Тарих пәні мұғалімі Болат Меңдіғалиұлы Бекишевтың қазақстан тарихы пәнінен сабақ жоспары
| Апта | | |
| Сабақ тақырыбы: | Қазақтардың Ортаазиялық хандықтар мен патша үкіметіне қарсы көтерілістері |
| Жалпы мақсат: | Сыр өңірі қазақтарының Орта Азия мемлекеттеріне және патша үкіметіне қарсы күреске шығуы,Жанқожа Нұрмұхамедұлының Хиуа мен Қоқанға және патша үкіметіне қарсы күреске шығу себептерін білу, білімдерін нақтылау. |
| Сілтеме: | 1.Оқыту әдістемелік нұсқау. 2.Электронды оқулық 8 сынып. 3.8 сынып оқулығы. |
| Оқушылар үшін оқу нәтижелері | Сыр өңірі қазақтарының Орта Азия мемлекеттеріне жәнепатша үкіметіне қарсы күреске шығуы,Жанқожа Нұрмұхамедұлының Хиуа мен Қоқанға және патша үкіметіне қарсы күреске шығу себептерін ұғынады,талдай біледі,теориялық білімді меңгереді. |
| Негізгі идеялар: | Сыр өңірі қазақтарының Орта Азия мемлекеттеріне жәнепатша үкіметіне қарсы күреске шығуы,Жанқожа Нұрмұхамедұлының Хиуа мен Қоқанға және патша үкіметіне қарсы күреске шығу себептері туралы негізгі түсінік. |
| Сабақта қолданылатын материалдар: | Презентация. Интербелсенді тапсырмалар. |
| Оқыту әдістері: | Кластер Түсіндіру Проблемалық |
| Дерек көздері: | Оқулықтағы тақырыпқа сай берілген материалдар Ғаламтор мәліметтері Оқушы анықтамалығы |
| Тапсырмалар: | Кесте сызу, сұрақтарға жауап беру, постер қорғау. |
| Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс әрекеті |
| Тапсырма | Мұғалімнің іс- әрекеті | Оқушының іс –әрекеті |
| І.Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу( мин) | Түрлі түсті қағаздар арқылы топқа бөлу | Өзіне ұнаған түстерді таңдайды,өз көңіл күйлерін таңдаған түстері арқылы білдіреді. |
| ІІ. Үй тапсырмасын сұрау( мин) | Үй тапсырмасы бойынша білімдерін тексеру. «Шатасқан жіп»ойыны арқылы үй тапсырмасы сұралады | Оқушылар бір-біріне жіпті лақтыру арқылы сұрақ қояды. |
| ІІІ. Жаңа тақырып( мин) | Тақырыпқа кіріспе. Проблемалық сұрақтар.Әр топқа. Постер қорғау. | Топпен жұмыс. Топ басшысының постер қорғауы. |
| ІV. Қорытындылау( мин) | Кері байланыс ББМ кестесі | Кесте толтыру |
| V.Үй тапсырмасын беру( мин) | Мәтінмен жұмыс. | Үй тапсырмасын орындау |
| VІ. Бағалау( мин) | Формативті бағалау. | Критерия арқылы топ басшысының бағалауы. |
| VІІ. Рефлексия( мин) | Сабақтан алған әсерлерін білу үшін стикер тарату. | Алған әсерлері мен ұсыныстарын стикерге жазу |