|   Сабақ жүргізген мұғалімнің аты-жөні   |    Тенсел Бердгуль   |    7 «а» сыныбы  Оқушының саны: 24   |    Ақмола облысы  Бұланды ауданы  Макинск қаласы  Балуан Шолақ атындағы мектеп-лицей   |  
  |   1 Апта   |        10.10.2012       |        2 сабақ 9.50 – 10.35  25-дәрісхана   |  
  |   Сабақтың атауы       |        § 10. Заттың күйлері және оларды молекулалық-кинетикалық көзқарас негізінде түсіндіру       |  
  |   Сілтеме       |        Физика және астрономия. «Атамұра» 2012. Р.Башарұлы, У.Тоқбергенова, Д.Қазақбаева. Слайдтар. Электронды оқулық.       |  
  |   Жалпы мақсаты       |        а) зат құрылысы мен молекулалық-кинетикалық теория туралы алғашқы түсініктерді қалыптастырады  ә) қатты, сұйық, газдардағы молекулалардың орналасуы мен олардың қозғалысындағы ерекшеліктерін салыстырады  б) ұқыптылыққа, жауапкершілікке үйренеді       |  
  |   Міндеттері       |        Молекулалық-кинетикалық қағидалардың эксперименттік және теориялық негіздерінің ерекшелігін түсінеді.       |  
  |   Сабақта туындаған негізгі идеялар       |        Күнделікті өмірден алған тәжірибелер мен басқа пәндермен байланысын салыстыра отырып, мағынаны тануға мүмкіндік алады.       |  
  |   Күтілетін нәтиже       |        - өзіне деген сенімділікті орнатады  - заттарды көре отырып, бір-бірінен ажырата біледі  - көрген заттар арқылы құбылысты бейнелей біледі  - өткенді еске түсіріп, салыстырады  - сұрақтар мен жауаптардың нақтылығы  - белсенділікті дамытады  - теорияны практикамен ұштастыра біледі  - бірін-бірі бағалаудағы әділдік        |  
  |   Тапсырмалар       |        - топтық жұмыс  - есептер шығару  - тәжірибелік тапсырмалар       |  
  |    Сабақтың жүрілуі бойынша мұғалімнің жазбалары: Мұғалімдер немен айналысады және оқушылар немен айналысады?      а) суреттердің қиындылары бойынша 4 топқа бөлу /5 мин/  ә) «Тұлғанының өзіне сенімділігі» тренинг /2 мин/  б) сабақ жоспарымен таныстыру (бағалау парағы бойынша) /2 мин/       |  
  |   СТО сұрақтары   |    Сабақ барысында жасаған мұғалім мен оқушының іс-әрекеті   |  
  |   Сабақтың маңыздылығы не?  -оқушылар не алады?  -бұрынғы білімін қалай пайдалана алады?  -өмірден алған тәжірибесінің әсері?  -сабақтың болашақта оқушыға қандай пайдасы бар?   |        - молекулалық-кинетикалық теорияның негізгі ұғымдарымен танысады  - заттың құрылысы, молекулалық құрылымы жайлы мағлұматтарды саралайды  - дүниетану, жаратылыстану пәндерінен алған білім мен күнделікті өмірдегі мәселелерді салыстырады  - тәжірибені теориямен байланыстыра алады  - табиғаттағы барлық құбылыстың физикамен байланысын ажырата алады       |  
  |   Сын тұрғысынан ойлау үшін мүмкіндіктер  -еркін ойлауға қандай мүмкіндіктер жасалды?  -өздігінен ізденуге қандай мүмкіндіктер жасалады?   |        1. Заттар арқылы ой бөлісу  «Не себепті осы заттарды алып келдім? Бұл туралы не ойлайсыңдар?» деген сұрақтар бойынша бүгінгі тақырыпқа жетелеп келу. /3 мин/ (ойларына келген ойды жеткізу арқылы тақырыпты ашу)  2. «Мағынаны бейнеле». Заттар арқылы ашылған тақырыпты суреттермен бейнелеу /6 мин/  3. «БББ». Өткенге сараптама жасап, алдына мақсат қою /5 мин/  4. «Теорияны практикамен». Өткен тақырыпты байланыстыра отырып, тәжірибелер орындау /7 мин/       |  
