Саба?ты? ма?саты: 1. О?ушыларды? «Ал?аш?ы химиялы? т?сініктер» тарауы бойынша білімдерін ж?йелеу: а) жай ж?не к?рделі заттарды, металдар мен бейметалдарды ажырату, ?) эементтерді тану, б) формула бойынша валенттіліктерді аны?тау, валенттілік бойынша формула ??ру. 2. Химия ?ылымына деген ?ызы?ушылы?тарын арттыру ж?не ойлау ?абілеттерін дамыту. Эксперименттер жасату ар?ылы теория мен практиканы ?йлестіру. 3. Топпен ж?мыс істеу ар?ылы ?йымшылды??а, е?бек?орлы??а, т?ртіпке тірбиелеу.
Саба?ты? т?рі: білімді бекіту
Саба?ты? ?дісі: топпен ж?мыс, с?ра?-жауап, есеп шы?ару, ойын
Б?гінігі саба?ымызды осы уа?ыт?а дейінгі химиядан ал?ан білімімізді ж?йелеп, бекетеміз. Онда?ы бізді? ма?сатымыз:
Химиялы? элементтерді? та?баларын тану
Химиялы? формула ??ру
Химиялы? реакция те?деуін жаза білу
Химиялы? реакция те?деуін те?естіре білу
Салыстырмалы молекулалы? массаны есептеу
Зат м?лшері. Моль. Молярлы? масса бойынша есептер шы?ара білуіміз керек. Саба?ымызды жарыс т?рінде ?ткіземіз, 4 топ?а б?лінеміз, ?р топты? басшылары мені? к?мекшілерім болады. Олар сендерді? орында?ан ж?мыстары?ды тексеріп, н?тижесін ма?ан айтып отырады.
Саба?ымызды? ?ранын біз Анатоль Франсты?: «Білімді ?орыту ?шін, оны зейінмен сі?іру керек» деген с?зін алайы? та, бар зейінімізді саба??а б?лейік.
Биыл?ы жылы сендер ?те к?рделі, сонымен бірге ?те ?ызы?ты п?н химия п?нін о?уды бастады?дар. Химия патшалы?ы ?те ?лкен, ол к?п ??пиялар мен ж?мба?тар?а бай.
М.В. Ломоносов «Химия адам ісіне ??ша?ын ке? жаяды. ?айда ?араса? та, ?айда к?з жіберсек те к?ретініміз – химия ?ажайыптары» - деген екен.
Сонымен 1-ші с?ра?ымыз: Химия ?ылымы нені зерттейді? Ма?саты не?
2. Химиялы? элемент дегеніміз не? Б?л ??ымды ал?аш кім енгізген?
Салыстырмалы молекулалы? массаны есептей аламыз ба екен, тексерейік. Орындары?а отырып ?р топ ?йымшылды?пен та?тада берілген заттарды? салыстырмалы молекулалы? массаларын есептеп, ?ай топ есептеп болады, тез та?та?а шы?ып, жазады.
Химиялы? ?осылыстарды? салыстырмалы молекулалы? массасын есепте?дер:
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың «Алғашқы химиялық түсініктер» тарауы бойынша білімдерін жүйелеу: а) жай және күрделі заттарды, металдар мен бейметалдарды ажырату, ә) эементтерді тану, б) формула бойынша валенттіліктерді анықтау, валенттілік бойынша формула құру. 2. Химия ғылымына деген қызығушылықтарын арттыру және ойлау қабілеттерін дамыту. Эксперименттер жасату арқылы теория мен практиканы үйлестіру. 3. Топпен жұмыс істеу арқылы ұйымшылдыққа, еңбекқорлыққа, тәртіпке тірбиелеу.
Сабақтың түрі: білімді бекіту
Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, сұрақ-жауап, есеп шығару, ойын
Бүгінігі сабағымызды осы уақытқа дейінгі химиядан алған білімімізді жүйелеп, бекетеміз. Ондағы біздің мақсатымыз:
Химиялық элементтердің таңбаларын тану
Химиялық формула құру
Химиялық реакция теңдеуін жаза білу
Химиялық реакция теңдеуін теңестіре білу
Салыстырмалы молекулалық массаны есептеу
Зат мөлшері. Моль. Молярлық масса бойынша есептер шығара білуіміз керек. Сабағымызды жарыс түрінде өткіземіз, 4 топқа бөлінеміз, әр топтың басшылары менің көмекшілерім болады. Олар сендердің орындаған жұмыстарыңды тексеріп, нәтижесін маған айтып отырады.
