Білімділік: IX-XII ?асырда?ы ?ылымны? дамуы ж?не сол кезе?де ?мір с?рген ?аза? жеріні? ?алымдары туралы, оларды? ?ылымны? дамуына ?ос?ан ?лестері туралы о?ып білу.
Дамытушылы?: Тарихи т?л?а?а мінездеме беріп, оны ?з ойымен ?орытындылай білуге да?дыландыру. Тарихи тілмен сауатты с?йлеуге ?йрету. ?ылым?а д?рыс ба?а беруге дайындау.
Білімділік: IX-XII ғасырдағы ғылымның дамуы және сол кезеңде өмір сүрген Қазақ жерінің ғалымдары туралы, олардың ғылымның дамуына қосқан үлестері туралы оқып білу.
Дамытушылық: Тарихи тұлғаға мінездеме беріп, оны өз ойымен қорытындылай білуге дағдыландыру. Тарихи тілмен сауатты сөйлеуге үйрету. Ғылымға дұрыс баға беруге дайындау.
Тәрбиелік: Біртуар ғалымдардың бойындағы жақсы қасиеттерді, үлгіні оқушылардың өз бойларына қалыптастыруға тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Аралас
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үй тапсырмасы.
Ұлы Жібек жолының пайда болуы.
Ұлы Жібек жолы деп неге атайды?
Ұлы Жібек жолымен Қазақстанға не әкелінді?
Қазақстаннан не шығарылды?
Әлемдік діндердің пайда болуы?
Ұлы Жібек жолының өмір сүруімен «әлемнің төрт патшалығы» дегенді қалай түсінесің?
Жібек құртын өсіру құпиясы басқа елдерге қалай ашылды?
Ұлы меридиалды жолдың басты бағытын ата?
3)Қалалардың Ұлы Жібек жолы бойында орналасу ретін шығыстан батысқа қарай анықта:
Алматы 2. Жаркент 3. Турфан 4. Баласағұн
5. Мерке 6. Суяб
7. Үргенш 8. Сауран 9. Тараз 10. Құлан 11. Отырар
4) Ұлы Жібек жолы бойындағы әлемдік діндер
5) Ұлы Жібек жолының қызмет ете бастауымен байланысты пайда болған «әлемнің төрт патшалығын» ата.
Үнді елі Византия
Т үркі қағанаты Түсіндіру. Қытай
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Жоспары:
Қазақ елінің ежелгі ғалымдары.
Әл-Фарабидің өмір тарихы.
Әл-Фараби – энциклопедияшы ғалым.
Қазақ елінің ежелгі ғалымдары
1)
Ғалымдар, туған жылы:
Туған жері:
Ең басты еңбегі:
Ж.Баласағұни (1030ж.-1090ж.)
Баласағұнда
«Құтты білік»
Махмұт Қашқари (XI ғасырда дүниеге келген)
Ыстық көл маңында
«Түркі тілінің сөздігі»
Қ.А.Яассауи 1140ж.
Сайрам жерінде туған
Даналық жайындағы кітап
Ахмет Игуники(белгісіз)
-
«Ақиқат сыйы»
2) Бұдан кейін Әл-Фараби өмір тарихы.
Ол Арыс өзенінің Сырдарияға құяр жерінде орналасқан ертедегі түркі қаласы Отырарда 870 жылы дүниеге келген.
- Оның балалық шағы Арыс, Сырдария өзендері бойында өтті.
- Ол кезде ол Отырарды «Фараб» деп атаған. «Әл-Фараби» мағынасы Отырардан шыққан деген сөз.
Әл-Фарабидің толық аты – Әбу Насыр Мұхаммед ибн Узлағ Тархани.
Әкесі қыпшақ ұлысының атақты әскер басшысы болған.
Жастайынан талапты, оқу-білімге жетік болған. Оқу-білім іздеп шет елдерге сапар шегеді.
Бұхара, Самарқан, Шам, мысыр, Александрия т.б. шаһарларды, араб-парсы елдерін түгел аралаған.
Әл-Фараби грек, араб, парсы тілдерін жетік меңгерген. Бүкіл ғұмырын оқу-білім, ғылымға арнайды.
Көпшілік уақытын Отырардың бай кітапханасында өткізеді.
Түрлі ғылым салаларына 150-ге жуық еңбектер жазып қалдырды. Қазіргі Ұлттық Ғылым Академиясында 50-ден астам еңбегі бар. Әл-Фарабидің философия, математика, физика, логика, этика, тіл білімі, жаратылыстану, география, астрономия, медицина, музыка салаларынан ғылымға жаңалықтар қосқан.
Ғылымның осы салаларына қажетті деректерді Александрия кітапханасынан алады.
Әл-Фараби өз өмірінің соңын Дамаск пен Халеб қалаларында өткізеді.
Дүниеге көзқарасы жағынан өз заманының озық ойлы ғұлама ғалымы ретінде танылды.
Аңызға қарағанда Әл-Фараби ат құлағында ойнаған, садақ атудың шебері болған екен.
Әл-Фараби – тек Шығыстың ғана емес, Батыстың да, ғылым мен мәдениетінің дамуына зор үлес қосқан энциклопедиялық білімі бар ғалым.
Түсінгенімізді толтырайық. (сызбаны толтыру)
Әл-Фараби
Бекіту. Ол үшін кесте толтыру.
№
Дұрыс
Қате
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
Әл-Фараби Иассы қаласында туған.-
Ғылыми еңбектерінің саны 150-ден астам.
Әл-Фараби уақытының көбін Отырардың бай кітапханаларында өткізген.
Әл-Фараби еңбектерін орыс тілінде жазған.
Әл-Фараби адамзаттың екінші ұстазы.
Әл-Фараби Семей қаласында білім алған.
Әл-Фараби өз өмірінің соңын Дамаскіде өткізді.
Әл-Фараби Отырарда туған
Әл-Фараби қыпшақ, грек, араб тілдерін жетік меңгерген.
Өзіңді тексер.
Жас кезінде Әл-Фараби уақытының көбін ... бай кітапханаларында өткізген.
А.Самарқандтың ә.Отырардың б. Бұхараның
Әл-Фараби қай тілдерді жетік меңгерген?
А. Араб, грек тілдерін ә. Латын, қытай тілдерін
б. Парсы, араб, түрік тілдерін
Әл-Фараби қай қалада дүниеге келді?
А. Отырар ә. Сығанақ б. Иассы
Әр саладағы Әл-Фарабидің ғылыми еңбектерінің саны:
А. 150-ден астам ә. 300-ден астам б. 200-ден астам
Аңызға қарағанда Әл-Фараби бос уақытында нені ермек қылған?
А. Атқа міну, садақ тарту ә. Серуендеу
б. Аспаптарда ойнау
Әл-Фараби атында Қазақ Мемлекеттік Университеті бар. Алматыда Әл-Фараби атындағы музей бар. Дамаскі қаласында жерленген.
Дәптермен жұмыс:
Өз аты-жөніңді араб тілінің мәнеріне салып жазып көр.