы. 1930-1932 жылдарда?ы ашаршылы?та 2 млн. 100 мы? ?аза? ?ырылды.
16-о?ушы. 1937-1938 жылдарда?ы репрессияда ?аза? хал?ыны? ?аншама аяулы азаматтары, бетке ?стар шамшыра?тары ?у?ын-с?ргінге ?шырап, хал?ым, елім деп ж?ріп «халы? жауы» аталып айыпталды. Сол кезде аба?ты?а жабыл?андарды? саны 105 мы??а жетті. Оларды? 27 мы?нан астамы атылды.
17-о?ушы. 1986 жыл?ы 16 желто?санда та?ерте?гі са?ат 10.00-да бар-жо?ы 18 минут?а созыл?ан ?аза?стан Компартиясыны? пленумында елімізді ширек ?асыр бас?ар?ан Дінм?хамет Ахмет?лы ?онаев орнынан алынып, шеттен келген Геннадий Колбин сайланды. Б?л, ?рине, ?аза? хал?ыны? наразылы?ын ту?ызып, ?йгілі Желто?сан о?и?асын ту?ызды.
19-о?ушы. ?аза? хал?ыны? е? со??ы ?ліп, тірілуі – бізді? хал?ымызды? ?ай?ы-?асіретіне, сонымен бірге ма?танышына айнал?ан 1986 жыл?ы Желто?сан о?и?асы. Осы о?и?а?а ?атысты деген жал?ан жаламен 99 адам сотталды. 264 адам жо?ары о?у орындарынан, 758 адам комсомолдан, 52 адам коммунистік партия ?атарынан шы?арылды, ?р т?рлі жазалар берілді. ?азіргі к?нде 16-17 желто?санда?ы о?и?а?а ?атыс?аны ?шін жазалан?ан азаматтар Президентті? жарлы?ымен а?талды.
22-о?ушы. Желто?сан о?и?асы – ХХ ?асырды? е? ?лы о?и?аларыны? бірі. ?йткені желто?сан о?и?асы тек б?кіл тоталитарлы?-коммунистік ж?йені? к?йреуіні? бастаушысы болып ?ана ?оймай, сондай-а? ол б?рын ба?ынышты болып келген к?птеген елдерге егемендік, т?уелсіздік ?перген зор саяси-?леуметтік ??былыс болды. 1986 жылды? желто?санында?ы ?аза? жастарыны? т?гілген ?анымен б?гінгі т?уелсіздігімізді? т???ыш пара?ы жазыл?ан еді.
23-о?ушы. Т?уелсіздік – бабаларды? ?раны,
Бейуа?ытта бой?а та??ан т?мары.
Т?уелсіздік – т?нектерде т?ншы?ып,
Ыз?ар ?рып, жанбай ?ал?ан шыра?ы.
24-о?ушы. Тура келіп тарихи бір орай?а
Т?уелсіздік т?сті деме о?ай?а.
Бастан ?ткен «Ш?бырынды а?табан»,
Не к?рмеді ?аза? елі соны ойла.
?аза? хал?ы еркіндікке жету ?шін ?аншама ?иын-?ыстау кезе?дерді бастан кешірді
28-о?ушы: Мен – ?аза?пын, мы? ?ліп, мы? тірілген,
Ж?ргегімде таныстым м?? тіліммен.
Жыла?анда ж?регім – К?н т?тылып,
?уан?анда к?лкімнен т?н т?рілген.
Мен – ?аза?пын, биікпін, байта? елмін,
?айта тудым, ?мірге ?айта келдім.
Мен мы? да бір тірілдім м??гі ?лмеске,
Айта бергім келеді, айта бергім!
М??алім: И?, Мен мы? да бір тірілдім м??гі ?лмеске,
Айта бергім келеді, айта бергім! – деп а?ын Ж?бан Молда?алиев атамыз жырла?андай, Т?уелсіздігімізді жарияла?аннан кейінгі аз уа?ытта еліміз к?птеген жетістіктерге жетті. Сол жетістіктерімізді атап ?тейікші. Мысалы: 1990 ж. 25 ?азанда ?аза? КСР-іні? егемендігі туралы Декларация ?абылданды. Ары ?арай, жал?астырып айтып к?рейік.
29-о?ушы. 1991 жылы 29 тамызда Семей полигоны жабылды.
31-о?ушы. 1991 ж. 1 желто?санда т???ыш Президент сайланды. Ал сол жылы 16 желто?санда ?аза?стан Республикасыны? мемлекеттік Т?уелсіздігі туралы За? ?абылданды.
