| 
 | 
  | Сабақтың тақырыбы:
 | Арифметикалық және геометриялық прогрессия | 
  | Мақсаты: | 1. Арифметикалық және геометриялық прогрессия туралы білім, білік, дағдыларын сыни ойлау арқылы тереңдету, формулаларды есептеуде қолдана алу;  2. бір-бірімен пікір алмасу арқылы ой-өрісін жетілдіріп, зейінін дамыту, белсенділігін таныту; 3. топтық жұмыс арқылы ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу, өзіндік ойларын жеткізуге үйрету, өмірде өз орнын табуға септігін тигізу. | 
  | Сабақтың түрі: | Қорытындылау сабағы | 
  | Әдіс – тәсілдер: | Тәсілі: топтық, жұптық, жеке | Әдісі: диалог, сұрақ-жауап | 
  | Ресурстар: | Оқулық, инт.тақта, тапсырма парақтары, «Ромб», ватман | 
  | Оқу нәтижесі: | Сыни тұрғыдан ойлау қабілеттері дамиды. Өз ойларын жеткізе біледі. | 
  | Негізгі идеялар: | Ізденіс жұмыстары арқылы оқушылардың оқуға деген қызығушылығы артады, танымдық қабілеттері дамиды | 
  | Тапсырма көздері: | 1. топтық тапсырмалар 2. жұптық тапсырмалар 3. жеке жұмыстар | 
  | Қолданылатын модульдер: | Қалай оқу керектігін үйрету, диалогтік оқыту, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту, талантты және дарынды балаларды оқыту, АКТ-ны қолдану, ОүБ және оқуды бағалау | 
  | Мотивациялық кезең: | Оқушылардың қабілеттеріне қарай есептер беру | 
  | Сабақтың барысы: | уақыт | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | 
  | Ұйымдастыру кезеңі 
 
 
 
 
 
 Қосымша -1 | 4мин | Сұрақ қою арқылы сабақтың тақырыбын атаймын. Мақсатымен таныстырамын. | Сұраққа жауап беріп, тақырыпты атайды. | 
  | Алдарына қойған мақсатын сұраймын. Бағалау критерийлерімен, парақшаларымен таныстырамын. | Критерийлерді оқиды, ұстанады. Бағалау парақшаларын алады. 
 | 
  | 2мин | Топшаларға бөлу Оқушыларға әр түрлі түсті қағаздарда сандар таратылады. Сандар арқылы тізбек құрулары керек. Тапсырма: 2; 4; 6; 8.. 3; 9; 27; 81 9,2; 7,2; 5,2; 3,2 64; 16; 4; 1 | Фигуралардың түстері бойынша және құралған тізбек бойынша орындарына отарады. | 
  | Ой қозғау Қосымша-2 
 | 4мин | Жұптық жұмыс Әр жұпқа постерде тапсырма беремін: арифметикалық прогрессия және геометриялық прогрессия. | 
 
 Тізбек арқылы жұптар құрып, постердегі тапсырманы орындайды. 
 | 
  | Дамыту Қосымша -3 | 7мин | Топтық жұмыс Формулаларды еске түсіру үшін «Ромб» тапсырмасын ұйымдастырамын. Оқушылар өздері құрған тізбек бойынша тапсырма орындайды:   Тізбек прогрессия құрай ма? Прогрессия болса, қай? Бірінші мүшесін тап. Айырымын (еселігін) тап Жетінші мүшесін тап. Он мүшесінің қосындысын тап. 18 саны прогрессия мүшесі бола ма? Жалпы мүшесінің формуласын жаз. | Оқушылар стикерлерге жауаптарын жазып, «Ромбқа» жапсырады. 
 
 
 
 
 | 
  | 3мин | Әр топтан баяндамашы шығып, постерді қорғайды. | Әр топтан баяндамашы шығып, жазғаны бойынша таныстырады. | 
  | Есептер шығару Қосымша-4 | 12мин | Жеке жұмыс Деңгейлік тапсырмалары бар карточкалар таратамын. Орындап болған оқушы тақтаға шығып, орындаған есептерді көрсетеді. | 
 
 Әр оқушы деңгейлік тапсырмаларды орындайды. 
 | 
  | Тест тапсырмасы Қосымша-5 | 8мин | Жеке тапсырма тест жұмысын ұйымдастырамын. | Тест өздігінен орындайды. 
 | 
  | Рефлексия: 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 Қосымша-6 | 2 мин | Бағалау парақшаларын толтырады. -Қай тапсырма саған қиын болды? -Өзің орындадың ба, әлде көмекке жүгіндің бе? | Оқушылар өткен тақырып бойынша өз ойларын стикерлерге жазады. «Сұрағы бар қорапшаға» салады. Қосымша-5 орындайды. | 
  | Үйге тапсырма Қосымша-7 | 
 | Формулаларды жаттау, тапсырма парағы | 
 | 
  | Бағалау: | 3мин | Критерийлер бойынша жинаған ұпай арқылы бағалаймын. | Критерийге сәйкес бағаланады. 
 |