| Ұзақ мерзімді жоспардың бөлім: Қысым Мектеп: Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Сынып: 7 «А» Қатысқандар: Қатыспағандар: |
| Сабақтың тақырыбы: | Қатты денелердегі қысым. Қысым. |
| Оқу мақсаты: | 7.3.1.2 қысымның физикалық мағынасын түсіндіру және өзгерту әдістерін сипаттау. |
| Сабақтың мақсаты: | Қысымның физикалық мағынасын білу. Барлық оқушылар: Қысымның белгіленуін, өлшем бірлігін және формуласын біледі. Басым бөлігі: Белгілі бір бетке түсетін қысым жайлы мағлұмат бере алады, формуласын есеп шығаруда қолдана алады . Кейбір оқушылар: Қысымның артуы мен кемуін түсіндіре алады , өмірдегі қолданысын біледі. |
| Бағалау критерийі: | Қысымның қандай шамаларға тәуелді екенін анықтайды. Қысымның формуласын талдайды. Өмірдегі қолданысына мысалдар келтіреді. |
| Тілдік мақсаттар: | Терминдер мен ұғымдарды дұрыс айта біледі. Пәндік терминдер бойынша сөздік: | Қазақша | Орысша | Ағылшынша | | күш | сила | force | | аудан | площадь | area | | қысым | давление | pressure | |
| Құндылықтарға баулу: | 2.Қоғамдағы ұлттық бірлік 4. Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу 6.Тілдің біртұтастығы |
| Пәнаралық байланыс: | математика, технология, ағылшын. |
| Алдыңғы білім: | Күш, күштің түрлері, формулалары және бағыты. |
| Сабақ барысы |
| Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері | Ресурстар |
| Сабақтың басы 5 мин | І. Ұйымдастыру: Сәлемдесу, түгендеу. ІІ. Ынтымақтастықты қалыптастыру. «Шаттық шеңбері» арқылы бір-біріне сәттілік тілейді. Сөздердің қиындылары арқылы анықтама құрап екі топқа бөлінеді. Күш – денелердің өзара әрекеттесуінің өлшемі. Аудан – геометриялық пішіннің екі өлшемді кеңістіктен алатын бөлігін сипаттайтын шама ІІІ. Үй жұмысын тексеру. (жеке жұмыс) Бос ұяшықты толықтыр. | Күштің атауы | Белгіленуі | Формуласы | Күштің түсу нүктесі | Өлшем бірлігі | | Ауырлық күші | Fa | Fa= mg |  | Н | | Салмақ | P | P = mg |  | Н | | Серіппелі күш | Fсерп | Fсерп = kx |  | Н | | Үйкеліс күші | Fүйк | Fүйк = µN |  | Н | Оқушылар «ашық тест» әдісі бойынша – бос ұяшықты толтыру. ҚБ: Бірін –бірі жұлдызша арқылы бағалау, қателерін түзету. Кімде үш жауаптан жоғары дұрыс болса бір жұлдызша алады. | «күш» «аудан» терминдері жазылған парақшалар. Кесте |
| Сабақтың ортасы 8 мин | «Миға шабуыл» 1 тапсырма: (барлық сыныпқа) Берілген сурет бойынша не байқадыңдар? Мұның себебі не? 2 тапсырма: (тәжірибелік жұмыс) Тәжірибені жасайық - ағаш тақтайшаға қағылған көлденең қималары бірдей екі шеге, массасы 500 г болатын гіртасы және құмы бар ыдыс. Құмы бар ыдыстың үстіне тақтайшаны алдымен шегелерінің бас жағын төмен қаратып, одан кейін жоғары қаратып орналастырамын. Тақтайша үстіне гіртасын қоямын. Сұрақ: Нені байқадыңдар? (Тәжірибе нәтижесінен бір ғана күштің әртүрлі әрекет ететінін байқаймыз. Шегенің беттік ауданы неғұрлым кіші болса , оның бату тереңдігі соғұрлым көп болады.) Сонымен оқушылар бүгінгі тақырыбымыз – «Қысым» деп аталады . ҚБ: мадақтау арқылы бағалау. | Слайд №1 Шеге қағылған тақтайша, құмы бар ыдыс, гіртасы. |
| 7 мин | «Джигсо» әдісі. Топтық жұмыс. Мәтінмен жұмыс. 1 – топ: Қысым деп нені айтады? Қысым қатты денелерге қалай беріледі? 2 - топ: Қысымды қалай анықтайды? Қысымның өлшем бірлігі? ҚБ: «Бас бармақ». | Оқулық, жұмыс дәптері |
| 1 мин | Сергіту сәті: «Көз жаттығуы» | Слайд №2 |
| 20 мин | 3- тапсырма . Топтық жұмыс. | Білу | Қысым дегеніміз не? | | | Түсіну | Қысым формуласын жаз? | | | Қолдану | 0,02 м2 ауданға 50Н күш әрекет етеді. Қысымды анықтаңдар? | | | Талдау | №1 топ «Күш» тобы: Ағаш білеушенің әр қырының үстел бетіне қандай қысым түсіретінін есептеңдер. №2 топ «Аудан» тобы: Физика оқулығының қандай қысым түсіретінін есептеңдер. | | | Жинақтау | Үлкен техникалардың доңғалақтарының жалпақ болуы неліктен? Түсіндір? | | | Бағалау | Қысымды білу біздің күнделікті тұрмыста маңызы қандай? Суреттегі денелердің қысымын салыстыр.   | | ҚБ: Әр тапсырманың дұрыс жауабына бір жұлдызша. (топтар жауап кестесімен алмасады, бағалайды) | Таратпа қағаз (кесте). Ағаш білеуше, таразы, сызғыш. |
| Сабақтың соңы | Үйге тапсырма: § 21 Есеп шығару. 109 бет. №1,2 есеп. | |
| 2 мин | Кері байланыс: Бүгін сабақтан алған білімімізді жинақтап көрейік. «Мен білемін» кестесі (оқушылар өздерін бағалап, шаршыларды түрлі түске бояйды) | Мен білемін! | | Тақырыбы: Қатты денелердегі қысым | | № | 7 сынып | Қысымның белгіленуін | Қысымның өлшем бірлігін | Қысымның формуласы | Қысымды есептей білемін | Өмірде қолданысын білемін | | 1 | Зере | | | | | | Бояулар нені білдіреді? | Жасыл | Қызыл | | Білемін | Білмеймін | ҚБ: Өзін –өзі бағалайды. | Кесте |
| 2 мин | Рефлексия Бүгінгі сабақта саған не маңызды болды? Өз істеген жұмысына қанағаттанасын ба ? Сен үшін не оңай (қиын) болды? |
| Саралау, қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар жоспарлайсыз? | Бағалау –оқушылардың білімін қалай тексересіз | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелерін сабақ барысында сақтау
|
| Барлық оқушылар: Тақырып бойынша керекті мәліметтер мен формулаларды дәптерге түсіреді Кейбір оқушылар Өмірмен байланыстыра өзге де мысалдар келтіреді | 1.Өзін-өзі бағалау 2.Бірін-бірі бағалау 3.Бас бармақ 4.Жұлдызша 5.Мадақтау | Математика, технология және ағылшын тілі пәнінең алған білімдерін қолданады, күнделікті өмірмен байланыстыра диалогке түсті. Оқушы денсаулығын сақтау мақсатында физминутка жасалып, өздерін партада тік ұстап отыруларына нұсқау берілді. |
| Рефлексия Сабақ мақсатына жетуде қолданған әдістер оқушылардың белсенділігін артыруға жұмыс жасады. Өмірден мысалдар келтіру қызықты болды. | | |