Білімділік: MS Word программасы бойынша ме?герген білімдерін ?орытындылау ар?ылы, білімін ж?йелеу, а?ын ?ле?дерін с?юге баулу, ?ле?деріні? мазм?нын тере? ??ына білуге ?йрету;
Дамытушылы?: О?ушыларды? шы?армашылы?, ізденімпазды? ?абілеттерін дамытып, саба??а ?ызы?ушылы?ын арттыра отырып, заман талабына сай дамыту;
Т?рбиелік: Компьютермен ж?мыс істеуде ??ыптылы??а, техника ?ауіпсіздігін са?тай білуге ?йрету. Е?бекті с?йе білуге, ?з уа?ытын д?рыс пайдалана алу?а т?рбиелеу.
Саба?ты? т?рі: кіріктірілген саба?.
П?наралы? байланыс: ?аза? ?дебиеті, музыка, ?аза?стан тарихы.
Информатика жас ?ылым, о?ан жарты ?асырдай ?ана уа?ыт бол?ан. ?азіргі кезде ол белсенді даму сатысында, к?птеген ?р алуан – санды?, м?тіндік ж?не графикалы? а?параттарды к?рнекі т?рде к?рсетуге к?мегін тигізетін жа?а а?паратты? технологиялар. Сонды?тан б?гінгі саба?ымызды? ма?саты да осы.
Просмотр содержимого документа
«MS Word м?тіндік редакторын ?орытындылау. А?иы? а?ынны? М??а?али Ма?атаевты? шы?армалары. »
Сабақтың тақырыбы: Ақиық ақынның Мұқағали Мақатаевтың шығармалары.
MS Word мәтіндік редакторын қорытындылау.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: MS Word программасы бойынша меңгерген білімдерін қорытындылау арқылы, білімін жүйелеу, ақын өлеңдерін сүюге баулу, өлеңдерінің мазмұнын терең ұғына білуге үйрету;
Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық, ізденімпаздық қабілеттерін дамытып, сабаққа қызығушылығын арттыра отырып, заман талабына сай дамыту;
Тәрбиелік: Компьютермен жұмыс істеуде ұқыптылыққа, техника қауіпсіздігін сақтай білуге үйрету. Еңбекті сүйе білуге, өз уақытын дұрыс пайдалана алуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: кіріктірілген сабақ.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, музыка, Қазақстан тарихы.
Информатика жас ғылым, оған жарты ғасырдай ғана уақыт болған. Қазіргі кезде ол белсенді даму сатысында, көптеген әр алуан – сандық, мәтіндік және графикалық ақпараттарды көрнекі түрде көрсетуге көмегін тигізетін жаңа ақпараттық технологиялар. Сондықтан бүгінгі сабағымыздың мақсаты да осы.
Ақиық ақын, қазақ поэзиясының аспанында ерекше нұрланып, жанып жарқырап өткен біртуар ақын М.Мақатаевтың өлеңдері шетінен тұңғиық терең сыр. Мұқағали ағамыздың шығармаларын кітаптан және газет журналдардан алып оқығанда керемет әсер аласың.
Сондада қазіргі кездегі техникасының көмегімен иллюстрациялы безендірілген түрде көргенде, басқаша түрде әсер қалдырады.
Ал енді оқушылар ақиық ақын Мұқағали Мақатаевты қаншалықты білетіндеріңді мына тапсырмалар арқылы білейік.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Оқушыларға сұрақтар қойылады:
М.Мақатаевтың туған жылы?
Мына өлеңдердін қайсысы М.Мақатаевтікі?
«Барлығы да сендердікі» /М.Мақатаев/
«Ғылым таппай мақтанба» /А.Құнанбаев/
«Мен-қазақ» /С.Торайғыров/
«Тарланым» /М.Өтемісұлы/
«Күй аңызы» /Т.Ахтанов/
«Дүние қалай етсең табылады?» /Ы.Алтынсарин/
Берілген өлеңі /«Барлығы да сендердікі» /бойынша талдау жасандар.
Жауабы: 4 шумақ, 16 тармақ, 3 бунақты, 11 буынды қара өлең ұйқас.
«Барлығы да сендердікі»
Сендердікі – өмір, қоғам, заманда,
Сән түзеген қалаң менен далаң да.
Барлығы да мұра болмақ әманда,
Болашақ деп аталатын Адамға.
Қабылдаңдар қазынаны біз берген,
Қиындықты көрмессіңдер біз көрген.
Бұл өмірде сақтау үшін сендерді,
Бабаларың үйде туып, түзде өлген.
Сендер-дағы өздеріңше күресіп,
Өздеріңше сендер де өмір сүресің,
Болашақты жалғау үшін, болашақ-
Бола жатар сендердің де үлесің-
Барлығы да сендердікі, барлығы-
Табыстаймыз жансыз бенен жандыны.
Армысыңдар, Ата ұрпақтың тағдыры!
Армысыңдар, жаңа атқан таң нұры!
Сонымен ақын М.Мақатаевты жақсы білетіндеріңді және шығармаларын таныс екендеріңді білдік. Келесі кезекте практикалық сабақ.
ІІІ. Практикалық сабақ. MS Word мәтіндік редакторында:
1-тапсырма. Автофигуры көмегімен мына берілген тірек-сызбаны сызыңдар. Ой шақыру стратегиясы бойынша ақын өмірі жайлы әңгімелесу.