Мақсаты: География пәнінен өтілген материалдарды қайталап еске сақтай
білуге үйрету. Жергілікті жердің компоненттерін пайдалана отырып, топпен
жұмыс істеуге, ойларын жүйелей білуге, ізденуше тез ойлануға, алғырлыққа, тапқырлыққа баулу, картамен жұмыс жасау дағдыларын одан әрі дамыту.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, үлестірмелі қағаздар, қала, облыс аттары жазылған табличкалар.
Сайыстың өткізілу орны: 706 оқу дәрісханасы
Сайыстың өткізілу барысы:
І. Ұйымдастыру. (оқушыларды орналастыру).
ІІ. Мұғалімнің кіріспе сөзі. Сайысқа 1 негізгі топ оқушылары қатысады. Әр топта үш адамнан. Әділқазылар алқасын сайлап алу. Сайыс бес бөлімнен тұрады. Әр топ командасының атымен, ұранымен өз топтарының төсбелгілерімен таныстырады.
І топ :
ІІ топ:
ІІІ топ:
І бөлім - «Бәйге»
Тапсырмасы: «Менен сұрақ – сіздерден жылдам жауап». Әр жылдам сұраққа он ұпайдан беріледі.
Монархиялық билік сақталған дүние жүзінде неше мемлекет бар? 31
Азияның халық саны. 3,5 млрд
Голландиялық капитан Вилгельм Янсзон Австралия материгін қай жылы ашты? 1606 жылы
АҚШ-тың әкімшілік-территориялық бөлінісі. Штаттар
Австралия Одағы неше штатқа бөлінген? 6 штат
Солтүстік Еуропа елдерін атаңыз.
ІІ бөлім –Географиялық диктант.
Слайдтан көрсетілген мемлекеттер ішінен артығын атаңыздар?
Гидросфера-
География- сөз құрау.
ІІІ бөлім- «Көкпар»
Слайдта көрсетілген тапсырмалар бойынша картадан тауып, кескін картаға бейнелеу.
Слайдта көрсетілген цифрлар жазылған торкөзді оқушылар таңдайды (дұрыс жауап 20 ұпаймен бағаланады)
1 2 3 4
5 6 7 8
1. Географиядан:
1. Джеймс Кук Австралияның оңтүстік жағалауын ашып, оған қандай атау берген.
Жауабы: Оңтүстік Жаңа Уэльс
ІІ.Тарих:
М.Әуезов «Абай» романы үшін бірінші дәрежелі Мемлекеттік сыйлықты қай жылы алды?
(1949)
ІІІ.Химия: Қарды жағуға бола ма?
Жауабы: Ол үшін химиялық мөлдір шыны трубаға аздап қарды салып, осы қар арқылы фтор (Ғ2) газын жіберсек, қар жарық жалын шығарып жанады. Реакциясы: 2Н2О+2Ғ2=4НҒ+О2. Бұл редакцияда фтор оттегіне қарағанда активті элемент, судан қардың құрамындағы оттегін ығыстырып шығарады да фторды сутек қышқыл түзеді, ол жануды қуаттайды.
IV. Әдебиет:
Медғат Қасым поэмасының авторы кім? Қандай шығармалар қатарына жатады? Қандай тақырыпқа жазылған?
Жауабы: Мағауия Абайұлы романтикалық шығарма.
V. Биология:
1. Бақаның зерттеу жұмысына тигізетін пайдасын бағалап, оған екі ескерткіш қай қалада?
Жауабы: Француз табиғат зерттеушісі Колод Бернардың талабымен XIX ғасырда Париждің Соробонн университетінде, ал екіншісін соңғы жылдары дәрігерлік институттың студентері Токия қаласында орнатты.
VI. Физика:
Барлық заттар неден құралған? Заттың агрегаттық күйлерін атаңыздар. Әртүрлі агрегаттық күйлердің, заттың түрлі қасиеттерін қалай түсіндіруге болады?
Жауабы: Барлық заттар атомдар мен молекулалардан тұрады. Заттардың агрегаттық күйлері сұйық , қатты, газ.
V – бөлім «Шешен». Сөз сөйлеу шеберлігіне негізделген.
Тақырыбы: «Туған өлкем, таза көркем»
Қорытынды: Әділқазылар алқасы сайыстың қорытындысын шығарады. Жеңіске жеткен топ мақтау қағазымен марапатталады.