Саба?та т?сіндірмелі-иллюстративті ?дісті ?олдандым, о?ушылар?а жатты?уларды к?рсетіп т?рып, орындатып отырдым. Б?л тиімді ?діс болды деп айта аламын, себебі жа?а саба?ты т?сінбеген о?ушылар бол?ан жо?. О?ушылар саба??а ?ызы?ушылы?пен белсенді ?атысты. Жатты?улар д?рыс іріктеліп алынды, о?ушыларды? ж?ктемесі ?зм?мкіндіктерінен ас?ан жо?. Тапсырманы орындау саны мен ?за?ты?ынорма?а сай ?ткізілді. Саба? процесінде ?ауіпсіздік шаралары са?талды. Сыныпта арнайы д?рігерлік топ?а жататын о?ушылар жо?. Саба? биология, физика, А?Д п?ндерімен ты?ызбайланыста ?тті. Жатты?уларды орындау барысында, ?ауіпсіздік ережелерін са?тау, денсаулы??а, я?ни адамфизиологиясына ?ауіпт?ндіретіндігі ж?нінде ма?л?мат бере отырып биология п?німен байланыстырып кеттім. А?Д п?німен сапты? ж?ріскезінде байланыс болса, допты ?абылдау кезіндегі допты? траекториясы физика п?ніне байланысты екендігі айтылды. Саба? процесінде волейбол добын, ыс?ыры?, сетканы, кадаскоп пайдаландым.
?орытынды б?лімде о?ушыларды спорт залда жай ж?гіртіп, демдерін ал?ызып, сап?а т?р?ызып, саба?ты ?орытындыладым. ?йге тапсырма ретінде доппен жатты?улар жасау ж?не ?лдар?а 8–10 рет тартылу, ?ыздар?а 25–30 рет дене к?теру жатты?уларын бердім. Саба?та уа?ытты тиімді пайдалана алдым, ?о?ырау?а дейін жоспарла?ан жатты?уларымды толы? ?ткіздім. Саба?та алдыма ?ой?ан ма?саттарыма толы? жете алдым деп ойлаймын.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Ашық сабақ спорт залда өтті. Спорт залдың санитарлық жағдайы жақсы, талапқа сай безендірілген, қажетті құрал-жабдықтар дер кезінде әзірленіп қойылды. Сабақ үш бөлімнен тұрды.
І бөлім. Дайындық бөлімі 10–15 мин. ІІ бөлім. Негізгі бөлім 25–30 мин. ІІІ бөлім. Қорытынды бөлім 4–5 мин
Дайындық бөлімінде оқушылар сапқа тұрғызылып, кезекшінің рапорты тыңдалды. Сынып оқушыларының барлығы сабаққа дайындалып келген, спорттық киімдері бар. Оқушыларға сабақтың мақсаттары баяндалып, қозғалыс қасиеттерін дамыту мақсатында дайындық жаттығуларын орындаттым. Олар жүру жаттығулары: денені түзу ұстап, басты көтере белді түзу ұстап жүру; жүгіру жаттығулары: еркін демалып, бірқалыпты жүгіру, тек сол иықпен қарап алға жүгіру, әрбір жаттығуды талапқа сай әдемілеп орындау; қозғалыстағы жаттығулар: денені түзу ұстап, қолды иықтың деңгейінде ұстау; орында орындалатын жаттығулар: басты жоғары көтеріп денені түзу ұстау. Дайындық жаттығулары бірнеше рет орындалды.
Негізгі бөлімінде, волейбол ойнын ойнау кезеңінде допты жоғарыдан және төменнен екі қолмен қабылдауды, допты төменнен қабылдауды үйреттім. Допты жоғарыдан және төменнен екі қолмен қабылдауды үйрету үшін, оқушыларды бір-біріне арақашықтығы 6–7 метрден бетпе-бет қаратып, допты жоғарылақтырып, қайтадан қабылдатып, арықарай қарсыласына көтеріп бергіздім. Арақашықтығы 7–8 метрден оқушы допты жоғары көтеріп құрбысына берді, құрбысы допты қолын көтеріп қабылдап, қайта берді. Келесі кезеңде оқушыларға допты еденге ұрып құрбысына беруді, құрбысы допты жоғарыдан қабылдап, ұстап қайта еденмен беру жаттығуларын орындаттым. Жаттығулар слайдтармен көрсетіледі.
Допты төменнен қабылдауды үйрету үшін, оқушының екі қолмен төменнен допты қабылдау тұрысын көрсетіп, келесі жаттығуларды орындаттым. Оқушы құрбысының қолына допты беріп екі қолмен қабылдап, қайта берді. Оқушылар арақашықтығы 8–10 м жерден қарама-қарсы тұрып, бірінші номерлі оқушы допты жоғарыдан қабылдап, екінші номерлі оқушы допты төменнен қабылдауды үйренді.Жаттығулар слайдтармен көрсетіледі.
Сабақ соңына қарай оқушылар ережемен волейбол ойнады.
Сабақта түсіндірмелі-иллюстративті әдісті қолдандым, оқушыларға жаттығуларды көрсетіп тұрып, орындатып отырдым. Бұл тиімді әдіс болды деп айта аламын, себебі жаңа сабақты түсінбеген оқушылар болған жоқ. Оқушылар сабаққа қызығушылықпен белсенді қатысты. Жаттығулар дұрыс іріктеліп алынды, оқушылардың жүктемесі өзмүмкіндіктерінен асқан жоқ. Тапсырманы орындау саны мен ұзақтығынормаға сай өткізілді. Сабақ процесінде қауіпсіздік шаралары сақталды. Сыныпта арнайы дәрігерлік топқа жататын оқушылар жоқ. Сабақ биология, физика, АӘД пәндерімен тығызбайланыста өтті. Жаттығуларды орындау барысында, қауіпсіздік ережелерін сақтау, денсаулыққа, яғни адамфизиологиясына қауіптөндіретіндігі жөнінде мағлұмат бере отырып биология пәнімен байланыстырып кеттім. АӘД пәнімен саптық жүріскезінде байланыс болса, допты қабылдау кезіндегі доптың траекториясы физика пәніне байланысты екендігі айтылды. Сабақ процесінде волейбол добын, ысқырық, сетканы, кадаскоп пайдаландым.
Қорытынды бөлімде оқушыларды спорт залда жай жүгіртіп, демдерін алғызып, сапқа тұрғызып, сабақты қорытындыладым. Үйге тапсырма ретінде доппен жаттығулар жасау және ұлдарға 8–10 рет тартылу, қыздарға 25–30 рет дене көтеру жаттығуларын бердім. Сабақта уақытты тиімді пайдалана алдым, қоңырауға дейін жоспарлаған жаттығуларымды толық өткіздім. Сабақта алдыма қойған мақсаттарыма толық жете алдым деп ойлаймын.