Білімділік PowerPoint ба?дарламасын ?орытындылау. Ба?дарламаны? м?мкіндіктері туралы ма?л?мат беру ж?не ?осымша а?паратпен білімдерін толы?тыру. ?азіргі та?да?ы а?паратты? технология ?рдісін ?олдана отырып презентация ??ру
Студенттерді? білім де?гейін аны?тай отырып, белсенділікке баулу. Студенттерді? ойын дамыту, тап?ырлы? ізденімпазды? ?асиеттерге жетелеу, информатикалы? тіл байлы?ын жетілдіру, ал?ан білімдерін іс ж?зінде ?олдана білуге баулу.
1987 жылы Apple Macintosh ?шін PowerPoint.1.0 шы?ты. (д?рыс)
Презентация – (лат. Praesento тапсырамын немесе а?ыл. Present - ?сыну) баяндамалар мен жобаларды, есеп беруді ?ор?ау; ж?мыс жоспарын, дайын ?нім мен ?ызмет т?рлерін, сынауларды ж?не бас?а да к?птеген д?ниені ?сыну. (д?рыс)
5 слайдтан арты? к?рме болмайды. (б?рыс)
Презентация материалдарын дайындау ?шін кейбір бас?а да мамандандырыл?ан ?осымшаларды ?олдану?а болады. AdobePhotoshop, CorelDraw.
3 – кезе?. Жа?а саба?
К?рмені к?рсетер алдында слайдтар ауысымы ?алай ж?ретінін шешіп алу ?ажет: ?з бетімен, слайдты н??ы?анда, ?андайда бір нысанды н??ы?анда, дыбысты? с?йемелдеумен бе, жо? па ж?не т.б.
Слайдтар ауысымын дыбыспен с?йемелдеу ?шін Слайдты к?рсету м?зірінде Слайдтар ?туі ?мірін та?дап, тапсырмалар айма?ында пайда бол?ан Слайдтар ауысуы ?стелінде Дыбыс ?міріні? ?ажетті параметрлерін баптау ?ажет. Осы ?стелде Сіз сондай – а? слайдтарды? тінтуір н??уымен немесе ?зіндік ауысуын, слайдтар ауысуы жылдамды?ын белгілеуі?ізге болады.
Шындап келгенде, слайдта?ы ?рбір нысанды слайдтар ауысуын бас?арушы батырма?а айналдыру?а болады. Б?л ?шін нысанды б?лектеп алып, м?тінм?ндік м?зірді ашып, ?рекеттер баптаулары ?мірін та?дап, ?ажетті параметрлерді баптау ?ажет.
Білімділік PowerPoint бағдарламасын қорытындылау. Бағдарламаның мүмкіндіктері туралы мағлұмат беру және қосымша ақпаратпен білімдерін толықтыру. Қазіргі таңдағы ақпараттық технология үрдісін қолдана отырып презентация құру
Дамытушылық:Студенттердің білім деңгейін анықтай отырып, белсенділікке баулу. Студенттердің ойын дамыту, тапқырлық ізденімпаздық қасиеттерге жетелеу, информатикалық тіл байлығын жетілдіру, алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге баулу.
Студенттерді шығармашылыққа баулу, шығармашылық сауаттылығын және компьютерлік шеберлігін дамыту.
Тәрбиелік: Студенттерге ақпараттық мәдениеттілікке, өзін-өзі бағалауға, уақытты тиімді пайдалануға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:сайыс сабақ
Сабақтың әдісі:берілген тапсырманың дұрыс – бұрыстығын тексеру,тәжірибелік жұмыс, студенттердің өз пікірі.
Көрнекі құралдар:компьютер, презентация
Пәнаралық байланыс:қазақ тілі.
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ
Ұйымдастыру кезеңі: Студенттермен амандасу, түгендеу
Үй тапсырмасын тексеру: Берілген тапсырманың дұрыс – бұрыстығын тексеру.