32-о?ушы. 1992 ж. 2 наурызда ?аза?стан Республикасы Біріккен ?лттар ?йымына м?ше болды.
33-о?ушы. 1992 ж. 7 мамырда ?аза?стан Республикасыны? ?арулы К?штері ??рылды. Сол жылы 4 маусымда ?аза?стан Республикасы Жо?ары Ке?есі мемлекеттік р?міздерді ?абылдады.
34-о?ушы. 1993 ж. 28 ?а?тарда Т?уелсіз мемлекетімізді? негізгі За?ы – Конституция ?абылданды.
35-о?ушы. 1993 жылды? 15 ?арашасы елімізді? тарихында ерекше к?н болып ?алды. Осы к?ннен бастап ?лтты? валютамыз – Те?ге айналым?а енді.
36-о?ушы. 1995 ж. 30 тамызда ?азіргі Ата За?ымыз – жа?а Конституция ?абылданды. Ал, 1996 ж. Алматы ?аласында Т?уелсіздік монументі ашылды.
37-о?ушы. 1997 ж. 10 желто?санда А?мола ?аласы ?аза?стан Республикасыны? астанасы ретінде жарияланды. 1998 ж. Президент Жарлы?ымен А?мола ?аласы Астана ?аласы болып ?згертілді.
Сабақтың тақырыбы: «Тәуелсіз Қазақстан бейбітшіліктің ,
келісімнің және «жасампаздықтың 23 жылы»
Мақсаты:
1. Оқушыларды қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы ерлік күресімен, қол жеткен жетістіктерімен қысқаша таныстыру.
2. Қаншама құрбандықпен қол жеткен тәуелсіздігімізді құрметтей, қастерлей білуге тәрбиелеу, Қазақстанның келешегі үшін аянбай күресуге және еңбек етуге баулу.
3. Патриоттық тәрбие беру.
Сабақтың көрнекілігі: «Тәуелсіздік – тұғырым» атты қабырға газеті, лозунгі, Қазақстан Республикасының рәміздері, нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, плакаттар, буклет, үнтаспа, суреттер, т.б.
Сабақ түрі: Әдеби-көркем монтаж.
Әдісі: Топпен жұмыс.
Жоспар: 1. Тарихи шолу
а) Тәуелсіздік жолында
ә) Желтоқсан жаңғырығы
2. Тәуелсіз Қазақстан
Сабақтың барысы:
1-оқушы. ХV ғасырдың ортасында көшпелі Өзбек мемлекетінің құрамынан, яғни Әбілхайыр хандығынан бөлініп шыққан қазақ тайпалары Керей мен Жәнібек сұлтандардың басқаруымен дербес қазақ хандығын құрды.
2-оқушы. Ұлан байтақ елімізге жан-жақтан көз тігіп ойран салушылар көбейді. Ең қатерлісі ХVI-XVIII ғасырлардағы жоңғарлардың шапқыншылығы болды.
3-оқушы. 1723 жылы қаннен-қаперсіз елімізге жоңғар қалмақтары тұтқиылдан шабуыл жасап, қалың жұртты қан жылатты. Дүрліккен ел үдере көшіп, дүние-мүлік, мал, жанына да қарай алмай босып кетті, тіпті, бесіктегі бала, қария кемпір-шалдарға дейін жұртта қалып қойған кездері де болды. Қазақ халқының бұл босуы тарихта «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» деген атпен қалды. Ақтабан шұбырындыда 1 миллион адам, яғни сол кездегі халықтың 40 пайызы қырылды.
4-оқушы. Әйгілі Төле, Қазыбек, Әйтеке билердің ұйытқы болуымен Қанжығалы Бөгенбай, Қаракерей Қабанбай, Шапырашты Наурызбай, Шақшақұлы Жәнібек, Баян батыр, Көкжал Барақ секілді көптеген батырлар қазақ халқын қазақтың ханы – Абылай ханның ақ туының астына біріктіріп, жоңғар шапқыншылығынан толық азат етті.
5-оқушы. XVIII ғасырда қазақ хандығының тәуелсіздігіне қатер төндірген тек қана Жоңғар хандығы ғана болған жоқ. Оңтүстіктен Хиуа, Қоқан, Бұқар хандықтары көз алартса, Батысы мен Солтүстігінде қалмақтар, башқұрттар, казак орыстар үнемі шапқыншылық жасаумен болды.
