Просмотр содержимого документа
«Екілік арифметика »
Күні:
Сынып: 8
Сабақтың тақырыбы: Екілік арифметика
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: екілік арифметикамен таныстыру.
Дамытушылық: оқушылардың логикалық ойлау жүйесін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік:оқушыларды жауапкершілікке, топ ішінде ұжымдаса жұмыс істей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Екілік сандарды қосу сәйкес разрядтардың цифрларын тасымалды есепке алып қосамыз. Сонда 1+1 қосындысы 0-ді береді де, бірлік алдыңғы үлкен разрядқа тасымалданады.
Екілік қосу кестесі
0 + 0 = 0
1 + 0 = 1
0 + 1 = 1
1 + 1 = 10
Мысалы: 101 мен 11 екi екiлiк санды қосайық.
101
+
011
Тексерейік 101 бұл 510, 011 бұл 310
5+3=810 10002 =810
Қосу – екiлiк арифметикадағы маңызды амал.
Азайту кестесі
0 – 0 = 0
1 – 0 = 1
0 – 1 = 1
1 – 1 = 0
Екілік сандарды азайту барысында 0-ден 1-ді
азайту үшін көрші разрядтан бірді қарызға аламыз
Мысалы: 1010 мен 101 екiлiк сандарының айырмасын табайық.
1010
-
101
101
Тексерейік мұндағы 10102 =1010 , 1012 =510
10-5=5
Көбейту кестесі
0 * 0 = 0
1 * 0 = 0
0 * 1 = 0
1 * 1 = 1
Екілік сандарды көбейту кіші разрядтан басталып орындалады. Көбейту тек көбейткішті жылжыту мен қосудан тұрады