Т?йінді идеялар: О?ушылар іс ?рекеттері ар?ылы ізденімпазды??а жетеді. О?ушыларды? та?ырыпты т?сіну де?гейін аны?тау, т?сінік де?гейін ескере отырып шешім ?абылдау.
О?ыту н?тижелері: Сталиндік казармалы? социализм туралы біледі;
Зиялы ?ауымды жаппай ?удалау туралы м?лімет алады;
Просмотр содержимого документа
«1930 жылдарда?ы ?о?амды?-саяси ?мір.»
Сабақтың тақырыбы: 1930 жылдардағы қоғамдық-саяси өмір
Жалпы мақсаттар: Сталиндік казармалық социализм туралы білу;
Зиялы қауымды жаппай қудалау туралы мәлімет алу;
"Халық жауларын" жазалау әрекеттерімен танысу;
Қуғындауға қарсылық туралы білу;
Қазақстан аумағында орналасқан концентрациялы лагерьлермен танысу;
Түйінді идеялар: Оқушылар іс әрекеттері арқылы ізденімпаздыққа жетеді. Оқушылардың тақырыпты түсіну деңгейін анықтау, түсінік деңгейін ескере отырып шешім қабылдау.
Оқыту нәтижелері: Сталиндік казармалық социализм туралы біледі;
Зиялы қауымды жаппай қудалау туралы мәлімет алады;
"Халық жауларын" жазалау әрекеттерімен танысады;
Қуғындауға қарсылық туралы біледі;
Қазақстан аумағында орналасқан концентрациялы лагерьлермен танысады;
Сілтеме: Күнтізбелік жоспар, оқу жоспары, оқулық
Көрнекіліктер: Суреттер, слайд-таныстырылым, АКТ
Дереккөздер: Дерекнама, сайт, оқулық 9 сынып (83-90 бб.) "1930 жылдардағы қоғамдық-саяси өмір "
Сабақ барысы:
Сабақ кезеңдері
- ұйымдастыру
- белсенді әрекетке жұмылдырылады
- ойлау жұмысына ынталандырылады
І. Ұйымдастыру:
"Өз орныңды тап"
Шарттары:
1. Әр оқушы стол үстінен кезекпен стикер алып топ аттары бойынша орындарын тауып отырады.
2. Әр оқушы 1,2,3,4,5 топ құрып орындарына жайғасады.
Оқушылар топқа бөлінеді. Топта өзара әрекет етеді. бір-бірімен пікір алмасады. іштерінен көшбасшы шығарады.
Топ аттары
Орта Азиядағы ежелгі тайпалар
Орта ғасырлардағы қағанаттар
Қазақ хандары
Ұлт-азаттық көтерілістің басшылары
Қазіргі замандағы қазақ зиялылары
«Сұрақ қою» стратегиясы
«Миға шабуыл» стратегиясы арқылы қызығушылығын ояту
І топ: Репрессия
ІІ топ: Тоталитаризм
ІІІ топ: АЛЖИР, Карлаг
ІҮ топ: Үштіктер, ІІХК (НКВД)
Ү топ: ЛББ (ГУЛАГ), БМСБ
Жауабы жақындағандарға, дұрыс тапқандарға стикер беремін.
Термин сөздердің дұрыс жауаптары:
Репрессия – мемлекеттің өз азаматтарына қолданатын қатаң жазалау шаралары.
Тоталитаризм – әрбір азаматтың, қоғам өмірінің барлық саласымемлекет тарапынан, толық бақылауға алынған мемлекеттің саяси құрлыс түрі.
АЛЖИР – Ақмоладағы Отанына опасыздық жасағандар әйелдеріне арналған лагерь
Үштіктер – үш адамнан құрылған комиссия
БМСБ – Біріккен мемлекеттік саяси басқарма
ЛББ – Лагарьлер бас басқармасы
Карлаг – ерекше режімді Қарағанды еңбекпен түзету лагері
2-кезең: Мағынаны ажырату:
- оқушылар өз тәжірибелері арқылы жаңа білім туралы өзіндік түсінік пен пікір қалыптастырады;
Топ тапсырмалары: «Галереяға саяхат» (тұлғалардың суреттері беріледі)