?р топтан 6 о?ушы (3 ?л, 3 ?ызбала) ?атыстырылады.?р топты? ?атысушылары біркелкі киім ?лгісімен ?атыстырылады.
Жарыс?а басшылы? ету
Бас т?реші ?ттібаева ?. – дене шыны?тыру ж?не спорт магистрі, м??алім
Жарыс хатшысы ?обландиев К. – дене шыны?тыру п?н м??алімі.
Тапсырыс
Тапсырыстар мектеп д?рігерлік ?олмен болуы міндетті. (?осымша 1)
Жарыс ба?дарламасы:
Таныстыру: топты? атауы ж?не ?раны.
«Баскетбол ойыны». 1-ші ойыншы ?олында?ы допты жерге ?рып келе кеглилерді? арасынан ?тіп, белгіленген жерге ж?гіріп барып ?айта допты ?олына алып 2-ші ойыншы?а беру.Е? бірінші ая?та?ан топты? капитаны ?олында?ы допты к?теріп белгі береді.
«Секіру». 1-ші ойыншы ая?ты? ортасында?ы баскетбол добын ?ысып белгіленген жерге дейін секіріп, секіртпеде 3рет секіріп, секіртпені орнына ?ойып, ?айта допты ?ол?а алып ж?гіріп 2-ші ойыншы?а допты беру.
2айналым - 2-ші ойыншы шы?ыршы??а дейін ж?гіріп допты шы?ыршы?тан алып ?айта ж?гіреді.
3 айналым – 3-ші пен 4-ші ойыншылар бір-біріне ?арап, бел т?сынан бір-бірін ?стап ортасында?ы доппен ал?а ?арай ж?гіріп, допты сол жерде ?алдырып ?айта ж?гіріп келу.
Просмотр содержимого документа
««Шыны?сан, шымыр боларсын!» атты к??ілді старттар жарысы»
Жарыстың мақсаты мен міндеті
– Оқушыларды достыққа, патриоттық сезімге, ұлттық мәдениетке тәрбиелеу;
Оқушыларға салауатты өмір салтын насихаттау.
Өтетін орны мен мерзімі
Жарыс 2015 жылдың 15 желтоқсан күні сағат 9:30-да № 41 М. Шоқай атындағы мектебінің спорттық залында өткізіледі.
Жарысқа қатысушылар мен өткізу шарты
Жарысқа дәрігерлік бақылаудан өткен 2 «А», «Б», «В» сынып оқушылары қатыстырылады.
Әр топтан 6 оқушы (3 ұл, 3 қызбала) қатыстырылады.Әр топтың қатысушылары біркелкі киім үлгісімен қатыстырылады.
Жарысқа басшылық ету
Бас төреші Үттібаева Ә. – дене шынықтыру және спорт магистрі, мұғалім
Жарыс хатшысы Қобландиев К. – дене шынықтыру пән мұғалімі.
Тапсырыс
Тапсырыстар мектеп дәрігерлік қолмен болуы міндетті. (Қосымша 1)
Жарыс бағдарламасы:
Таныстыру: топтың атауы және ұраны.
«Баскетбол ойыны». 1-ші ойыншы қолындағы допты жерге ұрып келе кеглилердің арасынан өтіп, белгіленген жерге жүгіріп барып қайта допты қолына алып 2-ші ойыншыға беру.Ең бірінші аяқтаған топтың капитаны қолындағы допты көтеріп белгі береді.
«Секіру». 1-ші ойыншы аяқтың ортасындағы баскетбол добын қысып белгіленген жерге дейін секіріп, секіртпеде 3рет секіріп, секіртпені орнына қойып, қайта допты қолға алып жүгіріп 2-ші ойыншыға допты беру.
«Картоп отырғызу». 1-ші ойыншы қолындағы себеттегі картоптармен жүгіріп, картоптарды жерде жатқан шығыршыққа отырғызып, қайта жүгіріп 2-ші ойыншыға қолындағы себетті тапсыру. 2-ші ойыншы шығыршықтағы картоптарды жинап келу.
Шарты: себеттегі картоптар шығыршықтан шығып кетпеуі қажет.
«Тоннель». 1-ші ойыншы алға жүгіріп алдындағы тоннельден өтіп, гимнастикалық кілемде алға бір рет домалап, алдындағы тұрған үстелдің үстіндегі тапсырманы орындап қайта жүгіріп эстафетаны 2-ші ойыншы жалғастырады.
Шарты: берілген тапсырманы дұрыс орындау және кедергілерден дұрыс өту.
«Нысананы көздеу». 1-ші ойыншының қолында үстел теннисінің добын қасықпен ала жүгіріп, белгіленген жердегі кеглилерді доппен қағып қайта жігіру.
Шарты: Қай топ көп кегли қағады, соларға ұпай саны көбірек беріледі.
«Түйеқұс». 1-ші қос аяқтап отырып жүріп, алдындағы шығыршыққа жартылай басын көрсетіп артқа жөнелу.
«Үштік». 1-ші және 2-ші ойыншыдар қолдарындағы секіртпені айналдырып, 3-ші ойыншы ортада алға қарай секіріп жүгіреді де, белгіленген орынға жетіп тапсырманы орындап, қайта топқа жүгіреді. Қайтарда секіртпені келесі үштікке тапсырады. Солай эстафета жалғасады.
Шарты: берілген тапсырманы дұрыс орындау және кедергілерден дұрыс өту.
«Үлкен эстафета».
1 айналым - 1-ші ойыншы доппен шығыршыққа дейін жүгіріп, допты шығыршықта қалдырып қайта жүгіреді.
2айналым - 2-ші ойыншы шығыршыққа дейін жүгіріп допты шығыршықтан алып қайта жүгіреді.
3 айналым – 3-ші пен 4-ші ойыншылар бір-біріне қарап, бел тұсынан бір-бірін ұстап ортасындағы доппен алға қарай жүгіріп, допты сол жерде қалдырып қайта жүгіріп келу.
4айналым – 5-ші және 6-ші ойыншылар бір-біріне артымен қарап, бүгілу тұрған қолдарынан ұстап алға қарай жанынан секіріп қалдырылған допты әкелу қажет.
Шарты: берілген айналымды дұрыс орындау.
Жеңімпаздарды анықтау
Әр эстафетаны, бірінші боп аяқтаған топқа 5 ұпай беріледі.
Екінші боп бітірген топқа 3 ұпай беріледі. Үшінші боп бітірген топқа 1 ұпай беріледі. Ең көп ұпай жинаған топ 1 орынға иеленеді.
Марапаттау
Жеңімпаздарды медаль мен мадақтау қағазы, сыйлықтармен марапатталады.