| Оқушылар: жеңіл атлетикадағы қозғалыс дағдылары туралы түсініктерін талқылайды және көрсетеді. Пәндік лексика және терминология мыналарды қамтиды: - қауіпсіздік техникасы - спринтерлік жүгіру, сөре, арақашықтықта жүгіру, мәреге жету - стайерлік жүгіру - секірулер, жылдамдық алу, итерілу, ұшу, қону - күш, жылдамдық, төзімділік, иілгіштік дене қасиеттері - лақтыру, лақтыру түрлері - эстафета, эстафеталық жүгіріс, демді қалыпқа келтіру - командалық жұмыс Талқылауға арналған сұрақтар: - ұсынылған қозғалыс әрекеттерінің орындалуын сіз қалай бағалайсыз? - берілген тапсырма нені көбірек дамытады, төзімділікті ме немесе жылдамдықты ма? - бұл тапсырма үшін оқушы қандай қыздырыну жаттығуын жасау керек? - сіз қандай демді қалыпқа келтіру жаттығуларын білесіз? - эстафеталық жүгірісте қандай дене қасиеттері дамиды? |