Ма?саты: химия п?нінен ал?ан білімдерін тере?детіп,к?нделікті ?мірмен байланыстыра білуге,химиялы? талшы?тар туралы,химиялы? элементтерді? адам а?засында?ы ма?ызды роль ат?аратынын зерттей отырып, ?з бетінше ізденуге баулу, болаша?та химия ?ылымын дамыту ар?ылы, т?уелсіз елімізді? к?ркеюіне ?лес ?осу?а,таби?атты ?ор?ау?а т?рбиелеу .
?ткізілу формасы: сайыс
К?рнекіліктер: мультипроектор, компьютер, ілмелер, химиялы? реактивтер мен ??рал-жабды?тар
?ткізілу барысы:
І. Кіріспе.Ж?ргізушілер с?зі.
ІІ.Негізгі б?лім. Сайыс т?рлері:
1. Таныстыру.
2. ?з ?нерін к?рсету.(т?жірибелер жасау)
3. Химияны? «с?н ?лемі»
4.Химиялы? элементтер к?нделікті та?амда
5.С?зжасам
6. Си?ырлы ?яшы?тар
ІІІ. ?орытынды. Же?імпаздарды марапапаттау.
1-ж?ргізуші: Ты?да?ыздар,ты?да?ыздар! Бізді? мектебімізде «Химия, биология» апталы?ы ?ызы?ты ?тіп жатыр.
2-ж?ргізуші: Барша?ыз?а, барша?ыз?а!
Жинал?ан?а ??сайды барша м?нда.
К??іл ?ойып, ??ла? салы?ыздар
?нсіздік орнап, тына ?алы?ыздар!
1-ж?ргізуші: ?адірлі ?стаздар, ??рметті о?ушылар! Бізді? мектебімізде «Жасай берсін елдігіміз м??гілік» деген та?ырыппен химия ,биология секциясыны? апталы?ы ?туде.
2-ж?ргізуші: Осы?ан орай химия ?ылымын ме?геруде ?з замандастырыны? алды болып ж?рген, химия п?ніне ерекше ?ызы?ушылы?пен ?арайтын о?ушыларымызды? ?атысуымен ?ткізгелі отыр?ан « Химия-?мір тынысы» атты жас химиктер сайысын ашы? деп жариялаймыз!
! К?ктемні? е? ал?аш?ы мерекесі «аналар к?ні»де ?те шы?ты. Осы с?тті пайдаланып ?стаздарымыз бен арулардыта?ы да бір ??тты?таса?, айып болмас деп ойлаймын.
1-ж?ргізуші: Бір ?кініштісі, т?жірибе кезінде ?ауіпсіздік техника ережелерін ?ата? са?тау ма?сатында сіздерге тек бейнематериалдар ар?ылы ?ана к?рсете аламыз.
2-ж?ргізуші: ?діл ?азы ал?асы бір к?н б?рын ?ыздарымызды? ?нерін к?ріп,
I –турымыз?а ?атысты; ба?асын б?гін береді.
1-ж?ргізуші: Сонымен, химиктерімізді? ?ызы?ты т?жірибелеріне назар аударса?.Т?жірибелер к?рсетіледі.
Просмотр содержимого документа
«Саба?тан тыс іс-шара "Химия - ?мір тынысы" »
СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫС
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Қызылopдa қaлaсы
Әлия Молдағұлова атындағы №173
орта мектебінің химия пәні мұғaлімі
Алмаханова Индира Болатқызы
Тақырыбы: Химия –өмір тынысы
Мақсаты:химия пәнінен алған білімдерін тереңдетіп,күнделікті өмірмен байланыстыра білуге,химиялық талшықтар туралы,химиялық элементтердің адам ағзасындағы маңызды роль атқаратынын зерттей отырып, өз бетінше ізденуге баулу, болашақта химия ғылымын дамыту арқылы, тәуелсіз еліміздің көркеюіне үлес қосуға,табиғатты қорғауға тәрбиелеу .
Өткізілу формасы: сайыс
Көрнекіліктер: мультипроектор, компьютер, ілмелер, химиялық реактивтер мен құрал-жабдықтар
Өткізілу барысы:
І. Кіріспе.Жүргізушілер сөзі.
ІІ.Негізгі бөлім.Сайыс түрлері:
1. Таныстыру.
2. Өз өнерін көрсету.(тәжірибелер жасау)
3. Химияның «сән әлемі»
4.Химиялық элементтер күнделікті тағамда
5.Сөзжасам
6. Сиқырлы ұяшықтар
ІІІ. Қорытынды. Жеңімпаздарды марапапаттау.
