|   Б.К.Мергенбаев атындағы №226 гимназия.   |    Дүйсенбаева Индира Жеңісқызы         |    Пәні: география   |  
  |       Сабақ жоспары   |    Күні: 05.03.2015жыл       |    Сыныбы: 6-А   |  
  |   Сабақтың тақырыбы   |    Жел,негізгі түрлері және себептері, ауа массалары   |  
  |   Сілтемелер, үйлестірме материалдары   |    6 сынып физикалық география оқулығы (Ә.Бірмағанбетов, К.Мамырова «Атамұра» баспасы, 2015 жыл), танымдық тапсырмалар , АТҚ материалдары   |  
  |   Жалпы мақсаты   |    Жел, желдің түрлері және ауа массалары туралы білімдерін дамыту, өз беттерімен жұмыс жасауға дағдыландыру    Ауа массаларының түрлерімен таныса отырып, ерекшеліктерін анықтау  Жел өрнегін сызуды үйрену     |  
  |   Күтілетін нәтиже   |    -Жел, желдің түрлері туралы білім қалыптастырады. Оқушының білімі тереңдейді.Түйінді, өзіндік пікір білдіре алады.    - Топпен, жұппенжұмыс жасау дағдысы қалыптасады.   |  
  |   Қолданылатын әдіс-тәсілдер   |    1 Топтық жұмыс  2 Жұптық жұмыс  3 АКТ   |  
  |   Уақыты   |    Өткізу кезеңдері   |    Мұғалімнің іс-әрекеті   |    Оқушының іс-әрекеті   |    Ресурс   |  
  |   2мин   |    Сәлемдесу   |    I Ұйымдастыру кезеңі  а) сәлемдесу  б) топқа бөлу   |    Оқушылар сабаққа дайындалады   |         |  
  |   3 мин   |    Топқа бөлу   |    Оқушыларды барометр, сейсмограф, гигрометр, эхолот деп географиялық құралдардың аттары арқылы төрт топқа бөліп алу.      Әр топтың көшбасшысына бағалау парағын таратамын.   |    Оқушылар төрт топқа бөлінеді.          Көшбасшы бағалау парағына тобында отырған оқушылардың аты-жөнін жазады.   |    Үлестірмелі қағаздар          Бағалау парағы.   |  
  |   10  мин   |    Үй тапсырмасын сұрау      «Бес саусақ»арқылы бағалау       |    II Үй тапсырмасы      Һ- салыстырмалы биіктік  Р₀- төменгі қысым  Р1- жоғарғы қысым  Һ=10 · (Һ₀ - Һ₁)  Оқушыларға атмосфералық қысымға құрылған есептерді таратып беремін.  Әр топта отырған бес оқушы жеке орындайды.  1. Ұшақ қандай биіктікте ұшып барады?  Һ₀ - 760 мм с.б.  Һ₁ - 470 мм с.б.  2.Ұшақ қандай биіктікте ұшып барады?  Һ₀ - 720 мм с.б.  Һ₁ - 540 мм с.б.  3.Ұшақ қандай биіктікте ұшып барады?  Һ₀ - 750 мм с.б.  Һ₁ - 250 мм с.б.  4.Ұшақ қандай биіктікте ұшып барады?  Һ₀ - 770 мм с.б.  Һ₁ - 360 мм с.б.  5.Ұшақ қандай биіктікте ұшып барады?  Һ₀ - 710 мм с.б.  Һ₁ - 420 мм с.б.           |        Оқушылар есептерді шығарып дәлелдейді.               |    Үлестірмелі қағаздар   |  
  |   18  мин   |    Жаңа сабақ  «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бағалау       |    Тақырыптың ішінен негізгі тұжырымды тауып постер жасап қорғайды.  1-топ  «Жүзім шоқтары» - жүзім шоқтары салынған сызбаға жел, желдің пайда болуы туралы негізгі мәліметтерді жазады.  2-топ  «Венн диаграммасы» - бриз және муссон желдерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын жазады.  3-топ  «Ассоциация»- ауа массаларының түрлері мен ерекшеліктерін жазады.  4-топ   Жел өрнегін сызып түсіндіреді.       |        Оқушылар берілген тапсырманы топтасып түсіндіреді. Бір-біріне әр топ сұрақ қояды.      Топтық жұмыста қарым-қатынасы нығаяды.         |    6-сынып оқулық   |  
  |   7  мин   |    Жұптық жұмыс  «Бас бармақ» бағалау   |    Оқушыларға желдің белгілі бір уақыт ішіндегі, яғни айда түрлі бағытта соққан күн саны жазылған парақша таратылады. Жұптасып жел өрнегін сызады.      1.Оңтүстік батыс желі 10 күн, батыс желі 5 күн, оңтүстік желі 2 күн, шығыс желі 3 күн, солтүстік шығыс желі 8 күн, солтүстік желі 2 күн.      2.Солтүстік батыс желі 10 күн, батыс желі 5 күн, оңтүстік желі 4 күн, шығыс желі 2 күн, солтүстік желі 3 күн, оңтүстік батыс желі 3 күн, оңтүстік шығыс желі 3 күн.     3.Солтүстік батыс желі 5 күн, батыс желі 3 күн, оңтүстік желі 5 күн, шығыс желі 2 күн, солтүстік желі 3 күн, оңтүстік батыс желі 2 күн, оңтүстік шығыс желі 10 күн       |    Топта отырған оқушылар бір-бірімен жұптасып талдайды, сызады.   |    Оқулық, дәптер   |  
  |   1 мин                  2 мин   |     Үйге тапсырма                      Бағалау   |    Мазмұндау. Халық ауыз әдебиетіндегі теріскей жел, қоңыр жел, өкпек желдеріне сипаттама.                Сабақ соңында мұғалімнің бағасы оқушылардың өздері қойған бағаларды қосып, жиынтық баға шығару.        Критерий арқылы бағалау  12-14 «5»   9-11 «4»   6-8 «3»         |    Білім қалыптастырады                  Күнделіктерін ұсыну   |                           күнделік   |  
  |   2  мин   |    Рефлексия                         |    «Кішкентай адам»  1. Басымызды қандай білімдермен толықтырдық?  2. Жүрегімізге қалай қабылдадық?  3. Қолымызбен не істей аламыз?              |    Кері байланыс орнатады.  Берілген сұрақтарға өздерінің ішкі толғаныстарын жазу   |    Стикер   |