| "Ой қозғау" әдісін қолдана отырып, сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау үшін төмендегі сұраққа талқылау жүргіземін. Елдің физикалық-географиялық жағдайын өзгертуге болмайтын тағдыр деп атайды. Бұл сипаттаманың экономикалық-географиялық жағдайға қатысы бар ма? Өз көзқарасыңды негізде. 1-тапсырма. Мағынаны тану, топтық жұмыс. «Өкіл» әдісі бойынша топтар берілген мәтінді оқиды. Берілген мәтінді түсініп оқып, төменгі жоспар бойынша сипаттаңыздар     мәтінді бірнеше бөліктерге бөлу; әр бөлікке атау беру; әр бөліктің негізгі ойын білдіретін сөйлемдерді анықтау; маңызды сөз тіркесі, сөйлемдерді табу; мәтіндегі маңыздылығын кезегімен атап беру; мәтіндегі оқуға орын алған жерлерді атау; мәтінді аяқтаудың нұсқасын ұсыну.  Дескриптор:  ҚР әлеуметтік, экономикалық, саяси-географиялық жағдайын біледі.    ҚР экономикалық жағдайының элементтері мен түрлерін сипаттайды.  
 
  "Қарлы кесек" әдісі бойынша бағалау жүргізіледі.  
 
  2-тапсырма. "Карта сөйлейді" әдісі бойынша топтар ҚР әлеуметтік, экономикалық, саяси географиялық жағдайының артықшылығы мен кемшілігін картадан анықтап, берілген кестені толтырыңыздар (жұптық жұмыс)    
 1-топ. ҚР экономикалық географиялық жағдайының артықшылығын анықтаңыз  2-топ. ҚР экономикалық -географиялық жағдайының кемшілігін анықтаңыз  3-топ. ҚР Экономикалық географиялық жағдайын жақсартудың жолдарын ұсыныңыз      | Кемшілігі (1-топ) | Артықшылығы (2-топ) | жақсарту жолдары (3-топ) |   | 1.Эуразия материгінің түпкірінде орналасуы; 2. | 1. транзиттік жағдай 2.   
 
 | 1. Экономикалық ынтымақтастықты жақсарту 2. |   
 
  Дескриптор.  ҚР экономикалық-географиялық жағдайының артықшылығын анықтайды.  КР экономикалық-географиялық жағдайының кемшілігін анықтайды  ҚР экономикалық-географиялық жағдайын жақсартудың жолдарын ұсынады.  
 
  "10 балдық шкала" әдісі арқылы жұптар өзін-өзі өзара бағалау жүргізеді.    
 
  3-тапсырма. "Венн диаграммасы" әдісі арқылы Қазақстанның ЭГЖ жағдайын Өзбекстан мемлекетінің ЭГЖ салыстырып кешенді баға береді. (топтық жұмыс)  1-топ. Нарықтық-географиялық жағдайын салыстырып, кешенді баға баріңіз.  2-топ. Көліктік-географиялық жағдайын салысырып талдау жасаңыз  3-топ. Көршілік жағдайын салыстырып, талдау жасаңыз     Дескриптор:    1. ҚР нарықтық-географиялық жағдайына кешенді баға береді;  2. ҚР көліктік-географиялық жағдайына баға береді;  3. ҚР көршілік жағдайына кешенді баға береді;  "Жұлдызша" арқылы топтар бірін-бірін арқылы бағалау жүргізеді. |