1-жүргізуші: Тыңдаңыздар,тыңдаңыздар! Біздің мектебімізде «Химия, биология» апталығы қызықты өтіп жатыр.
2-жүргізуші: Баршаңызға, баршаңызға!
Жиналғанға ұқсайды барша мұнда.
Көңіл қойып, құлақ салыңыздар
Үнсіздік орнап, тына қалыңыздар!
1-жүргізуші: Қадірлі ұстаздар, құрметті оқушылар! Біздің мектебімізде «Жасай берсін елдігіміз мәңгілік» деген тақырыппен химия ,биология секциясының апталығы өтуде.
2-жүргізуші: Осыған орай химия ғылымын меңгеруде өз замандастырының алды болып жүрген, химия пәніне ерекше қызығушылықпен қарайтын оқушыларымыздың қатысуымен өткізгелі отырған « Химия-өмір тынысы» атты жас химиктер сайысын ашық деп жариялаймыз!
! Көктемнің ең алғашқы мерекесі «аналар күні»де өте шықты. Осы сәтті пайдаланып ұстаздарымыз бен арулардытағы да бір құттықтасақ, айып болмас деп ойлаймын.
1-жүргізуші: Әрине!
Қадірлі ұстаздар!
2-жүргізуші: Құрметті аналар!
Мерекелеріңіз құтты болсын!
1-жүргізуші: Сұлусыздар, әдемі шырайлы жүз!
Таңдай қағып тұрғандай сыңайлымыз.
Жүздеріңнен мейірімді шуақ көріп,
Әнге қосып, шалқытып жыр етеміз!
2-жүргізуші: Көктегі ай мен күннің бірісіздер,
Құлпырған жер бетінің гүлісіздер.
Сезім отын жағатын әр кеудеге
Жүректің дүрсіл қаққан үнісіздер!
1-жүргізуші: Бүгінгі өткізілетін сайысымызды оқушыларымыздың,тәуелсіз қазақ елінің ұланы, ертеңгі елдің тұтқасын ұстар азаматтарымыздың тәуелсіз Қазақстанның өсуі мен көркеюіне қосқан үлесі ретінде қабыл алыңыздар!
2-жүргізуші: Ал, енді, сайысқа қатысушыларды ортаға шақырамыз.
1. 9 “A”сыныбы оқушыларының «Органика» тобы, топ басшы Мырзаева Ақбота
2. 9”Б“ сыныбы оқушыларының «Бейорганика» тобы, топ басшы Есқара Нұрсұлтан
3. 9”В“ сыныбы оқушыларының «Галогендер» тобы, топ басшы Агельдаева Ақбота
1-жүргізуші: Құрметті көрермендер!
Сайыс болған соң төрелігін айтар әділ қазылар алқасы болу керек,сондықтан бүгінгі сайыстың әділ қазыларын төрге шақырамыз.
11«А» сынып оқушысы –……….
Биология пәнінің мұғалімдері – Алдабергенова Сая апай, Утепова Мөлдір апай
2-жүргізуші: Сайыс түрлерімен таныс болыңыздар.
1. Таныстыру.(газет шығару)
2. Өз өнерін көрсету.(тәжірибелер жасау)
3. Химияның «сән әлемі»
4.Химиялық элементтер күнделікті тағамда
5.Сөзжасам
6. Сиқырлы ұяшықтар
2 –жүргізуші: Әр топ өздерін таныстырып өтсе.
1-жүргізуші:Мақсат, алғашқы сайысымызды бастасақ қалай болады?
2-жүргізуші: Жарайды,Зайнап бастасақ бастайық. « Өнерге әркімнің-ақ бар таласы… » дегендей, біздің химиктеріміз өз өнерлерін қызықты тәжірибелер жасап, химияның қыр сырымен байланыстырып, біздерді таң қалдырды.
1-жүргізуші: Бір өкініштісі, тәжірибе кезінде қауіпсіздік техника ережелерін қатаң сақтау мақсатында сіздерге тек бейнематериалдар арқылы ғана көрсете аламыз.
2-жүргізуші: Әділ қазы алқасы бір күн бұрын қыздарымыздың өнерін көріп,
I –турымызға қатысты; бағасын бүгін береді.
1-жүргізуші: Сонымен, химиктеріміздің қызықты тәжірибелеріне назар аударсақ.Тәжірибелер көрсетіледі.
2-жүргізуші: Адамдарға арман болған қашаннан,
Түрлі киім химияның құдіретімен жасалған.
