Жинақтап бағалау тесті. География. 7 сынып. Кіріспе. І бөлім. Жер шары табиғатының басты ерекшелікері. 
 1.  Жер шары бетінің жалпы ауданы қанша?
 а) 310,2 млн км2 ; в) 410,2 млн км2 ; с) 510,2 млн км 2 ; 
 д) 610,2 млн км2 ; е) 710,2 млн км2 .
 2.  Жер бетінің қанша пайызын құрлық алып жатыр?
 а) 19,2%; в) 29,2%;  с) 39,2%; д) 49,2%; е) 59,2%.  
 3.  Аралдар тобын не деп атаймыз?
 а) Архипелаг;  в) Материк; с) Шығанақ;  
 д) Бұғаз; е) Дүниежүзілік мұхит.
 4.  Неше дүниенің бөліктері бар?
 а) Үш; в) Төрт; с) Бес; д) Алты;  е) Жеті.
 5.  Тынық мұхитындағы Мариана шұңғымасының тереңдігі қанша?
 а) 9 022 м; в) 10 022 м; с) 11 022 м;  д) 12 022 м; е) 13 022 м.  
 6.  "География ғылымының атасы" деп кімді атаймыз?
 а) Геродот; в) Эратосфен;  с) Страбон; д) Птоломей; е) Рубрук.
 7.  1492 жылы Үндістанға баратын жолды іздеп саяхатқа шыққан саяхатшы?
 а) Фернан Магеллан; в) Америго Веспуччи; с) Христофор Колумб; 
 д) Руаль Амундсен; е) Джеймс Кук.
 8.  Жер шарының математикалық тәсілдер арқылы жазықтықта бейнеленуін не дейміз?
 а) Масштаб; в) Глобус; с) Тақырыптық карта;  
 д) Кешенді карта; е) Картографиялық проекция.   
 9.  Литосфералық тақталар теориясын ұсынған кім?
 а) А. Чириков; в) Н.Пржевальский; с) А.Вегнер; 
 д) Ю.Лисянский; е) М.Лазерев.
 10.  Қазіргі кезде неше литосфералық ірі тақта анықталған?
 а) 7 тақта;  в) 8 тақта; с) 9 тақта; д) 10 тақта; е) 11 тақта.
 11.  Альпі қатпарлығы қай эраға тән?
 а) Архей; в) Протерозой; с) Палеозой; д) Мезозой; е) Кайнозой. 
 12.  Қазіргі алты материк ежелгі біртұтас қандай материктен ажырап шыққан?
 а) Аустралия; в) Лавразия; с) Пангея;  д) Африка; е) Гондвана.  
 13.  Жер қыртысының қозғалмалы белдеулерін не деп атаймыз?
 а) Платформа; в) Геосинклиналь;  с) Плита;  
 д) Материктік жер қыртысы; е) Мұхиттық жер қыртысы.  
 14.  Жер бетінің жиынтығын не дейміз?
 а) Геосинклиналь; в) Платформа; с) Үгілу; д) Эра; е) Жер бедері .
 15.  Ауа райының белгілі бір жерге тән көпжылдық режимін не дейміз?
 а) Изосызықтар; в) Ауа райы; с) Климат;   
 д) Атмосфералық қысым; е) Тропосфера.
 16.  Жер бетінде неше жоғарғы қысым белдеуі бар?
 а) 3; в) 4;  с) 5; д) 6; е) 7.  
  17.  Жер бетінде неше төменгі қысым белдеуі бар?
 а) 3;  в) 4; с) 5; д) 6; е) 7.  
 18.  Белгілі бір жерде ұзақ тұрақтаған ауа сол жерге тән өзіндік температурасына, ылғалдылығына, мөлдірлігіне ие болған, біртекті қасиеттері бар зор көлемдегі ауаның жиынтығын не дейміз?
 а) Атмосфералық қысым; в) Пассат; с) Ауа массасы; 
 д) Жел; е) Климат.  
 19.  Жер шарында неше климаттық белдеу бар?
 а) 10 климаттық белдеу; в) 11 климаттық белдеу; с) 12 климаттық белеу;
 д) 13 климаттық белдеу;  е) 14 климаттық белдеу.
 20.  Тропиктік климаттық белдеуде неге жауын-шашын аз жауады?
 а) Мұхиттардың алыстығынан; в) Ауаның тұрақты төмен бағытталған  қозғалысынан;  с) Ауаның тұрақты жоғары бағытталған қозғалысынан;
 д) Жер бедеріне байланысты; е) Күннің түсу бұрышына байланысты.
 21.  Климат қалыптастырушы факторларды көрсетіңіз?
 а) Географиялық ендік; в) Ауа массалары; с) Жер бедері;
 д) Мұхит және ондағы ағыстар; е) Барлық жауап дұрыс. 
 22.  Мұхиттағы судың тұздылығын немен өлшейді?
 а) Процентпен; в) Изобарамен; с) Промиллемен; 
 д) Градюспен; е) Литрмен.
 23.  Мұхиттардағы беткі ағыстарды не қалыптастырады?
 а) Күннің түсу бұрышы; в) Тұрақты желдер;  с) Мұхиттағы аралдар;
 д) Ауа массалары; е) Мұхит суының тұздылығы.
 24.  Мұхит суының терең тұңғыйығында тіршілік ететін тіршілік дүниесін не дейміз?
 а) Планктон; в) Нектон; с) Бентос;   
 д) Бір жасушалылар; е) Көп жасушалылар.  
 25.  Дүниежүзілік мұхит суында қанша түрі кездеседі?
 а)100 мың; в)120 мың; с)130 мың; д)140 мың; е)150 мың. 
 
 
 
  Бағалау шкаласы: 
  21-25 ұпай аралығы: "5"  ;
  16-20 ұпай аралығы:"4"  ;
  8-15 ұпай аралығы: "3"  ;
  0-7 ұпай аралығы: "2"  .