|    1.Оқушылар үй тапсырмасын көрсетеді:Алия Юсупова туралы қысқаша мәлімет.  2.Слайд көрсетіледі  Алия Юсупова  (15 мамыр 1984 жыл, Шымкент Оңтүстік Қазақстан облысы) - Көркем гимнастика спорт шебері. Осы спорттан ОлимпиадағаҚазақстаннан жалғыз жолдаманың иегері.  2010 жылдан бері - көркем гимнастикадан ҚР құрама командасының аға жаттықтырушысы. Дүниежүзілік дәрежедегі төреші.        Жетістіктері ҚР 10 мәрте чемпионы және көркем гимнастика бойынша халықаралық турнирлердің қатысушысы;    Әлем кубогының, XIV Азия ойындарының күміс жүлдегері;   Азия (2006, 2009) және Азия ойындарының (2006) абсолютты чемпионы;   Сиднейдегі (2000), Афиндағы - 4-орын (2004), Пекиндегі - 5-орын - Олимпиада ойындарына қатысқан.   ҚР үздік спортшысы (2004).   ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері (2006).   Дүниежүзілік кластағы гимнаст (2008).   Оңтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы (2004).   «Құрмет» орденімен (2004);   «Ерен еңбегі үшін» медалімен (2004) марапатталған.    3.Оқушылар бөлінген екі топпен арнайы залдың дайындалып қойған жерінде жұмыстанады.   Топттық комбинациялық жумыс    Жаттығулар реті:        - Толқын    - «Қарлығаш» жасау      - Алға аударылып түсу            -. «Бұрыш» жасау  - Жауырынға тұру  .         -«Көпір»жасау      - «Галоп» адымдары  - Шалқая секіріп аяқтау  4. Оқушылар әр топта бір-бірін бағалайды: Екі жұлдыз.бір ұсыныс арқылы Oқушы сабақ кезінде акробатикалық жаттығуды орындап болған соң, басқа оқушылар ол оқушыға 2 жулдыз беріп, қателігі болса, мына жерде қателестің деп, қатесін түзеп ұсыныс айтады.  5.Сыныпты сапқа тұрғызып, екі топқа бөліп, этафеталық жарыс өткіземін.  1.Тапсырма. Оқушылар жүгіріп барып гимнастикалық матаның үстінде тепе- теңдік жаттығуын орындайды.  2. Тапсырма. Оқушылар жүгіріп барып гимн.матаның үстінде алға домалайды.  3. Тапсырма. Оқушылар жүгіріп барып гимн.матаның үстінде артқа домалайды.    Бірінші келген командаға 5 балл, екінші келген командаға 3 балл беріледі. Көп балл жинаған команда жеңіске жетеді.       |