Жаңа сабақ
Сергіту сәті:
Тәжірибелік жұмыс
Студенттерді бағалау
Үйге тапсырма
1 -кезең. Топ таныстыру (аты, ұраны, эмблемасы) (2 мин)
I топ«слайд»
суреттерді енгізем,
мәтінді де жазамын,
анимация қойғызып,
«слайд» болып шығамын
II топ«көрме»
тобымыз біздің көрме атты,
әсемдікті үйретті,
дайын болған слайдты
«көрме» қылып шығартты
2 - кезең. Берілген тапсырманың дұрыс – бұрыстығын тексеру. (5 мин)
Microsoft Office пакетінің Pаint бағдарламасы - әртүрлі баяндамалар жасаған кезде, жобаларды, идеяларды, суреттеп, таныстыруға арнап презентациялар құрғанда көпшіліктің зейінін, ойын көрсетіліп тұрған нәрсеге аударуға үлкен мүмкіндік береді. (бұрыс)
PowerPoint бағдарламасы – электронды презентация (слайд-шоу) құруға арналған. (дұрыс)
Бағдарламаның әрбір презентациясы парақтар жиынан тұрады. (бұрыс)
Слайдта графикалық фонда орналастырылған объектілер немесе текст тұруы мүмкін. (дұрыс)
PowerPoint бағдарламасын іске қосу: Бастау батырмасы – Бағдарламалар - Microsoft PowerPoint; (дұрыс)
PowerPoint-та кез келген презентация жасау мынадай әрекеттер тізбегін орындаудан тұрады: (дұрыс)
1. Презентация құру, тексті енгізу және редакторлеу, слайдтардың кезектесуін реттеу.
2. Презентация жоспарын құру. Жоспарды қажетіне қарай өзгерту.
3. Қажетіне қарай жеке слайдтарды форматтау.
4. Презентацияларға объектілер қосу.
PowerPoint бағдарламасының терезесінің Word, Excel терезелерінен айырмашылығы жоқ. (бұрыс)
Слайдтар көрсету режимінің батырмасы F6 пернесі арқылы орындалады. (бұрыс)
1987 жылы Apple Macintosh үшін PowerPoint.1.0 шықты. (дұрыс)
Презентация – (лат. Praesento тапсырамын немесе ағыл. Present - ұсыну) баяндамалар мен жобаларды, есеп беруді қорғау; жұмыс жоспарын, дайын өнім мен қызмет түрлерін, сынауларды және басқа да көптеген дүниені ұсыну. (дұрыс)
5 слайдтан артық көрме болмайды. (бұрыс)
Презентация материалдарын дайындау үшін кейбір басқа да мамандандырылған қосымшаларды қолдануға болады. AdobePhotoshop, CorelDraw.
3 – кезең. Жаңа сабақ
Көрмені көрсетер алдында слайдтар ауысымы қалай жүретінін шешіп алу қажет: өз бетімен, слайдты нұқығанда, қандайда бір нысанды нұқығанда, дыбыстық сүйемелдеумен бе, жоқ па және т.б.
Слайдтар ауысымын дыбыспен сүйемелдеу үшін Слайдты көрсету мәзірінде Слайдтар өтуі әмірін таңдап, тапсырмалар аймағында пайда болған Слайдтар ауысуы үстелінде Дыбыс әмірінің қажетті параметрлерін баптау қажет. Осы үстелде Сіз сондай – ақ слайдтардың тінтуір нұқуымен немесе өзіндік ауысуын, слайдтар ауысуы жылдамдығын белгілеуіңізге болады.
Шындап келгенде, слайдтағы әрбір нысанды слайдтар ауысуын басқарушы батырмаға айналдыруға болады. Бұл үшін нысанды бөлектеп алып, мәтінмәндік мәзірді ашып, әрекеттер баптаулары әмірін таңдап, қажетті параметрлерді баптау қажет.
PowerPoint бағдарламасын демонстрациялау дегеніміз дайын болған слайдты сақтай тәсілі. Яғни жасаған жұмысымызды дайындап көрсету. PowerPoint бағдарламасында дайындалған көрмені Файл – сохраниткак – демонстрация PowerPointқадамын орындаймыз.
4 – кезең. Сергіту сәті:
5 - кезең. Тәжірибелік жұмыс (7мин)
Берілген тапсырманы қауіпсіздік ережесін сақтай отырып, компьютерде орындау. Оқушылардың тапсырмаларын тексеру. Қатемен жұмыстану.
Тапсырма: PowerPoint бағдарламасында әр оқушы компьютерлеріңіздіңжұмыс үстелінде орналасқан бумаларыңыздағы дайын файлдарды пайдаланып, PowerPointбағдарламасында демонстрациялауды дайындаңыздар.