7-оқушы. Қазақ халқын аман алып қалу үшін осындай қысылтаяң кезде Әбілқайыр бастаған қазақ сұлтандары, билері мен бір топ батырлары Ресей империясының құрамына кіре бастады. Сөйтіп, қазақ халқы тәуелсіздігінен айырыла бастады.
8-оқушы. XІХ ғасырдың 40-50 жылдарындағы Жанқожа батыр бастаған қазақтардың Хиуа, Қоқан хандардың езгісіне қарсы күресі.
9-оқушы. 1870 жылы Маңғыстау қазақтарының көтерілісі.
10-оқушы. 1783-1797 жылдары Сырым Датұлы басқарған шаруалар көтерілісі.
11-оқушы. 1836-1838 жылдары Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы басқарған шаруалар көтерілісі.
12-оқушы. 1837-1847 жылдары Кенесары Қасымұлы басқарған ұлт-азаттық көтеріліс.
13-оқушы. 1916 жылы ұлт-азаттық көтеріліс, 1917 жылы Ақпан және Қазан төңкерістері болды. Азамат соғысы жылдарында шаруашылық күйзеліске ұшырап, адамдардың ашаршылыққа душар болуынан 950 мың қазақ, яғни халқымыздың 19 пайызы апат болды. 400 мың қазақ отбасы елден кетуге мәжбүр болды.
15-оқушы. 1930-1932 жылдардағы ашаршылықта 2 млн. 100 мың қазақ қырылды.
16-оқушы. 1937-1938 жылдардағы репрессияда қазақ халқының қаншама аяулы азаматтары, бетке ұстар шамшырақтары қуғын-сүргінге ұшырап, халқым, елім деп жүріп «халық жауы» аталып айыпталды. Сол кезде абақтыға жабылғандардың саны 105 мыңға жетті. Олардың 27 мыңнан астамы атылды.
17-оқушы. 1986 жылғы 16 желтоқсанда таңертеңгі сағат 10.00-да бар-жоғы 18 минутқа созылған Қазақстан Компартиясының пленумында елімізді ширек ғасыр басқарған Дінмұхамет Ахметұлы Қонаев орнынан алынып, шеттен келген Геннадий Колбин сайланды. Бұл, әрине, қазақ халқының наразылығын туғызып, әйгілі Желтоқсан оқиғасын туғызды.
19-оқушы. Қазақ халқының ең соңғы өліп, тірілуі – біздің халқымыздың қайғы-қасіретіне, сонымен бірге мақтанышына айналған 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы. Осы оқиғаға қатысты деген жалған жаламен 99 адам сотталды. 264 адам жоғары оқу орындарынан, 758 адам комсомолдан, 52 адам коммунистік партия қатарынан шығарылды, әр түрлі жазалар берілді. Қазіргі күнде 16-17 желтоқсандағы оқиғаға қатысқаны үшін жазаланған азаматтар Президенттің жарлығымен ақталды.
20-оқушы. Бүгінгі таңның шапағатын, елдің көңіліне күн орнатқан қайсар аға-апаларымыз – Қайрат, Ләззат, Ербол, Сәбира емес пе
22-оқушы. Желтоқсан оқиғасы – ХХ ғасырдың ең ұлы оқиғаларының бірі. Өйткені желтоқсан оқиғасы тек бүкіл тоталитарлық-коммунистік жүйенің күйреуінің бастаушысы болып қана қоймай, сондай-ақ ол бұрын бағынышты болып келген көптеген елдерге егемендік, тәуелсіздік әперген зор саяси-әлеуметтік құбылыс болды. 1986 жылдың желтоқсанындағы қазақ жастарының төгілген қанымен бүгінгі тәуелсіздігіміздің тұңғыш парағы жазылған еді.
23-оқушы. Тәуелсіздік – бабалардың ұраны,
Бейуақытта бойға таққан тұмары.
Тәуелсіздік – түнектерде тұншығып,
Ызғар ұрып, жанбай қалған шырағы.
24-оқушы. Тура келіп тарихи бір орайға
Тәуелсіздік түсті деме оңайға.
Бастан өткен «Шұбырынды ақтабан»,
Не көрмеді қазақ елі соны ойла.
Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын-қыстау кезеңдерді бастан кешірді
28-оқушы: Мен – қазақпын, мың өліп, мың тірілген,
Жөргегімде таныстым мұң тіліммен.
Жылағанда жүрегім – Күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.
Мен – қазақпын, биікпін, байтақ елмін,
Қайта тудым, өмірге қайта келдім.
Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске,
Айта бергім келеді, айта бергім!
Мұғалім: Иә,Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске,
Айта бергім келеді, айта бергім! – деп ақын Жұбан Молдағалиев атамыз жырлағандай, Тәуелсіздігімізді жариялағаннан кейінгі аз уақытта еліміз көптеген жетістіктерге жетті. Сол жетістіктерімізді атап өтейікші. Мысалы: 1990 ж. 25 қазанда Қазақ КСР-інің егемендігі туралы Декларация қабылданды. Ары қарай, жалғастырып айтып көрейік.
29-оқушы. 1991 жылы 29 тамызда Семей полигоны жабылды.
30-оқушы. 1991 ж. 2 қазанда қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты.
31-оқушы. 1991 ж. 1 желтоқсанда тұңғыш Президент сайланды. Ал сол жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы Заң қабылданды.
32-оқушы. 1992 ж. 2 наурызда Қазақстан Республикасы Біріккен ұлттар ұйымына мүше болды.
33-оқушы. 1992 ж. 7 мамырда Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері құрылды. Сол жылы 4 маусымда Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесі мемлекеттік рәміздерді қабылдады.
34-оқушы. 1993 ж. 28 қаңтарда Тәуелсіз мемлекетіміздің негізгі Заңы – Конституция қабылданды.
35-оқушы. 1993 жылдың 15 қарашасы еліміздің тарихында ерекше күн болып қалды. Осы күннен бастап ұлттық валютамыз – Теңге айналымға енді.
36-оқушы. 1995 ж. 30 тамызда қазіргі Ата Заңымыз – жаңа Конституция қабылданды. Ал, 1996 ж. Алматы қаласында Тәуелсіздік монументі ашылды.
37-оқушы. 1997 ж. 10 желтоқсанда Ақмола қаласы Қазақстан Республикасының астанасы ретінде жарияланды. 1998 ж. Президент Жарлығымен Ақмола қаласы Астана қаласы болып өзгертілді.
1-оқушы.
Ұлы жол.Басталады жолдан бәрі,
Даланың ойы, қыры, ормандар.
Алдағы табыстарға жол салады,
Жыл сайын Елбасының Жолдаулары.
2-оқушы
Табасың ұлы жолдан барлығын да.
Осында қуанышын балармыңға.
Ұрпақ пен ұрпақтарды жалғастырған,
Ұлы жол тарихың да,тағдырың да.
3-оқушы
“Есім хан ескі жолын”ел біледі
“Қасым хан қасқа жолы ”сендіреді.
Алысып ата жаумен ақ жолын салған,
Ақ туы Абылайдың желбіреді.
4-оқушы
Көтерген елді биік белесіне,
Нұраға нұрлы жолы ел есінде.
Сенімді ол ұстаған бағытпенен
Келеміз келешектің кемесінде.
5-оқушы
Көреміз туған елдің туын да өрден,
Нұрлы жол әр жүрекке нұрын берген .
Қонады көңілге оның әр жолдары,
Толады қуанышқа бүгін кеудем.
6-оқушы
Нұрлы жол елдің нұрлы болашағы,
Сан биік асулардан тағы асады.
Туған елМәңгі Ел болып қалу үшін,
Ең озық елдерменен таласады.
7-оқушы
Нұрлы жол болашақпен қатар аты,
Шашырар әр жүрекке шапағаты.
Нұрлы жол халқы сүйген Елбасының,
Ерекше елге деген махаббатты
Қорытынды сөз: Тәуелсіздік үшін мың өліп, мың тірілген қазақ елі, құдай қаласа, гүлденіп мәңгі жасай бермек. Тәуелсіздігімізді алтынымыздай ардақтап, асылымыздай бағалайық, қымбатымыздай құрметтей білейік.
Елтаңбамыз ажарлы, әнұранымыз әуенді, асқақ бола берсін!
Еліміздің, елдігіміздің белгісі – көгілдір туымыз, қасиетті көк байрағымыз көкте қалықтап, желбірей берсін!
Сабағымыздың мәнді, мағыналы болып өтуіне бар білімі мен күш-жігерін салған оқушылар, сіздерге рахмет!
Көңіл қойып тыңдаған қонақтарымыз – аяулы ұстаздар, алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңіз үшін, ілтипат-ниеттеріңіз үшін сіздерге зор алғысымды білдіргім келеді! Осымен сабағымызды әдеттегідей музыкалық қоштасумен аяқтаймыз.