|   5мин   |    I кезең. Ұйымдастыру бөлімі.  Оқушылармен амандасу. Сабаққа дайындықтарын тексеру.    Сабақтың мақсатын қойып тақырыппен таныстыру.        Сұрақ жауап: Тізбек ойыны (Мұғалім кез келген оқушыға сұрақ қояды. Ол оқушы жауап бергеннен кейін келесі оқушыға өзінің сұрағын қояды. Осылайша тізбектей оқушылар бір-бірлеріне сұрақтар қойып шығады) 1.      Үшбұрыш дегеніміз не? Ж: Бір түзудің бойында жатпайтын үш нүктені кесінділермен қосқанда шығатын геометриялық фигураны үшбұрыш деп атаймыз. 2.      Қабырғалары бойынша үшбұрыштар неше түрге бөлінеді? Үшбұрыштарды ата. Ж: үш түрге бөлінеді. Тең қабырғалы, тең бүйірлі, қабырғалары  әр түрлі болатын үшбұрыш. 3.      Бұрыштары бойынша үшбұрыштар неше түрге бөлінеді? Үшбұрыштарды ата. Ж: үш түрге бөлінеді. Сүйір бұрышты, доғал бұрышты, тік бұрышты үшбұрыш.. 4.      Егер үшбұрыштың екі бұрышы тең болса, онда үшбұрыш теңбүйірлі  деп аталады. 5.      Үшбұрыштың сыртқы бұрышы деген не? Ж: Үшбұрыштың сыртқы бұрышы үшбұрыштың төбесіндегі бұрышпен сыбайлас бұрышты айтады 6.      Тікбұрышты үшбұрыштың гипотенузасы катеттен (кіші, тең, үлкен) болады.   |    Таратпа         |  
  |                  6 мин                                                                                                                                                                                                                             10 мин                                                                                                                                                                                                                                                                  10 мин.            5 мин                                                                                                                                                       |     II кезең. Жаңа сабақ  Теориялық бөлім   
      1 теорема. Үшбұрыштың үлкен қабырғасына үлкен бұрышы қарсы жатады және керісінше, үлкен бұрышына үлкенқабырғасықарсы жатады.       1-сурет   АВС үшбұрышында АС қабырғасы АВ қабырғасынан үлкен болсын.   ∠В  ∠С теңсіздігі орындалатынын дәлелдейік.   Ол үшін АС-ның бойына АВ-ға тең ADкесіндісін өлшеп саламыз.        2- сурет   AD=AB   Сондықтан ∠1 В бұрышының бөлігі болып табылады және ∠1∠В.   Ал ∠2 BDC үшбұрышының сыртқы бұрышыболғандықтан, ∠2=∠С+∠DBC теңдігі орындалады.∆ABD теңбүйірлі үшбұрыш болғандықтан, ∠1=∠2.Олай болса, ∠В∠1=∠2∠C теңсіздігі орындалады.   Керісінше, АВС үшбұрышында ∠В ∠С теңсіздігі орындалсын.   Онда АСАВ теңсіздігі орындалатынын көрсетейік.Қарсы жорып, бұл теңсіздік орындалмайды делік.Онда не АС=АВ, не АС ∠В=∠С теңдігі орындалар еді, бұл ∠В∠Стеңсіздігіне қарсы келеді.Егер АС ∠В∠С теңсіздігі орындалуы қажет, бұл да ∠В∠С теңсіздігіне қарсы келеді.   Онда біздің қарсы жоруымыз қате, яғни АСАВ теңсіздігі орындалады.   Теорема дәлелденді.   
      
     Деңгейлік тапсырма   Жұппен жұмыс/– 6 минут/Қосымша №2  Мақсат:Үшбұрыш теңсіздігінің теоремасын қолданып, есептер шешу    Қорытындылау, жұмысты бағалау, өзін-өзі тексеру.  Тапсырма2.Берілген сандар үшбұрыш қабырғалары бола алама?                 1. АВС үшбұрышында AB=4см, ВС=5см, АС=6см. А, В және С бұрыштарын салыстырыңдар.   2. Теңбүйірлі үшбұрыштың бір қабырғасы 20см, ал екіншісі 10см. Бұлардың қайсысы үшбұрыштың табаны болуы мүмкін?  3.Екі қабырғасының ұзындығы 3 см және 7 см болатын тең бүйірлі үшбұрыштың үшінші қабырғасын тап. Жауабы: 3 см            Оқулықпен жұмыс: №3.47  №3.48, №3.49, №3.50        Өзіндік жұмысты толығымен аяқтаған оқушыларға берілетін тест тапсырмалары.  Жекеше жүмыс/  Мақсат: Оқушылардың түсінуі мен пайдалануы тексеріледі  Тест тапсырмалары:    1. АВС үшбұрышының периметрі 15 см. ВС қабырғасы АВ қабырғасынан 2 см үлкен, ал АВ қабырғасы АС-дан 1 см кіші. АВС үшбұрышының қабырғаларын табыңыз.  А) 5 см, 7 см, 3 см   В) 4 см, 5 см, 6 см  С) 5 см, 8 см, 2 см  Д) 8 см, 4 см, 6 см.  2. Төменде көрсетілген сандардың ішінен үшбұрыштың қабырғалары бола алмайтынын таңдаңыз.  1. 10см; 15см; 2 см.  2. 4 см; 7 см; 8 см.  3. 1 м; 2 м; 3,3 м.  4. 3 см, 4 см, 5 см.  А) 2; 3; 4  В) 2; 4  С) 1; 4; 3  Д) 1; 3.  3. Барлық бұрыштары 600-қа тең болатын үшбұрыштың бір қабырғасының ұзындығы 15 см.Үшбұрыштың периметрін табыңыз.    А) 35 см  В) 45 см  С) 48 см  Д) 55 см.  4. Тең бүйірлі үшбұрыштың екі қабырғасы 5 см және 6 см. Үшінші қабырғасын табыңыз.  А) 5 см немесе 6 см  В) 5 см  С) 5 см немесе 10 см  Д) 6 см.  5. Егер үшбұрыш қабырғалары 4 және 9 болса, үшінші қабырғаның үлкен бүтін мәні қандай болатынын табыңыз.  А) 13 см  В) 9 см  С) 12 см  Д) 14 см  6. АВС үшбұрышының АВ қабырғасы 5 см, ВС қабырғасы АВ қабырғасынан екі есе үлкен, ал АС қабырғасы ВС қабырғасынан 2 см кіші. Үшбұрыштың периметрін табыңыз.  А) 23 см  В) 13 см  С) 25 см  Д) 12 см       |        Жұмыс парақшалары  Сызғыш, өшіргіш, қарындаш, маркер                Таратпа қағаздар                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                           |  
  |   Өткен    материалды қайталау мен тапсырмаларды орындау барысында саралау жүзеге асырылады. Тапсырмалар оқушылардың қабылдау ерекшеліктеріне, тапсырма қиындығына байланысты, оқушының іс-әрекетін ұйымдастыру формалары: топпен, жұппен және жекеше жұмыс түрлеріне сай ұсынылды.   |    Бақылау және комментарий жасау, ауызша немесе жазбаша сұрақтар арқылы бағалау жүреді. Жұппен, топпен жұмыста әрбір оқушының қатысуы қадағаланады.   |    Сабақта барлық оқушыларға жағымды әсер ету үшін жағдай жасалды.    Оқушылардың зерттеушілік қасиеттерінің дамуына, өзара бірлесіп жұмыс атқаруына, бірін-бірі тыңдап, көмекке келу немесе сөз саптау, түсініктеме беру, сурет арқылы беруге баса назар аударылады.   |