  |   Мағынаны ажыра-ту сатысы (жаңа ақпарат)  -оқушыларды белсене қатыстыру   -стратегияларды жүйелі қолдану арқылы оқушылардың жұмысын ұйымдастыру (сауал қоя білу, талдау жасай білу, баяндау және қызу ой талқысын жасай білу қабілеттерін жетілдіру жолдарын беру)  -оқушылармен бірлесіп жұмыс жасау, қарым-қатынас шеберлігін ұтымды пайдалана білу  -оқулықтан басқа ақпараттар көзін ашу   |        Оқулықпен жұмыс 49-63 беттегі тақырыптарды жинақтап, ой қорыту.      Электронды оқулықты пайдаланып, ақпаратты толықтыру /3 мин/  Заттың үш күйі: қатты, сұйық, газ.  Газдың қасиеті: тұрақты көлемі мен нақты пішіні болмайды, берілген көлемді түгел қамтиды.  Қатты дене қасиеті: пішіні мен көлемін сақтайды.  Сұйықтың қасиеті: аққыштық, көлемін сақтау, пішінін оңай өзгертеді.  Кристалл денелер – молекулалардың белгілі бір ретпен қайталанып орналасатын денелер.  Аморф денелер – молекулалары ретсіз орналасатын денелер.  Молекулалардың арасында тартылыс және тебіліс күші болады.      Сергіту сәті «Көз жаттығуы» /2 мин/       |  
  |   Толғаныс (рефлексия)  -сабақта үйренгендерін бекіту, қолдану жолдарын беру  -жаңадан үйренгенін пайдалана отырып, білімін жүйелеу  жауап шешімі осыған байланысты жұмыстар беру арқылы түсінік деңгейін тексеру       |        «Теорияны практикамен». Өткен тақырыпты байланыстыра отырып, тәжірибелер орындау /7 мин/   1- топ: Марганцовка түйірінің сумен араласуы   2- топ: Ыстық, салқын судағы қант ерітіндісі   3- топ: Жылы судағы бір тамшы күнбағыс майы   4- топ: Шарды үрлеу және әтір иісінің таралуы   Дарынды оқушылар тапсырмалары:   1. Жас бамбук тәулігіне 86,4 см-ге өседі. Ол секундына қанша өседі?   2. Егер көлемі 1 мм3 болатын кубтың біреуін қою үшін 1с уақыт кетсе, 1 м3 болатын куб жасау үшін қанша уақыт керек?   3. 1 мә беттегі барлық квадрат сантиметрді кесіп алып, бір-біріне жалғастыра қатар қойсақ, оның ұзындығы қандай болады?       |  
  |   Бағалау (түрлері)  -оқушының өзін-өзі бағалауы  -топтың өзін-өзі бағалауы  -мұғалімнің бағалауы  -жалпы бағалау  -критерийлер арқылы бағалау   |        Бағалау парағы /2 мин/  Бағалау критерийлері бойынша мұғалімнің бағалауы қоса ескеріледі.   Бағалау парағы             |   №   |    Оқушының аты   |    Ой бөлісу   |    БББ   |    Тәжірибе   |    Есеп   |    Ұпай   |    Баға     |    Мұғалімнің бағалауы   |     |   1   |         |         |         |         |         |         |         |         |     |   2   |         |         |         |         |         |         |         |         |     |   3   |         |         |         |         |         |         |         |         |     |   4   |         |         |         |         |         |         |         |         |     |   5   |         |         |         |         |         |         |         |         |     |   6   |         |         |         |         |         |         |         |         |       10-тен артық «5»   8-тен артық «4»   6-ден артық «3»   Критериалды бағалауды жазып қою   Үйге тапсырма: 2-тарауды толық қайталау     №2 Зертханалық жұмыс оқу, дайындалу   |