1. Республикалы? Халы? Комиссарлар Ке?есіні? т?ра?асы кім болды?
2. «Бесеуді? хатын» кімдер, ?ай жылы жазды?
3. Т?ркілеу шаралары барысында ?андай жа?дайлар туындады?
ІІІ. Ма?ынаны тану
- Топтарды? атымен б?гінгі саба? арасында ?андай байланыс болуы м?мкін?
(орыс тілінен енген, ?ыс?ар?ан с?здер, колхоз – коллективное хозяйство, ?жымды? шаруашылы?, совхоз – советское хозяйство – ке?ес шаруашылы?ы, ТОЗ – жер ?лестерін біріктіру мен бірігіп е?бек етуге негізделген шаруашылы?)
Просмотр содержимого документа
«"?аза?станда?ы ауыл шаруашылы?ын ?жымдастыру"»
Сабақтың тақырыбы: Қазақстандағы ауыл шаруашылығын ұжымдастыру
Сабақтың мақсаты: Республиканың ауыл шаруашылығын қайта құру негізінде 1929-1938 жылдардағы жүргізілген ұжымдастыру саясатының зардаптары мен нәтижелерін түсіндіре келіп, оқушылардың өз халқының тарихын терең меңгерулеріне жағдай жасау.
Ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық шаруашылық дамуының кенеттен тоқтауы, оның үлкен дағдарысқа ұшырау себептерін айқындау барысында оқушы ойына қозғау салу, қосымша деректер көмегімен ой өрістерін арттыруға жағдай жасау.
Халқына, Отанына, оның тарихи тағдырына құрмет сезімін қалыптастыру, ұлттық-патриоттық тәрбие беру
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, дүниежүзі тарихы, әдебиет
Оқушыларды топтарға бөлу. Колхоз, совхоз, ТОЗ сөздерінің бірін таңдау арқылы 3 топқа бөлінеді.
Топ басшысын сайлау.
Бағалау. Топ бағаланады
7-6 ұпай жинаған топқа – «5»
5-4 ұпай жинаған топқа – «4»
3-2 ұпай жинаған топқа – «3»
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
«Цифрлы табло» ойыны арқылы үй тапсырмасын тексеру
І топ
1. Қазақстандағы «Кіші Қазан» бағыты кімнің есімімен байланысты болды?
2. «Кіші Қазан» идеясының мәні неде?
3. Т.Рысқұлов Сталинге хатында не туралы жазды?
ІІ топ
1. Қазақ байларын тәркілеу туралы декрет қай жылы қабылданды?
2. Қазақ зиялыларының «Кіші Қазан» бағытына көзқарасы қандай еді?
3. «Бесеудің хатының» Т.Рысқұлов хатымен ұқсастығы, айырмашылығы қандай?
ІІІ топ
1. Республикалық Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасы кім болды?
2. «Бесеудің хатын» кімдер, қай жылы жазды?
3. Тәркілеу шаралары барысында қандай жағдайлар туындады?
ІІІ. Мағынаны тану
- Топтардың атымен бүгінгі сабақ арасында қандай байланыс болуы мүмкін?
(орыс тілінен енген, қысқарған сөздер, колхоз – коллективное хозяйство, ұжымдық шаруашылық, совхоз – советское хозяйство – кеңес шаруашылығы, ТОЗ – жер үлестерін біріктіру мен бірігіп еңбек етуге негізделген шаруашылық)
Қызылдар саясаты
Ұжымдастыру Отырықшылан Байларды Салық
дыру тәркілеу
Топтарға тапсырма. Мәтін бөліктерін оқып, топта талдап, постер қорғап, таныстыру.
І топ: Ұжымдастыру бағыты
ІІ топ: Астық, ет, жүн дайындау науқаны. Күштеп отырықшыландыру саясаты.
ІІІ топ: Қазақстандағы күштеп ұжымдастыру зардаптары.
- Күштеп ұжымдастыру нәтижесі қазақ халқын ашаршылыққа әкеп соқтырды. Соның зардаптары туралы мәлімет
Қырылу Ашаршылық Қоныс аудару
1931-1933жж
Адам мал ауру, індет қырылу 1 млн астам адам
2 млн. 40,5 млн болды 414 мыңы оралды
100 мың 4,5 млн қалды 616 мыңы келмеді
Сәбилер – 72%
7 жасқа дейін-60%
«Даталарды еске түсір»
1927 жыл желтоқсан
БК(б)П ХҮ съезі ауылшаруашылығын ұжымдастыруға бағыт алуды жариялады
1929 жыл мамыр-1930 жыл наурыз
Жылдамдатылған ұжымдастыру науқаны
1930 жыл наурыз – 1932 жыл тамыз
Ұжымдық шаруашылықтарды әртүрлі типтерден тәжірибеден өткізу
1932 жыл қыркүйек – 1934 жыл қараша
ТОЗ-дарды ұжымдастыру
1934 жыл желтоқсан – 1938 жыл желтоқсан
ТОЗ-ды колхоз, совхоз етіп қайта құру
- «Ұмыту өткен тарихты, болашақ үшін қауіпті» Мына сөздерге назар аударайық. Нені меңзеп тұр?
- Біздің еліміз 1992 жылдан бастап, 31 мамырды «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні» деп атап өтілуде.
- Саяси кезеңге байланысты Шерхан Мұртазаның «Қызыл жебе» романын жазды. «Елім – ай» әні халық арасында кең тарады.
Үйге тапсырма: §19, «Ашаршылық – қазақ елінің қасіреті» тақырыбында ой-толғау жазу.