- Климаттың адам өмірі мен оның шаруашылық әрекетіне тигізетін әсері туралы білімдерін қалыптастыру;
  -Карта арқылы жұмысты дамыту.
        | Уақыты Сабақ кезеңдері | Жоспар мазмұны. | Мұғалім іс-әрекеті | Оқушы іс-әрекеті | Ресурстар: Бұл іс-әрекеттер үшін маған не керек? | 
  | Кіріспе 
 | Психологиялық ахуал Ынтымақтастық атмосфера қалыптастыру. Топқа бөліну. | Мұғалім оқушылармен амандасады. «Жүректен жүрекке» оқушылар табиғатқа байланысты тілектерін білдіреді.   Оқушылардың көңіл күйлерін сұрау.   Топқа стикер түстеріне қарай бөліну    Назарларын сабаққа аудару. | Оқушылар табиғатқа байланысты бір-біріне тілек білдіреді. Бүгінгі күндегі көңіл-күйлерін басбармақ, бес саусақ, үш саусақ арқылы білдіреді. Топқа стикер түстеріне қарай топтасады    Нәтижесінде: оқушылар сәлемдеседі, бір-біріне тілек білдіреді. Көңіл күйін басбармақ, бес саусақ, үш саусақ арқылы көрсетеді, сабаққа әзірленеді. Топқа бөлінеді | Қалам   | 
  | Үй жұмысы   Білу 
 
 | Үй тапсырма сы   «Пирами да сұрақтарымен тапсырмалары» , «Синквейн» әдісі арқылы үй жұмысын тексеру   |  Үйге «Агроклиматтық ресурстар» берілген. Үй жұмысын «Пирамиданың сұрақтары мен тапсырмаларын орындау. Сұрақтар жеңілден күрделіге қарай бағытталған.   
 Бүгінгі өтетін тақырыбын айта отырып оқушылармен диалог құру.   | Оқушылар сұрақтар мен тапсырмаларды орындайды, өз ойларын білдіреді және жауап береді.   Нәтиже: Оқушылар арасында диалог құрылады, оқушылар ойынға қатыса отырып қызығады. | Пирамида сұрақтары мен тапсырмалары | 
  | Негізгі бөлім Түсіну Қолдану | Сыни тұрғысынан ойлау модулі бойынша қызығушылықты ояту Оқушылармен диалогқа түсу.   «Көршіне әңгімелеп бер», «Ментальді картамен жұмыс» әдісі   | Мәтінді оқиды. Жұптасып әңгіме құрайды тапсырманы орындайды. Әр топ өздеріне берілген тапсырмаларды орындайды, мәліметтерді толықтырады.   Оқушылармен диалогқа түсу.   
  Құрғақшылық аңызақ   
 Қолайсыз  үсік атмосфералық
   құбылыстар
 
 
 шаңды дауыл көктайғақ 
 1-топ құрғақшылық 2-топ аңызақ 3-топ үсік 4-топ шаңды дауыл 5-топ көктайғақ | Оқушылар өздеріне тапсырылған тапсырмаларды орындайды, қате болса анықтап дұрыс мәліметтерді жазады. Тұсаукесерді қорғайды, орындайды, анықтайды. Әрбір жауаптарын карта арқылы дәлелдеп отырады.   Нәтиже:Оқушылар тапсырманы орындайды, ізденеді, қызығады.   | Оқулық, постер, түсті маркер, қалпақтар   | 
  | 
 | Сергіту сәті.   |  Қанаты жоқ – ұшады,Аяғы жоқ – қашады. (Жел)
Айдаһар аузын ашса, арс етеді.  Гауһары жерге түссе, жарқ етеді. ( найзағай)  Көктен түседі,Жер ішеді.      (Жаңбыр)
Таңмен көзін ашады,  Әдемге нұр шашады. (Күн) | Оқушылар жұмбақты шешеді.   Нәтижесінде: Оқушылар табиғат құбылыстарын көрсетеді. Оқушылар серігіп, сабаққа деген қызығушылығы оянады. | 
 | 
  | Қорытынды: Жинақтау Талдау | «Тауып көр»  әдісі   |  Мұғалім мәліметтерді келтіреді, ал оқушылар олардың қаншалықты шындық екенің анықтайды.  Бұл табиғат құбылысы көп жағдайда аязды ауа райынан кейін сіркіреме жауын жауғанда қалыптасады.   Көмек: әдетте көктемде және күзде ауа райы салқындап, жер беті 0 С-қа дейін суынып, мөлдір және көгілдір жұп-жұқа мұзбен жабылады.     Көктемнің аяқ кезінде, күздің басында, кейде теріскей жақта жазды күндері арктикалық ауа массасының енуіне байланысты болатын құбылыс.   Көмек: Ауаның температурасы қысқа мерзімді 0 С –тан төмендеп, топырақ беті тоңазып кетеді.    Бұл құбылыс желдің жылдамдылығына және топырақ жамылғысының сипатына тығыз байланысты.   Көмек: Ауа құрғақ кезде, борпылдақ топырақты алапта соғатын қатты жел.    Бұл табиғат құбылыстарына қарсы күресу үшін қар тоқтату, орман алқаптарын отырғызу, жер суару және арнайы агротехникалық шаралар қолданылады   Көмек: Бұл ауаның пайда болуы күшті қызған және тропиктік ауа массасының басым болған кезімен байланысты   | Бүгінгі тақырыпқа байланысты оқушылар мәліметтерге жауап береді. Жаңа тақырыпты қорытындылайды.   Нәтижесінде: Тапсырма орындау барысында қызығушылықтары артады, ізденеді.   1.көктайғақ 2. Үсік 3. шаңды дауыл 4. құрғақтылық пен аңызақ | 
 | 
  | Рефлексия | 
 | «Күн, бұлт, найзағай» 
 | Бүгінгі сабақтың нәтижесі жайында стикерлерге жазыды.   Нәтижесінде: Стикерге көңіл-күйлерін білдіреді, сабаққа байланысты ойларын жазады әрі тиісті түске жабыстырады.   | 
 | 
  | Үй жұмысы 
 | 
 | 
 |  Мәтінді оқу | 
 | 
  | Бағалау   | 
 | Бағалау: «Үш жұлдыз, бір тілек» бағалау   
 | Нәтижесінде: оқушылар топаралық бағалау жүргізеді.   | 
 |