Білімділік: Химиялы? реакция те?деулерін жаза отырып, реакция типтерін аны?тау?а ?йрету. Химиялы? формула, химиялы? те?деу ??ру да?дыларын дамыта отырып, рекция типтеріні? бір- брінен айырмашылы?ын к?ре білуге ?йрету.
Дамытушылы?: О?ушыларды? ерік пен дербестігін дамыту
Т?рбиелік: ?ылыми - саналылы??а т?рбиелеу
?йымдастыру кезе?і:
О?ушылармен амандасу, т?гелдеу;
О?ушылар назарын саба??а аудару.
Сыныпта жа?ымды ахуал ?алыптастыру.
?й ж?мысын тексеру.
Та?тада жапыра?тар жабысып т?рады. О?ушылар ?з еріктері бойынша жапыра?тарды та?дап, сол жапыра?тарда жазылып т?р?ан ?й ж?мысы бойынша с?ра?тар?а жауап береді:
Зат м?лшері
Авогдаро саны, молярлы? масса
M=M*v ?р та?баны? нені білдіретінін атап, зат м?лшеріні? формуласын жазу.
Жа?а та?ырып:
Айырылу
?осылу
Алмасу
Орынбасу
Химиялы?
реация
?осылу
Айырылу
Орынбасу
Алмасу
?осылу реакциясы. ?зіні? аты айтып т?р?андай б?л типке заттарды? ?зара бірігуінен жа?а к?рделі затты? т?зілуі жатады. О?ан б?рын да ?арастырыл?ан темір мен к?кіртті? ?ыздыр?анда ?рекеттесуін мысал ретінде алайы?:
Fe+S=FeS CaO+ H2O=Ca(OH)2
CaO+H2O+CO2=Ca(HCO3)2
Екі немесе бірнеше затты? бірігіп, бір к?рделі зат?а айналуын ?осылу реакциясы деп аталады. ?осылу реакциясына е? кемі екі зат ?атнасады.
Б?дан суды? ?рбір молекуласы ыдыра?анда екі газ к?йіндегі жа?а зат: сутек пен оттек т?зілетіні к?рініп т?р.
?аза?станны? жерінде к?п кездесетін таби?и байлы? ?ктасты? ?ызуды? ?серінен айрылуын ?арастырайы?:
CaCO3=CaO+CO2
Бір затты? бірнеше зат?а айналып ыдырауын айрылу реакциясы деп аталады.
Орынбасу реакциясы. Б?л реакция типіне жай заттар мен к?рделі заттарды? ?рекеттесіп, жа?а жай ж?не к?рделі заттар т?зуі жатады. О?ан темір шегені мыс (ІІ) хлоридіні? CuCl2 ерітіндісіне батыр?анда ж?ретін химиялы? реакция мысал бола алады. К?кшіл ерітіндіге мыс атомы темірді? ?серінен ы?ысып шегені? бетіне ?онады. Ал ерітіндіге бастап?ы к?кшіл т?сі сол?ын тартып, жасылдау т?ске айнала бастайды, ?йткені т?зілетін ?нім темір хлоридіні? (ІІ) FeCl2 т?сі жасылдау.Олай болса, реакция те?деуін былайша ?рнекдеуге болады.
Fe+CuCl2=Cu+FeCl2
Zn+2HCl=ZnCl2+H2
К?рделі затты? ??рамында?ы бір элемент атомыны? орнын бас?а жай затты? атомы басатын,к?рделі зат пен жай зат арасында?ы реакцияны орынбасу реакциясы деп аталады.
Алмасу реакциясы. Б?л реакция типіне тек екі к?рделі затты? ?рекеттесу мысал болады. Олар ?зара ??рам б?ліктерімен алмасып, жа?а екі зат т?зеді.
CuO+H2SO4=CuSO4+H2O
Мыс (ІІ) сульфаты
Екі к?рделі затты? ??рамында?ы атомдар (атомдар тобы) біріні? орнын бірі басуы ар?ылы ж?ретін реакция алмасу реакциясы деп аталады.
Fe2O3+6HNO3=2Fe(NO3)3+3H2O
Бекіту:
?р о?ушы?а алдына А3 форматты ?а?аздар беріледі. О?ушылар сол ?а?аздар?а ?здеріне берілген реакция тптері бойынша мысалдар келтірулері керек.
