1,5 м/с жылдамды?пен ?оз?алып келе жат?ан массасы 20 т темір жол вагоны массасы 10 т ?оз?алмай т?р?ан вагон?а тіркеледі. Вагондарды? тіркелгеннен кейінгі жылдамды?ы ?андай? (1 м/с)
Просмотр содержимого документа
«М.Орынбасаров атында?ы орта мектепті? физика п?ніні? м??алімі»
Сабақтың тақырыбы:.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: Оқушы білімін, іскерлігін, дағды деңгейін бақылау, бағалау. Дене импульсімен импульстің сақталу заңымен таныстырып солар жайлы түсінік қалыптастыру.
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау.
4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері);
5. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. ДК. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.
А) теориялық білімдерін тексеру.
Ә) практикалық тапсырмаларын тексеру.
Б) есептерін тексеру.
ІІІ.ДК Білімді жан-жақты тексеру./ ІV. ДК. Жаңа материалды қабылдауға әзірлік, мақсат қою.
Бүгінгі негізгі мақсатымыз оқулық бойынша дене импульсімен импульстің сақталу заңымен танысамыз.
Дененің салмағы дегеніміз не?
Дененің салмағы мен денеге әрекет ететін ауырлық күшінің арасындағы айырмашылық неде?
Жоғары қарай үдемей қозғалған дененің салмағы қалай өзгереді?
Қандай жағдайда дене салмақсыздық күйін кешеді?
V. ДК.Жаңа материалды меңгерту:
1. Сақталу қасиеті бар физикалық шамалар.
2. Дене импульсі, оны формула арқылы өрнектеу, физикалық мағынасы, бағыты, өлшем бірлігі.
3. Күш импульсі, оны формула арқылы өрнектеу, физикалық мағынасы, бағыты, өлшем бірлігі.
4. Күш импульсі мен дене импульсінің арасындағы байланыс.
5. Ньютонның екінші заңын импульстік түсінік тұрғысынан өрнектеу.
6. Тұйық жүйе туралы түсінік.
7. Импульстің сақталу заңы.
VІ. ДК. Оқытылып отырған оқу материалын қабылдаудағы оқушы түсінігін тексеру.
§19,20 дайындық сұрақтарын талдау.
Дене импульсі дегеніміз не?
Күш импульсі дегеніміз не?
Дене импульсінің өзгеруі қандай шамаға тәуелді?
Күш импульсі мен дене импульсінің арасында қандай байланыс бар?
Тұйық жүйе деп қандай жүйені айтамыз?
Импульстің сақталу заңын тұжырымдаңдар.
VІІ. ДК. Оқытылып отырған оқу материалын бекіту немесе дағдыландыру жұмыстарын жүргізу.
17-жаттығу 1,2
1,5 м/с жылдамдықпен қозғалып келе жатқан массасы 20 т темір жол вагоны массасы 10 т қозғалмай тұрған вагонға тіркеледі. Вагондардың тіркелгеннен кейінгі жылдамдығы қандай? (1 м/с)
VIІI.ДК. Бағалау. Үй тапсырмасын беру: §19,20, 17-жаттығу (3,4)