О?ушылар жартылай к?шпелі мал шаруашылы?ын, ?аза? хал?ыны? егін шаруашылы?ын, ?ол?нерін, ?алаларды? жа?дайын оларды? то?ырау себебін талдай отырып танысады ж?не «Маусымды к?ші-?он» пункті бойынша сурет салу ар?ылы та?ырыптарды ме?гереді.
?аза? хал?ыны? егін шаруашылы?ы, ?ол?нері, Х?ІІ-Х?ІІІ ?асырларда?ы ?леуметтік-экономикалы? жа?дайын ?азіргі жа?даймен салыстыруды ?йрену болып табылады.
Просмотр содержимого документа
«?аза? хал?ыны? Х?І-Х?ІІ ?асырларда?ы шаруашылы?ы. »
7Б сыныбы / тарих пәні/
Сабақтың тақырыбы:
Қазақ халқының ХҮІ-ХҮІІ ғасырлардағы шаруашылығы.
Сабақтың мақсаты:
Оқушылар жартылай көшпелі мал шаруашылығын, қазақ халқының егін шаруашылығын, қолөнерін, қалалардың жағдайын олардың тоқырау себебін талдай отырып танысады және «Маусымды көші-қон» пункті бойынша сурет салу арқылы тақырыптарды меңгереді.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сыни тұрғыдан ойлау, сұрақ-жауап, әңгімелеу, пікір-алмасу, жинақтау, топтастыру, диалогтік оқыту, бағалау, өзін- өзі реттеу.
Ұйымдастыру кезеңі (Оқушыларды түгендеу сабаққа дайындау)
Зерделеу нәтижелері:
Қазақ халқының ХҮІ-ХҮІІ ғасырлардағы шаруашылығын қазіргі таңмен байланыстыру.
Түйінді идеялар:
Қазақ халқының егін шаруашылығы, қолөнері, ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырлардағы әлеуметтік-экономикалық жағдайын қазіргі жағдаймен салыстыруды үйрену болып табылады.
Жұмыс түрі:топтық жұмыс.
І. Кіріспе:
сыныпта психологиялық ахуал жасау;
сыныпты 3 топқа бөлу /оқушылар түрлі түсті қағаздарда жазылған сандар бойынша арқылы бөлінеді/;
топ басшысын сайлау;
үй тапсырмасы бойынша сынып ережесі тақтаға ілінеді;
ІІ. Өткен тақырыпқа ой тастау:
Үй –тапсырмасының орындалуы кесте арқылы тексеріледі(АКТ әдісін қолданады).
Жауабы
Сұрақ
Жауабы
Құрылтай
Бүкіл қазақ ұлтының бас қосқан кеңесі қалай аталды?
Ауылнай
Ауылды басқаратын адам-
Ақсақал
Ата-аймақты басқаратын адам-
Рубасы
Руды басқаратын басшы-
Қалың, бұқара, күңдер
Қарапайым халықты қалай атаған-
ХҮ-ХҮІ ғасырлар
Қазақ жүздері шамамен қай ғасырларда қалыптасты?
Ордаби
Жүздің биін қалай атаған?
Құрылтай
Бүкіл қазақ ұлтының кеңесі-
Үш жүзден
Қазақ хандығы неше жүзден құрылған?
Ұлы хан
Қазақ хандығының билігі кімде болды?
Оқушылардың жауаптары талқыланады, бұл кезеңде диалогтік әдісті көруге болады. Карта мен жұмыс.
ІІІ. Негізгі кезең:
1-тапсырма:
Әр топқа тапсырмалар беріледі.
І топ: (Жартылай көшпелі мал шаруашылығы, қысқы көш)
ІІ топ: (Көктеу, жайлау, күздеу)
ІІІ топ: (Қазақ халқының егін шаруашылығы,қол өнері, қалалардың жағдайы, олардың тоқырау себебі)
Оқушылар тапсырмаларды орындау барысында дарынды оқушымен үлгерімі төмен оқушыны анықтау.
Әр топ басшылары (төраға)өз топтарымен жұмыс жасай отырып, топ жұмысын
қадағалап отырады. Әр топ өздеріне берілген тапсырманы ауызша немесе А3 форматында қорғайды.Әр топ бір-бірінің жауаптарын 3-5 балдық жүйе арқылы бағалайды(түрлі түсті қағаздар арқылы - жасыл(5), сары(4), қызыл(3).
Сабақ барысында оқушылар өздерінің көңіл күйлерін (смайликтер) арқылы білдіреді.
Жұмыс нәтижесі: оқушылар тапсырмалар бойынша мұғалімнің бағытымен өздігінен ізденуге, тақырыпты талдауға, талқылауға және топтық жұмыс жасау барысында еркін ойларын жеткізе білуге үйренді.
ІV. Қорытындылау: Берілген тапсырма бойынша Венн диаграммасын толтыру(қазақ халқының егін шаруашылығы, қолөнері, ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырлардағы әлеуметтік-экономикалық жағдайын қазіргі жағдаймен салыстыру).
Ү. Рефлексия /оқушылар жазады/
Білемін
Нені үйрендің?
Топпен жұмыс жасау ұнады ма?
Бағалау:формативті бағалау.
Топ басшыларының жұмыс барысында толтырған кестелері бойынша оқушылар бағаланады.
Үйге тапсырма: Өтілген тақырыптар бойынша (§42-43) салыстыру жұмысын жүргізу және қайталау.