Дамытушылық: Оқушылардың компьютерлік графикамен жұмыс істеуге үйрету арқылы теориялық білімін, ой - өрісін, шапшаң ойлау қабілетін дамыту;
Тәрбиелік: Оқушыларды жан - жақты болуға, жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану, барысында жүйелілікке тәрбиелеу; Пән аралық байланыс: математика, бейнелеу.
Сабақтың типі: Аралас сабақ, практикум, жеке және топпен жұмыс.
Оқушылардың көңіл-күйін сұрап, геометриялық фигуралар арқылы екі топқа бөлу.
І топ –үшбұрыш
ІІ топ –Төртбұрыш
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ. Интербелсенді тақтадан қисықсызық туралы презентация көрсету.Paint графикалық редакторымен және word мәтіндік редакторындағы қисықсызықпен жұмыс істеу мүмкіндіктерін көрсету.
ІҮ.Практикалық жұмыс.
1Paint бағдарламасын пайдалана отырып, компьютердің экран бетімен жұмыс жасап, біреулерге нұсқау ретінде қисық фигураны пайдаланып сурет салу.
Топпен жұмыс.Растрлық және векторлық графиканы салыстыру және пайдалану аймақтарын ашып көрсеу
V Сергіту сәті.
Оқушылар интербелсенді тақтадан жаттығуларды қайталап, қолға, көзге жаттығу жасау.
VІІ. Сабақты бекіту. Тест тапсырмасы.
VI. Рефлексия.Бағалау ағашы.
VII.Бағалау. Әр топ басшысы өз тобындағы оқушыларды бағалайды. Жақсы қатысқан оқушыларға «5» деген баға қойылады.