Тест с?ра?тары
1. Екі жай зат ?атысып,бір к?рделі зат т?зетін реакция.
А) айырылу. В)орынбасу.
Б) ?осылу. Г) алмасу.
2.Химиялы? реакцияларды? неше типі болады?
А) 2 В) 4
Б) 3 Г) 5
3. Орынбасу реакциясын к?рсет.
А)C + 2H2 = CH4 В)NaOH + HCl = NaCl + H2O
Б) CaCO3 = CaO + CO2 Г) Zn + 2HCl = ZnCl2 + H2
4.Айырылу реакциясыны? белгісін табы?ыз.
А)бір к?рделі заттан екі немесе одан да к?п зат т?зеді.
Б)екі жай зат бірігіп, бір к?рделі зат т?зеді.
В) екі к?рделі заттан екі бас?а к?рделі зат т?зіледі.
Просмотр содержимого документа
«Химиялы? реакцияларды? типтері»
Сабақ жоспары
Химия
8 сынып
Сабақтың тақырыбы: Химиялық реакциялардың типтері.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Химиялық реакция теңдеулерін жаза отырып, реакция типтерін анықтауға үйрету. Химиялық формула, химиялық теңдеу құру дағдыларын дамыта отырып, рекция типтерінің бір- брінен айырмашылығын көре білуге үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың ерік пен дербестігін дамыту
Тәрбиелік: Ғылыми - саналылыққа тәрбиелеу
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу, түгелдеу;
Оқушылар назарын сабаққа аудару.
Сыныпта жағымды ахуал қалыптастыру.
Үй жұмысын тексеру.
Тақтада жапырақтар жабысып тұрады. Оқушылар өз еріктері бойынша жапырақтарды таңдап, сол жапырақтарда жазылып тұрған үй жұмысы бойынша сұрақтарға жауап береді:
Зат мөлшері
Авогдаро саны, молярлық масса
M=M*v әр таңбаның нені білдіретінін атап, зат мөлшерінің формуласын жазу.
Жаңа тақырып:
Айырылу
Қосылу
Алмасу
Орынбасу
Химиялық
реация
Қосылу реакциясы. Өзінің аты айтып тұрғандай бұл типке заттардың өзара бірігуінен жаңа күрделі заттың түзілуі жатады. Оған бұрын да қарастырылған темір мен күкірттің қыздырғанда әрекеттесуін мысал ретінде алайық:
Fe+S=FeS CaO+ H2O=Ca(OH)2
CaO+H2O+CO2=Ca(HCO3)2
Екі немесе бірнеше заттың бірігіп, бір күрделі затқа айналуын қосылу реакциясы деп аталады. Қосылу реакциясына ең кемі екі зат қатнасады.
Айрылу реакциясы. Бұл типке күрделі заттардың ыдырап, қарапайымдау заттарға айнау реакциялары жатады. Оған су молекуласының тұрақты тоқтың әсерінен ыдырауының химиялық теңдеуін мысалға алайық.
2H2O=2H2+O2
Бұдан судың әрбір молекуласы ыдырағанда екі газ күйіндегі жаңа зат: сутек пен оттек түзілетіні көрініп тұр.
Қазақстанның жерінде көп кездесетін табиғи байлық әктастың қызудың әсерінен айрылуын қарастырайық:
CaCO3=CaO+CO2
Бір заттың бірнеше затқа айналып ыдырауын айрылу реакциясы деп аталады.
Орынбасу реакциясы. Бұл реакция типіне жай заттар мен күрделі заттардың әрекеттесіп, жаңа жай және күрделі заттар түзуі жатады. Оған темір шегені мыс (ІІ) хлоридінің CuCl2 ерітіндісіне батырғанда жүретін химиялық реакция мысал бола алады. Көкшіл ерітіндіге мыс атомы темірдің әсерінен ығысып шегенің бетіне қонады. Ал ерітіндіге бастапқы көкшіл түсі солғын тартып, жасылдау түске айнала бастайды, өйткені түзілетін өнім темір хлоридінің (ІІ) FeCl2 түсі жасылдау.Олай болса, реакция теңдеуін былайша өрнекдеуге болады.
Fe+CuCl2=Cu+FeCl2
Zn+2HCl=ZnCl2+H2
Күрделі заттың құрамындағы бір элемент атомының орнын басқа жай заттың атомы басатын,күрделі зат пен жай зат арасындағы реакцияны орынбасу реакциясы деп аталады.
