Сайысты? ма?саты: о?ушыларды? ту?ан елі мен жеріні? тарихы, ?лемдік тарих туралы білімдерін арттыру; логикалы? ойлау, ?з ойын жеткізе білу ?абілеттерін арттырып, шы?армашылы? ізденіске ?йрету.Ту?ан Отанын ?астерлеп, тарихына ??рметпен ?арау?а т?рбиелеу.
Сайыстың мақсаты: оқушылардың туған елі мен жерінің тарихы, әлемдік тарих туралы білімдерін арттыру; логикалық ойлау, өз ойын жеткізе білу қабілеттерін арттырып, шығармашылық ізденіске үйрету.Туған Отанын қастерлеп, тарихына құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: слайдтар, таратпа материалдар.
Пәнаралық байланыс: дүниежүзі тарихы, сурет, еңбекке баулу, әдебиет.
Өтетін орны: мультимедия кабинеті
Сайыстың жүру барысы:
Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Сайысқа қатысушы топтармен таныстыру және топтардың таныстыруы:
«Сұңқар» тобы - 6-сынып оқушылары:
Маратқызы Нұршашқан
Думанұлы Ернұр
Оралбеков Нұрәділ
Берліқожа Аружан
Серікқазықызы Гүлнар
«Қыран» тобы-6-сынып оқушылары:
Орынбеков Оразынбек
Әсетов Әлижан
Серікханова Зарина
Сәкенов Ернұр
Шәріпбаева Жадыра
«Шамшырақ» тобы-6-сынып оқушылары:
Орынбек Сұлтан
Серікқалиева Шуақ
Мақанов Жанасыл
Қанатұлы Азамат
Берікқазина Ділназ
Әділқазылар алқасымен таныстыру.
5. Сайыс шарттарымен таныстыру:
І. «Ұшқыр ой»
ІІ. «Кім тапқыр?»
ІІІ. «Ұстаздар сұрағы»
ІV. «Мен - ұлы тарих куәсімін!»
V. «Суреттегі тарих»
VІ. «Жақсының жақсысын айт...»
І. «Ұшқыр ой»
/оқушылар бір әріптен таңдап алып, сұрақтарға таңдап алынған әріптен басталатын сөздермен жауап береді. Әр жауап 5 ұпайдан/
Қойылатын сұрақтар:
Тарих деген не?
Тарихи тұлға.
Жер-су аты?
Термин немесе ұғым?
Тарихи сан.
Жануарлар мен құстар
Жеміс-жидек, көкөніс.
ІІ. «Кім тапқыр?» (Топ басшылар сайысы)
/Әр топ басшысына кезекпен сұрақтар қоылады, әр сұрақ 1 ұпайдан/
«Сұңқар» тобының басшысына сұрақтар:
1. Қағазды ойлап тапқан қытайлар /иә/
2. Қазақстанның тәуелсіздігі 1992 жылы жарияланды /жоқ/
3. Вавилон қаласының атауы «Құдайға барар қақпа» дегенді білдіреді / иә/
4. Дау мұраты – біту /иә/
5. Шоқанның шын есімі Мұхаммед Хайдар /жоқ/
6. Ұлы Жібек жолы Қытайдан басталып Римде аяқталады /иә/
7. Н.Назарбаевтың анасының аты - Әлжан /иә/
8. Халықтардың әдет-ғұрып, салт-дәстүрін зерттейтін ғылым – археология / жоқ/
9. 3 тәулікте 74 сағат /жоқ/
10. Сүйек пен ағаш сапқа ұсақ қалақша тастарды жапсыру әдісі – ретушь әдісі /жоқ/
«Алғырлар» тобының басшысына сұрақтар:
1. Ең ұзаққа созылған дәуір тас ғасыры /иә/
2. Қазақстан Республикасының туының авторы Ж.Мәлібеков /жоқ/
3 Египетте жазу құралы пергамент болды /жоқ/
4. Сөз анасы – құлақ /иә/
5. Қабанбай батырдың шын есімі – Ерасыл /иә/
6. Петроглиф тастағы сурет/иә/
7. «Менің балалық шағымның аспаны» Н.Назарбаев туралы кинофильм /иә/
8. А.Иассауи кесенесі Тараз қаласында/жоқ/
9. Қазір жылдың 11 айы /жоқ/
10. Андрондықтар түсінігінше құдайлар аспанда төрт аяқты арбамен жүреді деп сенген /жоқ/
«Шамшырақ» тобының басшысына сұрақтар:
1. Қола мыс пен қалайының қосындысы /иә/
2. Қазақстан Республикасының Конституциясы 9 бөлім, 99 баптан тұрады /жоқ/
3. Египеттіктерде Ніл өзенінің құдайы Амон-Ра /жоқ/
4. Жолаушы мұраты – жету /иә/
5. Абылай ханның шын есімі – Әбілмансұр /иә/
6. Ең биік пирамида Хеопс перғауынға арналған /иә/
7. Н.Назарбаевтың туған жылы 1940 жыл /иә/
8. Қазақстанда 14 облыс /иә/
9. 53 санының жартысы 26 /жоқ /
10. Ұзындығы 1-2 см болатын ұсақ жаңқа тастардан жасалған құрал – бумеранг /жоқ/
ІІІ. «Ұстаздар сұрағы»
/көрермен мұғалімдерге топ аттары жазылған қағаз таратылады. Қай топтың аты келсе, сол топқа өз
сұрағын қояды. Әр сұраққа 5 ұпайдан/
ІV. «Мен – ұлы тарих куәсімін!»
/ Әр топ өздері алған карточкадағы тарихи оқиға қай тұлғаларға қатысты екенін тауып,
сахналайды. Ең жоғары ұпай 5 ұпай/
«Төле би мен Сабалақтың (Абылай хан) кездесуі»
«Парсы патшасы Кир мен сақ патшайымы Томирис»
«Ғұн патшасы Мөде және Дунху елі»
V. «Суреттегі тарих»
/ Әр топ өздері таңдаған номерге сәйкес суретке сипаттама жазады. Ең жоғары ұпай 5 ұпай /
№1 карточка – «Египет пирамидалары»
№2 карточка – «Ұлы Қытай қорғаны»
№3 карточка – «Қожа Ахмет Йасауи кесенгесіндегі тайқазан»
VІ.«Жақсының жақсысын айт» /Топтардың бірін-бірі бағалауы. Ең жоғары ұпай 5 ұпай /
/Топтар бірін-бірі кез-келген сурет, жазу немесе фигуралар т.б. арқылы бағалайды, түсіндіреді. Ең