Сабақ көрнекілігі: Қазақстанның физикалық картасы, презентация, атлас.
Сабақтың жоспары:
I .Ұйымдастыру кезеңі
II.Мотивациялық кезең
ІІІ. Мағынаны ажырату
IV. Бекіту кезеңі
V. Бағалау
VІ.Үйге тапсырма беру
Сабақтың барысы:
I .Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасып, түгендейді. Оқушылардың назарын сабаққа аударады.
ІІ. Мотивациялық кезең: «Гидросфера» Ой қозғау стратегиясы.
1. Гидросфера дегеніміз не?
2.Ішкі сулар туралы не білеміз? Олардың түрлерін атаңыз.
3.Өзен дегеніміз не? Құрлысын атаңыз.
ІІІ. Мағынаны ажырату: «Ең,ең…» стратегиясы сұрақ жауап
Ең суы мол өзен…
Ең ұзын өзен…
Ең суы лай өзен…
Экваторды екі рет кесіп өтетін өзен…
Ең саласы көп өзен..
Ең ірі бөген…
2. Топпен жұмыс: «Мәселені коллобаративті шешу»
1 топ: Адамның су ресурстарына жағымсыз әсер еткен мысалдарын келтіріңдер
2 топ: Өзен суын тиімді пайдалану жолдарын айтыңыз
3 топ: Ертіс өзенінің экологиялық жағдайына тоқтал
Әр топ өз тапсырмаларын постерлерге жазып, ортаға қорғауға шығады.
3. Топпен жұмыс: «Венн диаграммасы» Ертіс және Сырдария өзендерінің жылдық су шығынын есепте, қайсысы энергетикалық шаруашылықта тиімді? Әр топтан бір оқушы интерактивті тақтаға диаграмманы салып көрсетеді.
IV. Бекіту кезеңі: PISA тест тапсырмалары бойынша:
1. Жауап таңда (иә/жоқ)
Өзен жүйелері және алаптары
Иә немесе жоқ
Қазақстан аумағында ірілі – ұсақты 85 мың өзен бар
иә/жоқ
Қазақстан өзендерінің бірінші ерекшелігі – жасы біркелкі
иә/жоқ
Ертіс, Жайық, Сағыз өзендері Арал теңізінің алабына кіреді
иә/жоқ
2. Қазақстанның ірі өзендерін кескін картаға түсір.
V. Бағалау парағын талдап, оқушыларды мадақтайды
Бағалау парағын толтырады
«Ой қозғау»
«Ең,ең…»
«Мәселені коллобаративті шешу»
«Венн диаграммасы»
Оқушының аты-жөні
Оқушының аты-жөні
Оқушының аты-жөні
VІ.Үйге тапсырма беру: «Еліміздегі су проблемалары» эссе жазу.