| Күні: 21.04. 2017 жыл   | Тарих сабағы | Сыныбы: 9 « Г» | 
  | Сабақ тақырыбы |  Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылымының негіздері | 
  | Мақсаты | Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылымы негіздері мен азаматтардың конституциялық құқығы мен міндеттеріне сипаттама беру. Конституция мемлекеттің негізгі заңы екенін білу. | 
  | Міндеттері: | 1. Оқушылардың жаңа сабақтың тақырыбын ашуына ықпал ету. 2. Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылымының негіздері мен азаматтардың конституциялық құқығы мен міндеттеріне сипаттама беру. 3.Өз Отаны туралы білімдерін тереңдету арқылы отансүйгіштілік қасиетін арттыру. | 
  | Күтілетін нәтиже |  Жаңа сабақтың тақырыбын ашады. Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылымының негіздері мен азаматтардың конституциялық құқығы мен міндеттерін біледі.  Өз Отаны туралы білімдерін тереңдету арқылы отансүйгіштілік қасиеті артады . | 
  | Түйінді идеялар: | Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылымының негіздері , азаматтардың конституциялық құқығы мен міндеттері, Отанды қорғау міндеті, Конституция негізгі заң. | 
  | Кезеңдері | Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті | 
  | І.Ұйымдастыру кезеңі (3минут) |  Сәлемдесу 1.Сабақтың мақсатымен таныстыру;    2. Оқушыларды түгендеу, журналды толтыру   | Сәлемдесу Сабақтың мақсатымен танысады;   | 
  | 2.Сыныпты топқа бөлу: Үлестірмелі қағаздар   ( Азамат, Конституция, Отан)сөздері бойынша топтар құру.   | Оқушылар қолына қима қағаздары бойынша топқа бөлінеді, топ жасақталады. | 
  | Үй тапсырмасы   (5 минут) | Оқушыларға сұрақтар дайындата отырып орындатылады   | Оқушылар сұрақтар дайындап, келесі топтан оқушылар жауап береді | 
  |  Топтық жұмыс. (10 минут +9минут) |  1-тапсырма: Постер құрау.1-топ: Конституция мемлекеттің негізгі заңы атауы себебі?
 2-топ: Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша азаматтардың конституциялық құқығы мен міндеттерінне сипаттама 3-топ: Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылымы мен мазмұны
 | Әр топ берілген тапсырмасын орындау арқылы тақырып бойынша постермен жұмыс | 
  |  Жеке жұмыс Глоссарий (2+1 мин) | Оқушыларға жаңа сөздер беріледі Конституция , Парламент, Сенат | Әр оқушы сөздердің мағынасын ашады | 
  |  Жұптық тапсырма: (2+2минут) | 9 Бөлім бойынша сәйкестендіру | оқушылар жұптасып орындайды. | 
  | Сергіту сәті. (2мин) | « Мен Қазақпын» биі | Оқушылар бой жазады | 
  | Қорытындылау (6 минут)   |  «Азаматтардың тең құқықтары» тақырыбына өз ойларын жазу   | Әр оқушы берілген тақырып бойынша эссе жазады | 
  | Бағалау(1 минут)   | Критерий бойынша бағаланады   | Өзін-өзі бағалайды | 
  | Үй тапсырмасы   (1 минут)   | §25. Оқу, тарихи деректер жинау   | Оқушылар үйге тапсырманы жазып алады. |