1-жүргізуші: Қане, қайсы әдемі екен, шақырайық ортаға,
Химиктерді «сән әлемін» шарлаған.
2-жүргізуші: Кезекті әнге берсек, бәріміз бір сергіп қалар еді.
1-жүргізуші: Олай болса, орындауындағы тамаша әнді
қабыл алыңыздар.
2-жүргізуші: Мен химик оқушыға қайран қалам!
Сан қилы формуланы жаттап алып
Химияның әлемінде сайрандаған.
1-жүргізуші: Мен химик оқушыға қайран қалам!
Химияның элементін іздеп жүріп,
Күнделікті тағамнан да тауып алған.
2-жүргізуші: Біздің химиктеріміз тағамның құрамында қандай химиялық эле-
мент бар екенін ғана емес, ол элементтің ағзаға қандай пайдасы бар екенін зерт-теп жүр екен. Қандай керемет!
1-жүргізуші: Таң қалып тұра береміз бе ?! Кезекті «дәмді тағамдар» сайысына береміз.
2-жүргізуші: Жақсы, ортаға әр топтан бір оқушыны шақырамыз.Олар жасаған салаттарын әділ қазы алқасына әкеліп, құрамындағы адам ағзасына пайдалы химиялық элементтермен таныстырып шығады.
1-жүргізуші: Келесі сайысымызға кезек береміз. Бұл сайыста бір сөз беріледі.
Сол сөзден сайыскерлер химияға қатысты сөздер құрап жазуы тиіс. Ең көп сөз құраған топ жеңіске жетеді.
2-жүргізуші: Бұл қандай сөз екен? Құпия сөзді әділ қазы алқасынан білсек…
Құпия сөз 3 мин. уақыт беріледі.
1-жүргізуші: Ал енді сайыскерлер сөздер құрап жазамын дегенше көрермен-
дермен бір ойын ойнасақ қайтеді?
2-жүргізуші: Қандай ойын?
1-жүргізуші: Химиялық жұмбақтар шешіп ойнайық! Жауабын дұрыс тапқан көрерменімізге сыйлықтармыз бар.
2-жүргізуші: Сонымен,ең алғашқы жұмбақ.
Сыныптан бір шықпайды,
Тимесең жұқпайды.
Жәрдемісіз бұл заттың
Оқушы сабақ ұқпайды.
(Бор).
1-жүргізуші: Салмағың бар өлшесем,
Көрінбейсің көзге сен.
(Ауа).
2-жүргізуші: Табылса бұрын там-тұмнан,
Қазір көп әрбір өлкеде.
Қымбат болды алтыннан
Қандай металл ертеде.
(Мыс,аллюминий).
1-жүргізуші: Болмаса да айқын түсі тұманды,
Иісі бар көңіл ашар ұнамды.
«Шаттандырғыш» қандай газды білесің,
Кім айтады, қосылысын нанымды.
(Азоттың шала тотығы –
N2O және оттегі.)
2-жүргізуші: Сайысқа қатысушылар, сіздерге берілген уақыт бітті.
(Топ мүшелерінің жазған сөздері жинап алынып, әділ қазы алқасына беріледі).
1-жүргізуші: орындауында әдемі бір ән тыңдаңыздар.
(Ән аяқталғаннан кейін жүргізушілер ортаға шығады).
2-жүргізуші: Амал қанша көңілдегі осы арман,
Кейде іске аспай шабыт,шіркін, қасарған.
Бір бәйге алмай қайту қандай күйініш
Бүгінгідей ұлан-асыр сайыстан.
1-жүргізуші: Немене сонша уайымдап тұрсың, өзің бір сайысқа қатысып тұрғандай ? Әлде «жеңімпаз » қай топ болады деп ойланып кеттің бе?
2-жүргізуші: Шынымен, қай топ болады екен? Тезірек білгім келіп тұр.
1-жүргізуші: Олай болса, неге тұрмыз? Сайысымыздың бағасын беріп, әділ ше-
шімін шығарып, «жеңімпазды» анықтайтын әділ қазы алқасына сөз бермейміз бе?!
2-жүргізуші: Дұрыс айтасың, сонымен сөз кезегі әділ қазы алқасына беріледі.
Әділ қазы алқасы сайыстың қорытындысын шығарып, «жеңімпазды» анық-
тайды;сайысқа қатысушыларды марапаттайды.
Қорытынды сөз мұғалімдерге беріледі.
2-жүргізуші: Арулардың құрметіне тамаша ән жолдаймыз.,бүгінгі сайысқа қатысушы аруларды биге шақырамыз!