Просмотр содержимого документа
«Саба? жоспары: Эстафеталы? ойындар»
Қостанай облысы
Аманкелді ауданы
Амантоғай жалпы білім беретін орта мектебі
Тақырыбы:Эстафеатлық ойындар
Өткізген: Төлеубаев Қайрат Мейрамханұлы
Сыныбы:8
Сабақтың тақырыбы: Эстафеталық ойындар
Мақсаты: 1) Жүгіру элементтері бар эстафета ойындарын оқушыларға орындату. Жүгіру кезінде қосымша жатығулар орындауға үйрету.
2) Қауіпсіздік ережесін мұқият сақтауға, ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
3) күш пен ептіліктің дамуын арттыру.Қимыл қозғалысының жалпы үйлесімділігін жақсарту.
Өтетін орны: спортзал
Сабаққа керек құралдар: доп, жалауша, шеңбер, секіртпе, кедергілер, үлкен доп, асық, қоржын.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
1. Сыныпты сапқа тұрғызу. Мәлімдеме қабылдау.
2. Саптық жаттығулар
3. Жалпы дамыту жаттығуы:
А) жүру, жүгіру жаттығулары
Ә) құралсыз орындалатын дамыту жаттығулары
ІІ. Негізгі бөлім
Сабақтың тақырыбы: Эстфеаталық жүгірулер.
Оқушылардың өздеріне таныс эстафеталық ойын түрлерін сұрау. Барлық эстафеаталық ойындар адам денсаулығы үшін маңызды, әрі көңілді. Оқушы тез тура жүгіру кезінде бар күшін салуға дағдыланады. Шапшаң епті қимылдауға үйренеді. Ұйымшыл болып команда мүддесі үшін жақсы нәтиже көрсетуге тырысады. Айналаны бағдарлап аз уақытта өзінің және қарсыласының әрекетін байқап үлгіреді. Сонымен қатар ойыншының икемділігімен төзімділік қабеліттері арта түседі.
Ойын кезінде қауіпсіздік ережесін сақтау.
Сыныпты екі топқа бөлу. Эстафеатлық жүгірулердің түрлерін таныстыру. (әр ойыннан кейін сергіту жаттығуы жасалады). Мұғалімнің орнында көрсеткен жаттығу элементтерін, ойын түрлерін мұқият бақылап тыңдауын қадағалау.
Команда болып жүгіру (поезд)
Кедергілер арқылы жүгіру
Доп тасу ойыны
Бақалар ойыны
Секіртемен жүгіру ойыны
Допты ұста ойыны
Қос аяқтар ойыны
Теңге алу ойыны
Мергендер ойыны
Әр ойын бағаланып қоржынға асық салынып тұрады.
ІІІ. Қорытынды.
Оқушыларды сапқа тұрғызу сабақты қорытындылау.
Әр қоржындағы асықтар санын қоысып жеңімпаз топты анықтап мадақтау.
Үйге тапсырма: Эстафеталық ойындарды түрлендіру.
Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды бағалау. Ойын кезіндегі кемшіліктерді ескертіп түзету. Сап бойымен оқушыларды залдан шығару.