|   Сыныбы, пәні: 7 сынып , Қазақстан тарихы   |    Пән мұғалім : Болатбекқызы Динара   |  
  |   Сабақтың тақырыбы   |    Есім хан   |  
  |   Мақсаты   |    Халықтың ішкі-сыртқы тұрақтығын реттеп шын мәнінде мемлекет тұрғысындағы ірі қайраткердің жүрген жолын айқындай келе білімділік денгейін көтеріп ізденіске,өздігінен жұмыс істей білуге үйрету,сыни ойлауға дағдылау.   |  
  |   Күтілетін нәтижелер           |    «Есім ханның ескі жолының» тарихи маңыздылығын біледі ,тақырыптың тарихи – тәрбиелік мәнің түсінеді   |  
  |   Керекті жабдықтар       |    Интерактивті тақта, смайликтер, қима қағаздар, мәтін, рефлексия парағы,парақшалары, тапсырмалар.   |  
  |   Қолданылатын әдіс-тәсілдер:   |    СТО-« Жасырынған сөздер » әдісі,Ақылдың алты қалпағы,Ыстық орындық ,Дарынды мен талантты оқушымен жұмыс,АКТ   |  
  |   С а б а қ б а р ы с ы :   |  
  |   Сабақ  кезеңдері   |    Мұғалім әрекеті   |     Оқушы әрекеті   |  
  |   Кіріспе                                                                                                                |    Карта қиындылары арқылы оқушыларды алты топқа бөлу.  1.Оқушылармен амандасу, түгендеу.    - Оқушылар, көңіл-күйіміз қалай?    2. Психологиялық дайындық.  Қане, қане тұрайық,  Үлкен шеңбер құрайық  Тұрсақ үлкен шеңберге  Алақанға ұрайық   Психологиялық ахуалды орнату  «Еркелету» жылуылық шеңбері (ата-аналарыңның өздері еркелеткен сөздерін айту)  3.Үй тапсырмасын тексеру:  - Балалар, үйге берілген тапсырма қандай еді?     «Ыстық орындық » әдісі арқылы сұралады.  « Жасырынған сөздер » әдісі арқылы үй тапсырмасын қорытындылап,жинақтайды .    Тәуекел әскери істі жетік білетін,шын мәнінде көреген саясаткер еді.  1583 жылы Тәуекел хан өзбек ханымен жасасқан « ант беріскен шартты » бұзды.  16 ғасырдың аяқ кезінде Қазақ хандығының күш-қуаты артып,халқының саны өсіп,қонысы мен шекарасы кеңіп , аса қуатты мемлекетке айналды.                    |    Оқушылар осы қима қағаздар бойынша бөлінеді.  Мұғаліммен амандасады.    Ишара арқылы көңіл-күйлерін көрсетеді.  Оқушылар үй тапсырмасы бойынша сұрақ дайындайды, жауап береді. Жауап беруші оқушы толық жауап бере алмаса мұғалімнің бағыт беруімен басқа оқушыдан сұралады   .               |  
  |   Негізгі бөлім                                                                                               |    4.Жаңа тақырып :    Дарынды мен талантты оқушыға алдын ала берілген тапсырма бойынша жаңа тақырып Есім ханның билік еткен территориясы ,жасаған жорықтары туралы карта арқылы көрсетіп баяндайды.      «Ақылдың алты қалпағы »   әдісі арқылы 6 топ Есім хан тақырыбына мазмұнды сызбамен жұмыс жасау арқылы жаңа тақырыпты меңгереді.          |        Визуалды есте сақтау қабілеті жоғары дарынды оқушы картамен жұмысын көрсетеді.                           Оқушыларға тапсырмалар арқылы мазмұнды сызба сызады,талдайды,қорғайды,дәлелдейді.                                                                          |  
  |   Қорытынды               |    5.Сабақ бекіту :    Дарынды мен талантты оқушы тарихи тұлғаға өлең жолдарын арнайды .        Кері байланыс ББҰ    (Білемін,Білгім келеді,Үйрендім) әдісі арқылы алынады.      6.Бағалау.    Топтар бір-бірлеріне формативті баға беру керек.                   |        Оқушы жаңа тақырыпты меңгерген соң тарихи тұлғаға мұғалімнің нұсқаулығымен арнап жазған өлен жолдарын оқиды.  Оқушыларға таратпа парақшаларды ББҰ арқылы толтырады,бірнеше оқушы ауызша жауап береді,  Әр топ мүшелері оқушылар өз-өздерін бағалайды.       |