География әлемі
Мақсаты:Оқушылардың география пәніне қызығушылығын, белсенділігін арттыру, ұйымшылдыққа достыққа, тез ойлап, тез шешім қабылдауға, бір-біріне көмектесуге үйрету, жеке тұлға ретіндедамуын қалыптастыру.
Тапқырлыққа, шешендікке баулу, ізденімпаздыққа тәрбиелеу
 Жүргізуші:
 Құрметті «География әлемі» интеллектуалдық сайысының көрермендері мен қатысушылары. Бүгінгі сайысымызға 6-7 сынып оқушылары қатысады 6-7сыныптары ІІ топ құрайды. Алдарыңызда 6-сынып оқушыларынан құралған  «Сфера»  тобы  және   7-сынып оқушыларынан құралған  «Астана»  тобы.
 Жүргізуші: Көзге түсер жүйріктер бағасымен
Суда ағар таулардың саласымен
Қара қылды қақ жарар алдарыңда
Таныстырайық әділ қазы алқасымен
Математика пәнінің мұғалімі: Сариева Роза
Информатика пәнінің мұғалімі: Ибатова Айнагүл Нұрғалиқызы
Ойын кезеңдері:
 8 кезеңнен тұрады:
 1 - кезең. «Таныстыру»
 2 - кезең. «Ой шашу»
 3 - кезең. «Сиқырлы әріптер»
 4 - кезең. «Үш  тұғырлы тіл»
 5 - кезең «Топ басшылар» сайысы6-кезең«Ұлы тұлғалар»сайысы
7-кезең «Карта-географияның тілі» сайысы
8-кезең. Елтану
                        
                        
                        
                        
                        
                        
                        
                        
        
	
    
                                    
                                    
                                    
                                    