Астана — Қазақстан Республикасының елордасы. Астанада 880 191 адам тұрады (1 мамыр 2016)[3]. Қазір қаланың аумағы 710 км2алып жатыр. Қала Қазақстанның орталық бөлігінің солтүстігінде Ақмола облысында, Есіл өзенінің алабындағы өзен маңы жазықтығында орналасқан.






 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
         
	 
     
                                     
                                     
                                     
                                    