|    Әр топ алдын ала берілген тапсырмалар бойынша өз ттоптарының аттарына сәйкес жаңа сабақты түсіндіре бастайды.   І топ: «Тербелістер»:Механикада тербелістер деп дененің бірдей уақыт аралығында дәлме-дәл немесе жуықтап қайталанып отыратын қозғалысын айтады.   Мысалдар:       F=-kx (Гук заңы)   Ығысуға пропорционал және оған қарама-қарсы бағытталған күштің әрекетінен болатын механикалық тербелістер гармоникалық тербелістер деп атайды. (тақтадағы слайд және плакаттар көмегімен жаңа сабақты баяндайды)   ІІ топ: «Период»:Дене қозғалысы толығымен қайталанып отыратын ең аз уақыт арадығы тербеліс периоды деп аталады.(тақтадағы слайд және плакаттар көмегімен жаңа сабақты баяндайды)   ІІІ топ: «Жиілік»:Бірлік уақыт ішінде жасалатын тербелістер саны тербелісжиілігі деп аталады. (тақтадағы слайд және плакаттар көмегімен жаңа сабақты баяндайды)       ІУ топ: «Амплитуда»:Тербелістерамплитудасы деп дененің тепе-теңдік күйінен ең үлкен ығысуының мәнін айтады.       (тақтадағы слайд және плакаттар көмегімен жаңа сабақты баяндайды)  «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі:    І топ: Дененің х координатасының уақытқа тәуелдігінің графигі бойынша тербеліс периодын және жиілігін анықтаңдар.   80 – а – сурет       ІІ топ: Механикалық тербелістер кезіндегі дененің х ығысуының t уақытқа тәуелдігінің графигі көрсетілген. График бойынша тербеліс периодын, жиілігін және амплитудасын анықтаңдар.    80 – ә – сурет    ІІІ топ:Берілген параметрлер бойынша графикті салыңдар. Тербеліс периоды 5с, тербеліс амплитудасы 4м-ге тең тербелістің жиілігін анықтаңдар.  ІУ топ: Тербеліс жиілігі 0,25Гц және тербеліс амплитудасы 3м – ге тең болатын тербеліс грайигін салыңдар.    «Пилот және штурман»әдісі:  І топ: Торғай қанатының тербеліс жиілігі 10Гц, шыбындікі 300Гц, масаныкі 450Гц. Олардың қанаттарының 1 мин – та қанша тербеліс жасайтынын есептеңдер.    ІІ топ:Серіппедегі жүк 2 Гц жиілікпен тербеледі. Серіппенің тербеліс периодын анықта.  ІІІ топ:Бірдей уақыт ішінде бір математикалық маятник 50, ал екіншісі 30 тербеліс жасайды. Онда тербеліс периоды мен жиілігін анықтаңдар.    ІУ топ:5 секунд ішінде материалық нүкте 10 тербеліс жасайды. Тербеліс периоды мен жиілігі неге тең?   |