Просмотр содержимого документа
«разработка урока на тему "?ос?зенні? м?дениеті" »
«Бекітемін» ____________________________
Сыныбы: 6 Пәні: дүние жүзі тарихы Күні: 24.09.2014ж.
1.Сабақтың тақырыбы: Ежелгі Қосөзеннің мәдениеті
2.Сабақтың түйінді мақсаттары және оқыту талабына қол жеткізу тәртібі: “Гильгамеш туралы дастанда” не баяндалғанын, “сына жазу” туралы, “Аспалы бақ” туралы, Қосөзенде қандай құдайлар болғаны туралы айту, дастандағы негізгі әңгіме болған мәселені, сына жазуының маңызын, қосөзендіктердің діни түсініктерінің ерекшелігін түсіну, оқиғалардағы “жақсылық” пен “жамандықтың” ара-жігін ажырату
3.Белсенді сабақ беру тәсілдері мен сабақтағы жұмыс түрі: топтық, жеке жұмыс, блум таксономиясы (рөлдік ойын, хаттағы сұрақтар, бейнеролик, эссе жазу)
4.Сабақтың нәтижесі:
Білу: “Гильгамеш туралы дастанда” не баяндалғанын, “сына жазу” туралы, “Аспалы бақ” туралы, Қосөзенде қандай құдайлар болғаны туралы айта алады
Түсіну: дастандағы негізгі әңгіме болған мәселені, сына жазуының маңызын, қосөзендіктердің діни түсініктерінің ерекшелігін түсінеді
Қолдану: оқиғалардағы “жақсылық” пен “жамандықтың” ара-жігін ажырата алады
5.Өзіне оқыту үшін бағалау кіретін бағалау: бармақтар арқылы бағалау, мадақтау, сыйлық үлестіру
6.Жоспарлау барысында әр оқушының сұраныс-талабын есепке алу: мақсаттардың
орындалуы үшін оқушыларға қолдау, көмек көрсетемін.
7.Ресурстар мен жабдықтар: PowerPoint, АКТ, суреттер, маркерлер, оқулық, т.б.
Сабақтың барысы
Уақыт
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушылар іс-әрекеті
Ресурстар
3 мин
Оқушыларды сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру, ынтымақтастық атмосферасын орнату
Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен танысады, топқа бөлінеді:
1-топ: Гиль-га-меш туралы дастан,
2-топ: Ас-па-лы ба-қ,
3-топ: Діни тү-сі-нік-тер
Слайд 1,2,3,4,5,6
Топқа бөліну парақшалары
1-қадам
7 мин
Мәтінмен жұмыс жасатады: оқушыларға тақырыпшаларды бөліп береді:
1-топ. «Гильгамен туралы дастан», «Сына жазу»
2-топ. Өнері. Аспалы бақ
3-топ. Діни түсініктер
Оқушылар өздеріне бөлініп берілген тақырыпшаны оқып шығады