Алмасу реакциясы. Бұл реакция типіне тек екі күрделі заттың әрекеттесу мысал болады. Олар өзара құрам бөліктерімен алмасып, жаңа екі зат түзеді.
CuO+H2SO4=CuSO4+H2O
Мыс (ІІ) сульфаты
Екі күрделі заттың құрамындағы атомдар (атомдар тобы) бірінің орнын бірі басуы арқылы жүретін реакция алмасу реакциясы деп аталады.
Fe2O3+6HNO3=2Fe(NO3)3+3H2O
Бекіту:
Әр оқушыға алдына А3 форматты қағаздар беріледі. Оқушылар сол қағаздарға өздеріне берілген реакция тптері бойынша мысалдар келтірулері керек.
Тест сұрақтары
1. Екі жай зат қатысып,бір күрделі зат түзетін реакция.
А) айырылу. В)орынбасу.
Б) қосылу. Г) алмасу.
2.Химиялық реакциялардың неше типі болады?
А) 2 В) 4
Б) 3 Г) 5
3. Орынбасу реакциясын көрсет.
А)C + 2H2 = CH4 В)NaOH + HCl = NaCl + H2O
Б) CaCO3 = CaO + CO2 Г) Zn + 2HCl = ZnCl2 + H2
4.Айырылу реакциясының белгісін табыңыз.
А)бір күрделі заттан екі немесе одан да көп зат түзеді.
Б)екі жай зат бірігіп, бір күрделі зат түзеді.
В) екі күрделі заттан екі басқа күрделі зат түзіледі.
Г) бір жай зат және бір күрделі зат қатысады.
5.Темір шегені мыс хлориді () ерітіндісіне салғанда жүзеге асатын химиялық реакция.
А) айырылу. В) алмасу.
Б) орынбасу. Г) қосылу
6.Мына реакция теңдеуін теңестіріп, қай типке жататынын анықта.
Al + S = Al2S3
А)3Al + S = Al2S3 Орынбасу.
Б) Al + S = Al2S3 Алмасу.
B)2Al + 3S = Al2S3Қосылу.
Г)4Al +6 S = 2Al2S3 Айырылу.
Бағалау критерийлері:
Барлық жауап «5»
Бір қате «4»
Екі – үш қате «3»
Тест сұрақтары
1.Бір күрделі заттан екі немесе одан да көп жай зат түзілетін реакция.
А) айрылу. В)алмасу.
Б) қосылу. Г) орынбасу.
2. Қосылу реакциясын көрсет.
А)C + 2H2 = CH4 В)NaOH + HCL = NaCl + H2O
Б) CaCO3 = CaO + CO2 Г) Zn + 2HCl = ZnCl2 + H2
3. Орынбасу реакциясының белгісін көрсет.
А)бір күрделі заттан екі немесе одан да көп зат түзеді.
Б) бір жай зат және бір күрделі зат қатысады.
В) екі күрделі заттан екі басқа күрделі зат түзіледі.
Г) екі жай зат бірігіп, бір күрделі зат түзеді.
4. 2.Химиялық реакциялардың неше типі болады?
А) 2 В) 5
Б) 4 Г) 3
5. Мыс сымды жаққанда мыстың оттегімен әрекеттесу реакциясы.
А) айырылу. В) қосылу
Б) орынбасу. Г) алмасу.
6.Мына теңдеуді теңестіріп, қай типке жататынын анықта.
ZnO = Zn + O2
А)ZnO = 2Zn + O2 Қосылу.
Б)4ZnO = 2Zn +2O2 Алмасу.
В)2ZnO = Zn + O2 Орынбасу.
Г)2ZnO = 2Zn + O2 Айырылу
Бағалау критерийлері:
Барлық жауап «5»
Бір қате «4»
Екі – үш қате «3»
Жауап кілті
1 - нұсқа
1
2
3
4
5
6
б
в
г
а
б
В
2 - нұсқа
1
2
3
4
5
6
а
а
б
б
в
г
Үй жұмысы: §19. Әр реакция типтеріне 5 мысалдан келтіру.
Рефлексия:
Маған сәл қиын болды
Маған өте қиын болды
Бірақ та, мен түсіндім
Сабақты қорытындылау. Оқушылардан сабақ жайлы ойларын, тақырып жайлы сұрау.