Білімдік: Б?кей Ордасыны? ??рылуы, Ішкі Ордада?ы 1836-1839 жылдарда?ы шаруалар к?терілісіні? бастал себептері, басты ма?саты, к?терілісті? негізгі ?оз?аушы к?ші ж?не к?терілісті? болаша? басшылары Исатай мен Махамбеттер ?ызметіні? тарихи ы?палы.
Просмотр содержимого документа
«Б?кей Ордасында?ы шаруалар к?терілісі»
Сабақ тақырыбы:Бөкей Ордасы
Сабақ мақсаты:
Білімдік: Бөкей Ордасының құрылуы, Ішкі Ордадағы 1836-1839 жылдардағы шаруалар көтерілісінің бастал себептері, басты мақсаты, көтерілістің негізгі қозғаушы күші және көтерілістің болашақ басшылары Исатай мен Махамбеттер қызметінің тарихи ықпалы.
Тәрбиелік: Адамгершілікке, басқыншылық соғыс атаулыны жек көруге тәбиелеу.
Дамытушылық:Оқушыларды өз бетінше ой қорытып, оны жеткізе білуге дағдыландыру.
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ.
Сабақтың әдісі: баяндау, әңгімелесу, сұрақ-жауап.
Тірек ұғым: Қазақстан тарихындағы Исатай мен Махамбеттің тарихи орны.
Сабақ көрнекілігі: ҚР картасы, саяси карта;
а)И. Тайманұлы бастаған көтеріліс ( 1836-1838 ж.ж )- карта,
б) Ішкі Орданың аумағы – карта.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі, ағылшын тілі.
Тарихи оқиғалар: Желтоқсан оқиғасымен сабақты байланыстыру.
Сабақтың тақырыбы: § 11 «1836-1838 жылдардағы Бөкей Ордасындағы шаруалар көтерілісі».
Жоспар:
1. Бөкей Ордасының құрылуы. Шаруалар көтерілісінің басталу себептері және оның барысы.
2. Патшаның көтеріліске қарсы шаралары. Көтерілістің жеңілуі.
3. Көтерілістің салдары және тарихи маңызы.
Жаңа сабақтың тақырыбы: «Көтерілістің салдары және тарихи маңызы»
Көтеріліс жеңілген соң , ішкі Ордадағы халықтың жағдайы, салдары.
Көтерілістің тарихи маңызы.
Қорытынды.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Сәлемдесу;
ә) ҚР гимні;
б) Оқушыларды түгендеу;
II. Үй тапсырмасын сұрау.
III. Жаңа сабақ.
IV. Жаңа сабақты бекіту.
Үй тапсырмасын тексеру сұрақтары:
Бөкей Ордасының құрылуы ( картамен жұмыс ).
Кесте толтыру.
Ішкі Ордадағы көтеріліс ( 3 кезеңге бөлінеді, плакат )
Патшаның көтеріліске қарсы шаралары.
Исатай Тайманұлы басшылығымен болған шаруа көтерілісі.
«Ойлан тап» ойыны
Хронологиялық кесте.
Тест сұрақтары таратылады.
Карточкалық сұрақтар.
2 топқа бөлінеді.
I топ: Исатай Тайманұлы
II топ: Махамбет Өтемісұлы
Пәнаралық байланыс.
Желтоқсан оқиғасы.
Кесте № 2
Ішкі Ордадағы көтеріліс үш кезеңге бөлінеді
I кезең
1836 жылдар- көтерілістің басты алғышарттарының қалыптасуы
II кезең
1837 жылдың басынан осы жылдың аяғына дейін-көтерілістің етек алған кезеңі, патша жазалаушы әскерімен, хан итаршыларымен қақтығыстар
III кезең
1837 жылдың желтоқсан айынан 1838 жылдың шілде айына дейін- көтерілісшілер күшінің әлсіреп, жеңілу кезеңі