|   Сабақтың тақырыбы   |    Бірқалыпты түзусызықты қозғалыс графигі   |  
  |   Сабақтың  танымдық мақсаты   |    Оқушыларға қозғалыс теңдеуін түсіндіріп, дененің бастапқы орнына, жылдамдыққа байланысты, кез - келген уақыт мезетіндегі дененің соңғы орнын анықтап үйрету, графигін тұрғызу.     |  
  |   Сілтеме   |    http://kk.wikipedia.org/     |  
  |   Дереккөздер мен жабдықтар   |    Р. Башарұлы, У. Тоқбергенова, Д. Қазақбаева.  "Физика және астрономия" 7 - сынып оқулығы  Алматы «Атамұра» 2012ж      Л. Фаизова, Д. Жұматаева, К. Нұрымжанова, В. Дронова.  "Физика және астрономия" 7 - сынып оқулығы  Алматы «Атамұра» 2012ж      В. И. Кем, Б. А. Кронгарт  «Физика және астрономия» есептер мен жаттығулар жинағы  Алматы «Атамұра» 2007ж      Графиктер, слайдтар, интерактивті тақта мүмкіндіктері, сызғыш, жіп   |  
  |   Күтілетін нәтиже   |    Оқушылар қозғалыс теңдеуін түсінеді;  Дененің бастапқы орнына, жылдамдығына байланысты кез-келген уақыт мезетінде дененің соңғы орнын анықтай алады;  Бірқалыпты түзусызықты қозғалатын дене қозғалысының графигін тұрғыза алады.     |  
  |    Кезеңдері/Уақыты   |    Мұғалімнің іс-әрекеті   |    Оқушының іс-әрекеті   |    Тапсырмалар   |    Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау   |  
  |   Мотивациялық кезең  10 мин   |    Сабаққа ену «Қас қағым сәт» ұйымдастыру;  Эксперименттік тапсырма.         |    Мұғалім сұрағына жауап береді;  Берілген құралдар арқылы эксперименттік тапсырманы топта орындайды.     |    Слайд №3  Суретте дененің қозғалыс траекториясы бейнеленген, берілген құралдар арқылы оның жүрген жолы мен орын ауыстыруын анықтаңдар. Слайд №4     |    Өзін - өзі бағалау  Басбармақ әдісі       |  
  |   Операциялық    кезең  15 мин   |    Мұғалім түсіндірмесі:    Көрнекілік үшін қозғалысты график көмегімен сипаттауға болады. Бірқалыпты түзусызықты қозғалысты график түрінде қарастырайық. Бастапқы t0=0 мезетінде дененің кординатасы х0, ал кез келген t уақыт мезетіндегі кординатасы х болсын.   Сонда орын ауыстыру қалай өрнектеледі?  Мұғалім түсіндірмесі:    Ал бірқалыпты қозғалыс кезіндегі орын ауыстыру S=υ·t екені белгілі. Мұндағы жылдамдық тұрақты шама болғандықтан, бірқалыпты қозғалатын дененің орын ауыстыруы қозғалыс уақытына тура пропорционал . осы өрнекті салыстыра отырып, былай жазуға болады: х- х0=υ·t. Өрнекті х0-ді теңдіктің оң жағына шығарып, былай өрнектей аламыз: х= х0+ υ·t   Бұл өрнек қалай аталады деп ойлайсыздар?  Осы теңдеуді қолдана отырып, дененің кез - келген уақыт мезетіндегі координатасын табуға болады.  Мысалдар келтіру. Сынып оқушыларын 3 топқа бөліп, мысалдар беру, оқушылар тобымен талқылау.     |    Мұғалім түсіндірмесін тыңдайды;  Сұраққа жауап береді;(S= х- х0)  Мұғалім түсіндірмесін тыңдай отырып, қажетті формулаларды дәптерлеріне жазып отырады:  Сұраққа жауап береді; (бірқалыпты түзусызықты қозғалатын дененің немесе материялық нүктенің қозғалыс теңдеуі)  Топқа берілген тапсырманы мұғалімнің көмегімен талқылау     |    Слайд №5  Мысалдар: Слайд №6  І топ  Бастапқы орны 10 м, 20 м/с жылдамдықпен бірқалыпты қозғалатын материялық нүктенің қозғалыс графигін құрыңдар.  ІІ топ  2 м/с жылдамдықпен бірқалыпты және түзусызықты қозғалатын дененің қозғалыс графигін екі нүкте арқылы салыңдар. Оның бастапқы координатасы х0=-3м болсын.  ІІІ топ  Бастапқы координатасы х0=20м болатын, -5 м/с жылдамдықпен бірқалыпты және түзусызықты қозғалатын дене қозғалысының графигін сызыңдар.       |    Жаңа сабақты бағдаршам арқылы бағалау    Жасыл - түсінікті  Сары - сұрағым бар  Қызыл - еш нәрсе түсінген жоқпын   |  
  |   Рефлексиялық кезең  15 мин   |    Сергіту сәтін ұйымдастыру. Ойлан, тап!  Ұйқасын тап!  Жұмыс дәптерінен тапсырма орындау;  Оқушыларға өзіндік жұмыс беру.  Оқулықпен жұмыс.     |    Оқушылар слайдтағы сұрақтарға тез жауап беруі қажет;  Формулада жетіспейтін физикалық шамаларды табу;  Жұмыс дәптерінде берілген тақырыпқа сәйкес тапсырмаларды орындау:    Дәптерлеріне өзіндік жұмыс орындайды.  Кім жылдам? Жаттығу жұмысын орындау.     |    Слайд №7, №8, №9  Слайд №10  Жұмыс дәптері (46-47 бет)  Тапсырмалар. Слайд №11  7-жаттығу (2) Слайд №12     |    Өзін - өзі бағалау     |  
  |   Үй тапсырмасы  5 мин   |    7-жаттығу (1(ә), 3)  Сұрақтарға өз сөздеріңізбен жауап жазыңдар:   Жылдам келе жатқан көліктің алдынан кесе-көлденең өту қауіпті болатыны неліктен?  Биіктен секіріп түскенде адам неге тізесін бүгеді?     |