Сабағымыздың ұранын біз Анатоль Франстың: «Білімді қорыту үшін, оны зейінмен сіңіру керек» деген сөзін алайық та, бар зейінімізді сабаққа бөлейік.
Сабағымызды бастамас бұрын алдарыңда жатқан көңіл күйлеріңді анықтайтын карточка арқылы біз сендердің бүгінгі сабақ алдында және сабақтың соңындағы көңіл күйлеріңді біле аламыз.
ІІ. Негізгі бөлім.
Биылғы жылы сендер өте күрделі, сонымен бірге өте қызықты пән химия пәнін оқуды бастадыңдар. Химия патшалығы өте үлкен, ол көп құпиялар мен жұмбақтарға бай.
М.В. Ломоносов «Химия адам ісіне құшағын кең жаяды. Қайда қарасақ та, қайда көз жіберсек те көретініміз – химия ғажайыптары» - деген екен.
Сонымен 1-ші сұрағымыз: Химия ғылымы нені зерттейді? Мақсаты не?
2. Химиялық элемент дегеніміз не? Бұл ұғымды алғаш кім енгізген?
3. Химиялық формула дегеніміз не?
4. Коэффицент пен индекс нені көрсетеді?
5. Қазір химиялық диктант жазайық: заттың формуласын құрап, оқимыз. Әр топтан тақтаға 1 оқушы келсін.
А) фосфор қышқылы сутектің 3 атомынан, фосфордың 1 атомынан, оттектің 4 атомынан тұрады.
Ә) пропан газы көміртегінің 3 атомынан, сутегінің 8 атомынан құралады.
Б) глюкоза көміртегінің 6 атомынан, сутектің 12 атомынан және оттектің 6 атомынан тұрады.
В) ас тұзы натрийдің 1 атомынан, хлордың 1 атомынан тұрады.
Енді балалар тақтаға қарайық та, бір топ алдымен жауап берсін, жауап бере алмаса қарсылас топтар жауап беруіне болады.
1. Мына пікірлердің қайсысында жай зат, қайсысында химиялық элемент ретінде сөз болып тұр:
А) алюминийден электр тогын өткізетін сым жасалады;
Ә) алюминий саздың құрамына кіреді;
Б) алюминий авиацияда қолданады;
В) алюминий жер қыртысында болады?
2. Мына мағлұматтардың қайсысында химиялық элемент темір туралы айтылған:
А) қанның құрамында темір болады;
Ә) темір магнитке тартылады;
Б) темір ылғал ауада таттанады;
В) пирит құрамында темір бар кен?
3. Химиялық элемент туралы айтылған сөйлемдерді көрсетіңдер?
А) малахиттің құрамына мыс кіреді
Ә) мыстан жасалынған тақташа
Б) тауық жұмыртқасының белогында азот бар
В) темірдің магниттік қасиеті бар.
4. Химиялық элемент туралы айтылған сөйлемдерді көрсетіңдер?
А) құбырмен келіп тұрған ауыз суда оттек еріген күйде болады
Ә) көмірқышқыл газының құрамына оттек кіреді
Б) ауаның құрамында оттектің мөлшері 21℅.
В) жасыл өсімдік көмірқышқыл газын сіңіріп, оттек бөліп шығарады.
Ал енді таблицамен жұмыс жасайық.
A
B
C
D
E
1
Al
CaO
NaOH
H2SO4
BaCl2
2
H3PO4
S
SO3
K2CO3
NaNO3
3
AqNO3
Na2S
HCl
Al2O3
Cl2
4
KCl
Na
H2O
H2
HNO3
5
Ba
N2O5
O2
SiO2
P2O5
«Кім жылдам?» ойынын ойнап жіберейік.
Осы таблицадан жай заттарды тауып, оқып жіберейік? Жай зат дегеніміз не?
Күрделі зат дегеніміз не? Яғни осы 7 заттан басқасы түгелдей күрделі заттар деп айта аламыз ба?
Е1 кодты затының сандық құрамын анықтаңдар.
А3 кодты затының сапалық құрамын анықтаңдар.
Д2 кодты затының сандық құрамын анықтаңдар.
А2 кодты затының сапалық құрамын анықтаңдар.
