Қазақстанның физикалық географиясы пәні бойынша 8 сыныпқа арналған
 тест тапсырмалары.
 І нұсқа
 1. Қазақстан қай материкте орналасқан:
 а) Солтүстік Америкада, ә) Еуропада, б) Еуразияда, в) Азияда, г) Африкада.
 2. Қазақстан Республикасының жер көлемі қанша:
 а) 2,7 млн. кв.км, ә) 1,7 млн. кв.км, б) 4,7 млн кв. км, в) 0,7 млн.кв.км, г) 1,9 млн.кв.км.
 3. Қазақстан жер көлемі жөнінен дүние жүзінде нешінші орында:
 а) 1-ші орында, ә) 9-шы орында, б) 5-ші орында, в) 13- ші орында, г) 3-ші орында.
 4. Қазақстан Республикасы батыстан шығысқа дейін қанша км –ге созылып жатыр:
 а) 2000 км, ә) 1500 км, б) 3000 км, в) 4500 км, г) 1600 км.
 5. Қазақстан Республикасы солтүстіктен оңтүстікке дейін қанша км-ге созылып жатыр:
 а) 500 км, ә) 1000 км, б) 2000 км, в) 1550 км, г) 1650 км.
 6. Қазақ тілі қандай тіл семьясына жатады: а) үнді- еуропалық, ә) оралдық, б) ағылшындық, в) алтайлық, г) тибеттік.
 7. Қазақстан қай жылы БҰҰ-ға мүше болып қабылданды:
 а) 10.12.1993, ә) 25.10.1992, б) 02.03.1992, в) 17.12.1991, г) 16.12.1991.
 8. Қазақстанның шығысындағы тау:
 А) Алтай, ә) Мұғалжар, б) Қаратау, в) Маңғыстау, г) Ақтау.
 9. Хан Тәңірі шыңын алғаш зерттеген саяхатшы- ғалым:
 а) Н. Пржевальский, ә) Л.С.Берг, б) П.П.Семенов Тянь-Шанский, в) Әл-Фараби, г) М.Әуезов.
 10. Қазақстандағы ең биік тау шыңы:
 а) Талғар, ә) Боқтыбай, б) Ұлытау, в) Хан- Тәңірі, г) Жеңіс.
 11. Қазақстандағы теңіз деңгейінен ең төмен жатқан жер:
 а) Қайыңды, ә) Қарақия, б) Каспий маңы, в) Тұран ойпаты, г) Үстірт.
 12. 22 жасында Орыс География қоғамына мүше болған қазақ ғалымы:
 а) Қ. Сәтбаев, ә) Ш. Уәлиханов, б) Ә. Марғұлан, в) Әл-Фараби, г) Ж.Күдерин.
 13. Шоқанның досы, орыс саяхатшысы:
 а) А.С.Пушкин, ә) М.Маклай, б) Н.Потанин, в) Қ.Сәтбаев, г) В.Беринг.
 14. Еуропалықтарға белгісіз,Қытай жеріне саяхат жасап, Іле, Жоңғар Алатауын зерттеген саяхатшы-ғалым:
 а) Пржевальский, ә) Семенов- Тянь –Шанский, б) Н.Потанин в) Ш.Уәлиханов, г) Қ.Сәтбаев.
 15. Кембрийге дейінгі қатпарлыққа жатады:
 а) Каспий маңы ойпаты, ә) Сарыарқа, б) Тянь-Шань таулары, в) Алтай, г) Орал.
 16. Кайназойда Қазақстан тау жүйелері:
 а) төмен түсті, ә) екінші рет қайта көтерілді, б) өзгеріссіз қалды, в) көтерілді, г) бірнеше рет көтерілді.
 17. Ғылымда тау жынысының жасын анықтайтын екі әдіс:
 а) жылдық-ғасырлық, ә) эралар-дәуірлер, б)замандар-ғасырлар, в) салыстырмалы-дәуірлер, г) салыстырмалы-абсолюттік.
 18. Қазақстандағы ең ірі тасты шөл:
 а) Бетпақдала, ә) Қызылқұм, б) Қарақұм, в) Сарыесік –Атырау, г) Мойынқұм.
 19. Теңіз деңгейінен төмен жатқан ойпат:
 а) Тұран ойпаты, ә) Батыс Сібір ойпаты, б) Каспий маңы ойпаты, в) Үстірт, г) Арал маңы.
 20. Қазақстандағы биік таулы өлке:
 а) Алтай, ә) Жоңғар Алатауы, б) Үстірт, в) Тарбағатай, г) Тянь-Шань.
 
