Просмотр содержимого документа
««Та?ылым» интеллектуалды? ойыны»
«Тағылым» интеллектуалдық ойыны
Мақсаты:
Білімділік: Халқымыздың ұрпақ тәрбиелеуде сан ғасырлар бойы жинақтап өзіндік тарихи тағылымы, ой пікір, қорытындылары бар. Ол біздің бүкіл ұлттық болмысымызды бейнелейтін, басқа ұлттардан ерекшеліктерімізді дәлелдейтін халқымыздың даналық тұжырымдамалары. Оқушылардың алған білімдерін ойындар арқылы, жүйелеу, деңгейін, біліктілігін, іскерлігін арттыру.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілетін арттыру, қызығушылығымен мен белсенділігін дамыту.
Тәрбиелік :Оқушыларды табиғатты қорғай білуге, өз елін, жерін сүюге, аялай білуге, қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Дүние жүзінің физикалық картасы, Қазақстанның физикалық картасы, ойын кезеңдерінің тақырып слайдтары, үлестірмелі карточкалар.
Сабақтың түрі: Сыныптан тыс сабақ.
Сабақтың әдісі: ойын сабақ
«Тағылым» интеллектуалдық ойыны 8 «А», «Ә» сыныптарына қатысты.
Сабақтың барысы:
Ойынымыз алты кезеңнен тұрады.
I. Сұрақ- жауап.
II. Бір әріпке он жауап.
III.Күлдіргі жұмбақтар.
IV.Кім жылдам.
V. Географиялық лото.
VI. Эссе жазу.
I. Кезең сұрақ- жауап
I топқа.
1.Қазақстанның ең биік шыңы ? (Хаң Тәңір)
2.Қостанай қаласы қай өзеннің бойында? (Тобыл)
3.Атом электр станциясы қай қалада? (Ақтау қаласы)
4. Сайқан желі қайдан соғады? (Жоңғар қақпасы)
5. Мұғалжар тауының биік нүктесі? (Үлкен Боқтыбай)
6. Қазақстан неше елмен шектеседі? (Бес)
7.Биіктен құлап ағатын су? (Сарқырама)
8. Дүние жүзіндегі ұзын өзен? (Ніл)
9. Ауадағы су буын мөлшерін анықтайтын аспап? (Гигрометр)
10. Дүние жүзіндегі ең үлкен шөлейтті жер? (Сахара)
11. Еліміздегі қақпалар? (Торғай, Жоңғар)
12. Орал тауының Қазақстан жеріндегі жалғасы? (Мұғалжар)
13. Жер бетіндегі адамзат неше нәсілге бөлінеді? (Үш)
14.Қазақстанның Ұсақ шоқыларын басқаша қалай атауға болады? (Сарыарқа)
15. Астана қаласының ертедегі атауы? (Қараөткел)
II топқа.
1.Қазақстанның ең төменгі нүктесі?(Қарақия ойысы)
2.Астана қаласы қай өзеннің бойында жатыр? ( Есіл)
3.Шүлбі электр станциясы қай өзенде орналасқан?( Ертіс)
4.Қазақстанның климаты?(Шұғыл континенті)
5.Алтай тауының биік нүктесі?(Мұзтау)
6.Еліміз Каспиий теңізі арқылы неше елге шыға алады?(4)
7.Дүние жүзінде неше сағаттық белдеу бар?(2)
8.Дүние жүзінде суы мол өзен?(Амазонка)
9.Ауаның горизанталь бағытта бір жерден екінші жерге ауысуы?(Жел)
10.Қазақстандағы ең суық ай?(Қаңтар)
11. Ең үлкен суық ағыс?(Батыс желдерағысы)
12.Адамның шаруашылық әрекетінен екі есе кішірейтілген көл? (Арал )
13.Жердің абсолют жасын анықтау үшін қолданатын элемент?(Уран)
14.Қазақтан шыққан тұңғыш геогрф ғалым? (Шоқан Уәлиханов)
15.Отырар қаласы арабша қалай аталады? (Фараб)
II.Кезең бір әріпке он жауап
Шарты бұл ойында қойылатын сұрақтарға бір әріптен басталады. Мысалы:
Қала -Астана
Өзен-Арыс
Тау-Алтай
Жануар-аю
Құс аты -аққу
Өсімдік- алма
Адам аты -Айқын
Тамақ -айран
Бұйым - алтын
Қару - айбалта
Бірінші топқа «М» әріпі, ал екінші топқа «Б » әріп берілді.
III.Күлдіргі жұмбақтар. Бірінші топқа.
-Дем алады өседі, бірақ жүре алмайды? ( Өсімдік)
-Үш түйе құс ұшып келеді, оның бірін аңшы атып түсірді, аспанда неше құс қалды?(Түйе құс ұшпайды)
-Қандай су жәндігі ит және балықтан тұрады?(Итбалық)
- Бар ма, жоқ па оны анық білмейсің,
Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің ? (Ауа)
- Қоян қандай жағдайда өзін жақсы сезінеді, тауға өрмелегенде ме, әлде таудан төмен түскенде ме?(Өрлегенде)
-Қазақстандағы қай көлдің атының алғашқы буыны тәттілігімен шақырса, екінші буыны қорқытып, үркітеді? (Балқаш)
Екінші топқа.
-Кім барлық тілде сөйлейді? (Жанғырық)
-Көзімен көресің, бірақ қолыңмен ұстай алмайсың?(Көлеңке)
-Қыс болса қыр мен ойды арлайды? (Боран)
-Қырда қылыш жарқылдайды? (Найзағай)
-Бүркіт-құс, арыстан-аң патшасы дейді, ал Қазақстандағы қай ағашты шөлдің патшасы деп атайды? (Сексеуіл)
- Қара таудың басында киік кетіп барады, қол-аяғы бауырына тиіп барады? (Тұман)
IV. Кезең кім жылдам.
Бұл ойын кезеңінде оқушылар үлестірмелі карточкалардағы сұрақтарға жауап береді.
1.Ыстық құрғақ далалы жерлерде көрінетін құбылыс қалай аталады? (Сағым)
2.Алтай тауларының бөліктері (Батыс, Оңтүстік, Қалба жотасы)
3.Ән
4.ТМД қашан қай қалада құрылды? (1991 ж 21желтоқсан Алматы қаласы)
5.Қазақстан БҰҰ-ға қашан мүше болды? (1992 ж 2 наурыз)
6.Өз өнері
7. Қазақстандағы ірі су қоймалары? ( Шардара, Бұқтырма, Қапшағай суқоймалары)
8.Қазақстан жеріндегі ірі үстірттер (Үстірт үстірті, Торғай үстірті, Бетпақдала, Жем үстірті)
V. Кезең географиялық лото.
Интерактивтік тақтада Қазақстанның физикалық кескін картасы берілген. Осы кескін картаға төмендегі нысандарды белгілейді.
Бірінші топқа. Екінші топқа.
Есіл Нұра
Жайық Тобыл
Сырдария Шу
Іле Арыс
Шардара су қоймасы Ертіс Қарағанды
Мұғалжар тауы Қазақтың ұсақ шоқысы
Тұран ойпаты Қызылқұм
Құлынды жазығы Торғай үстірті
Үй тапсырмасы.
VI. Кезең эссе жазу. «Менің көзімен –табиғат аясы»