А4 кодты затындағы химиялық элементтердің валенттілігін анықтаңдар. (тақтаға)
С2 кодты затындағы химиялық элементтердің валенттілігін анықтаңдар. (тақтаға)
Д3 кодты затындағы химиялық элементтердің валенттілігін анықтаңдар. (тақтаға)
В5 кодты затындағы химиялық элементтердің валенттілігін анықтаңдар. (тақтаға)
Салыстырмалы молекулалық массаны есептей аламыз ба екен, тексерейік. Орындарыңа отырып әр топ ұйымшылдықпен тақтада берілген заттардың салыстырмалы молекулалық массаларын есептеп, қай топ есептеп болады, тез тақтаға шығып, жазады.
Химиялық қосылыстардың салыстырмалы молекулалық массасын есептеңдер:
1- топ: С1, Д2
2-топ: С3, Е2
3-топ: А4, Д1
4-топ: В1, А3
Химиялық реакция теңдеулері дегеніміз не?
Химиялық заттардың әрекеттесу реакция теңдеулерін жазып, түзілген заттардың химиялық формуласын құрып, реакция теңдеулерін теңестіріңдер және реакция типін анықтаңдар:
1-топ: В1+ С3
А1 + Е3
2-топ: В4 + Д1
В2+ С5
3-топ: А3 + С3
С5+Д4
4-топ: В1 + Е4
В4 + Е3
Қай топ бірінші орындап болады, сол топ тақтаға шығып, тез жаза береді.
Химиялық құбылыстар мен физикалық құбылыстарды ажырата аламыз ба екен, қазір соны тексерейік.
Слайдтардағы сұрақтарға назар аударайық. әр топқа сұрақтар беріледі.
1-топ:
Мына өзгерістердің:
А) автокөлік қозғалтқышында бензиннің жануы;
Ә) аязды күні терезеге қыраудың тұруы;
Б) балшықтың кебуі – қайсысы химиялық құбылысқа жатады?
2-топ:
А) ағашты аралағанда үгіндінің түзілуі;
Ә) от тұтатқанда шырпының жануы;
Б) жайған кірдің кебуі – қандай құбылысқа жатады?
3-топ:
А) жапырақтың шіруі
Ә) күмістен жасалған бұйымда қара дақтың пайда болуы.
Б) қардың еруі – қандай құбылысқа жатады?
4-топ:
А) ас содасына сірке суын тамызғанда газ түзілуі;
Ә) темір шегенің таттануы
Б) бор кесегіне қышқыл тамызғанда газ түзілуі – қандай құбылысқа жатады?
Сонымен физикалық құбылыс дегеніміз не? Химиялық құбылыс дегеніміз не?
Химиялық реакцияның жүргенін қайдан білеміз, белгілері қандай?
Тағы келді сыналар шақ айналып,
Тереңіне білім теңіз байланып,
Кім шешеді, сол сайыста ұтып тұр,
Есеп шешер кезегі келіп тұр.
Енді есеп шығарайық.
Әр топқа есептер беріледі, орнында екі топ отырып шешеді де, екі топтан екі оқушы тақтаға шығады.
1-топ: 5.6л қалыпты жағдайда D4 кодты затының қанша молекуласы бар?
2-топ: D3 кодты затындағы элементтердің массалық үлесін анықтаңдар
3-топ: 10г С2 кодты затының зат мөлшерін есептеңдер
4-топ: 20г С5 кодты затының қанша молекуласы бар?
Келесі сайысымызды практикалық жұмыстармен үйлестірейік.
Әр топқа тапсырмалар беріледі. Қоспаларды бөліп алу.
1-топ: құм мен тұз
2-топ: ағаш үгіндісі мен темір үгіндісі
3-топ: құм мен ағаш көмірі
4-топ: су мен құм
Нәтижесін тексеріп, сұрақтар қойылады.
Қоспа дегеніміз не?
Қоспалардың түрлері?
Оларды бөлу әдістері?
Қорытынды: бүгінгі сабағымыз бойынша сендердің білімдеріңді өздерің бағалайсыңдар, Сендердің өздеріңе қойған бағаларыңды мен қорытындылап, келісетінімді, келіспейтінімді айтып, білімімізді бекітейік. Және көңіл-күй карточкасына сабақ соңындағы өз көңіл-күйлеріңді белгілеуді ұмытпаңдар.
«Иә, химия – оңай ғылым емес екен» деп ойлап отырған боларсыңдар. Бірақ сендердің түпкілікті еңбектеріңнің арқасында химияны жеңіп, барлық құпия, сырын аша аласыңдар.