  Жауаптары:
 1-б, 2-а, 3-ә, 4-б, 5-г, 6-в, 7-б, 8-а, 9-б, 10-в, 11-ә, 12-ә, 13-б, 14-в, 15-а,
  16-ә, 17-г, 18-а, 19-б, 20-г,
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
  
  8- сыныпқа арналған тапсырмалар:
  I кезең .Практикалық бөлім. 1.Қазақстан, Украина, АҚШ, Бразилия елдері қандай климаттық белдеуде  жатқанын анықтаңдар.
  ІІ кезең.Практикалық бөлім. 
  1.     Төмендегі терминдерге сипаттама бер:
  Платформа, сейсмология, прерий, климат, циклон, бұғаз, арал, жел,
   2. Тәуліктің орташа температурасын мына көрсеткіштер бойынша есептеп шығарыңдар:  
  8с, 12с ,17с ,6с
  
 
 
 
 
 География пәні бойынша 7 сыныпқа арналған тест тапсырмалары:
 І нұсқа
 1. Жер шары бетінің жалпы ауданы қанша шақырымға тең:
 а) 361,1 млн шқ ә)510,2 млн шқ б) 149,1 млн шқ, в) 330,5 млн шқ, г) 720,2 мың шқ.
 2 « География» ұғымын енгізген:
 а) Аристотель, ә)Эратосфен, б) Геродот, в) Страбон, г) Пифагор.
 3. Ай мен күннің тұтылу себептерін дәлелдеген:
 а) Эратосфен, ә) Птоломей б) Аристотель, б) Ф.Дрейк, г) Страбон.
 4. Жаңа Гвинея мен Тынық мұхит аралдарын зерттеген:
 а) Р. Пири, ә) Р. Стэнли, б) Н.М.Пржевальский, в) А. Гумбольдт, г) Н.Н.Миклухо-Маклай.
 5. Халықаралық Геофизикалық жыл:
 а) 1955-1956, ә) 1920-1921, б) 1959-1960, в) 1957-1958. г) 1910-1911.
 6. Американың ашылған жылы:
 а) 1492ж, ә) 1522ж, б) 1511ж, в) 1498ж, г) 1482ж.
 7. Карталар мазмұны бойынша неше топқа бөлінеді:
 а)3 топқа, ә) 2 топқа, б) 4 топқа, в) 5 топқа, г) 6 топқа.
 8. Карталар масштабы бойынша неше топқа бөлінеді:
 а) 6топқа, ә) 5топқа, б) 4топқа, в)3топқа, г) 2топқа.
 9. Герцин қатпарлығы қандай дәуірлерге сәйкес келеді:
 а) девон, тас көмір. ә) бор, юра б) триас, бор. В) антропоген, неоген. г) палеоген, неоген.
 10. Альпі қатпарлығы қай эраға сәйкес келеді:
 а) палеозой эрасы, ә) мезозой эрасы, б) кайнозой эрасы, в) архей г)протерозой.
 11. Литосфералық тақталар теориясының негізін салған ғалым:
 а) А.Гумбольдт, ә) А. Вегенер, б) Х. Колумб, в) М.Лазарев, г) В. Беринг.
 12. Екі литосфералық тақталардың ажырау шекарасында қандай өзгерістер жүреді: а) су асты жоталары түзіледі, ә) су асты қазан шұңқырлары пайда болады, б) су асты шұңғымалар қалыптасады, в) рифт түзіледі, г) мұхиттық плиталарға ажырайды.
 13. Жер бедері пішіндері ненің әсерінен өзгереді:
 а) ішкі күштер әсерінен, ә) сыртқы күштер әсерінен, б ішкі және сыртқы күштер әсерінен, в) күшті жер сілкінулер әсерінен, г) үгілудің әсерінен.
 14. Полюстерден экваторға қарай жер бетіне келіп түсетін Күн сәулесі мөлшері қалай өзгереді:
 а) артады,ә)азаяды, б) өзгермейді, в) өзгереді, г) бір қалыпты.
 15. Ең көп жауын-шашын қай белдеуде жауады:
 а) субтропиктік, ә) арктикалық, б) тропиктік, в) қоңыржай, г) экваторлық.
 16. Атмосфераныңтең төменгі қабаты:
 а) термосфера,ә) мезосфера, б) тропосфера, в) стратосфера, г) ионосфера.
 17. Қысымы бірдей нүктелерді қосатын сызықтар қалай аталады:
 а) изогипс, ә) изотерма, б) изобар, в) изогиета, г) изобат.
 18. Температуралары бірдей нүктелерді қосатын қисық сызықтар:
 а) изосызықтар, ә) изогиета, б) изотерма, в) изобар, г) изобат.
 19. Экватордан полюстерге жүрген сайын беткі судың температурасы қалай өзгереді: а) төмендейді, ә) өзгермейді, б) жоғарылайды, в) жоғарламайды, г) төмендемейді.
 20.Мұхит суындағы оттегі мөлшерін көбейтетіндер:
 а) нектон, ә) фитопланктон, б) зоопланктон, в) субнектон, г) зооциста.
 Жауаптары: 1-нұсқа
 1-ә, 2-ә, 3-б, 4-г, 5-в, 6-а, 7-ә, 8-в, 9-а, 10-б, 11-ә, 12-а, 13-б, 14-а, 15-г,
 16-б, 17-б, 18-б, 19-а, 20-ә 
 
 
 
 7- сыныпқа арналған тапсырмалар.Топырақ эрозиясы.
 1 кезең
 №2 жұмыс. Жергілікті жер топырағының түрлеріне, топырақ құрылымына және типіне анықтама бер. (оқушылар жергілікті жер топырағын анықтау, сипаттау)