6 – кезең. Жаңа сабақты бекітуге қорытындылау мақсатындатест орындау:Барлық 10 сұрақтан тұратын тест беріледі. Тестті топ басшылары тексеріп бағалайды (Топ басшысы өз командасының тесттерін тексереді).
1. PowerPointбағдарламасының қандай мүмкіндіктері бар?
а) слайдтар құру;
ә) презентация көрсетілуін автоматты түрде программалық тілге аудару;
б) дыбыстық және мультимедиялық мүмкіндіктерді пайдаланып, презентацияны экранда көрсету;
в) презентация материалдарын қағазға немесе 35 мм – лік қабыршаққа шығару.
2. PowerPoint программасында презентацияларды құрудың қандай тәсілдері бар? (қате жауабын көрсет).
а) автомазмұн шебері көмегімен;
ә) презентациялар шаблоны көмегімен;
б) бос презентация;
в) программалық тілде жазу арқылы.
3. Автомазмұн шеберінің бірінші қадамында қандай әрекет орындалады?
а) презентацияның түрі, жалпы оның тақырыптық бағыты таңдалады;
ә) презентация көрсету тәсілі таңдалады;
б) презентацияны шығару материалының форматы таңдалады;
в) қосымша мәліметтер: презентацияның тақырыбы, титулды слайдта жазылатын мәліметтер енгізіледі.
4. Автомазмұн шеберінің екінші қадамында қандай әрекет орындалады?
а) презентация түрі;
ә) презентацияны көрсету тәсілі таңдалады;
б) презентацияны шығару материалының форматы таңдалады;
в) қосымша мәліметтер: презентацияның тақырыбы, титулды слайдта жазылатын мәліметтер енгізіледі.
5. Автомазмұн шеберінің қадамында қандай әрекет орындалады?
а) презентация түрі;
ә) презентацияны көрсету тәсілі таңдалады;
б) презентацияны шығару материалының форматы таңдалады;
в) қосымша мәліметтер: презентацияның тақырыбы, титулды слайдта жазылатын мәліметтер енгізіледі.
6. Автомазмұн шеберінің төртінші қадамында қандай әрекет орындалады?
а) презентация түрі;
ә) презентацияны көрсету тәсілі таңдалады;
б) презентацияны шығару материалының форматы таңдалады;
в) қосымша мәліметтер: презентацияның тақырыбы, титулды
слайдта жазылатын мәліметтер енгізіледі.
7. Слайдқа қандай объектілер енгізуге болады?
а) Microsoft ClipGallery объектілерін, файлда сақталып тұрған суреттерді, сканерден көшірме;
ә) бір мезгілде бірнеше дыбыстық объектілерді;
б) енгізуге болмайды;
в) а мен ә жауабы дұрыс.
8. Слайдтар режимі қандай мүмкіндік береді?
а) презентацияның әр слайдын жеке қарауға ыңғайлы;
ә) презентацияның тек мәтіндік мазмұнын көрсетеді;
б) презентацияның барлық слайдтары тізбектеліп терезеде орналасады;
в) беттерге ескертпе, қосымша материалдар жазу мүмкіндігін береді.
9. Құрылымды режимі қандай мүмкіндік береді?
а) презентацияныңәр слайдын жеке қарауға ыңғайлы;
ә) презентацияның тек мәтіндік мазмұнын көрсетеді;
б) презентацияның барлық слайдтары тізбектеліп терезеде орналасады;
в) беттерге ескертпе, қосымша материалдар жазу мүмкіндігін береді.
10. Слайдтарды сұрыптау режимі қандай мүмкіндік береді?
а) презентацияныңәр слайдын жеке қарауға ыңғайлы;
ә) презентацияның тек мәтіндік мазмұнын көрсетеді;
б) презентацияның барлық слайдтары тізбектеліп терезеде орналасады;
в) беттерге ескертпе, қосымша материалдар жазу мүмкіндігін береді.
7 - кезең.Студенттерді бағалау: Сабаққа белсене қатысқан, жұмысты толық орындаған студенттерді бағалау. Бағаны оқу журналына қою.
8 - кезең.Үйге тапсырма: Power Point бағдарламасының мүмкіндіктерін пайдалана отырып, «Қазақстан – EXPO 2017» тақырыбына 20 слайдтан тұратын көрме дайындап, демонстрациялау.