| ӘБ жетекшісі |
| Назарбаев Зияткерлік мектебі Ақтөбе қаласы | Nazarbayev Intellectual School, Aktobe Subject Name Lesson Plan |  |
| Мұғалім: | Жүгініс Айнұр Самигуллақызы | Тақырыбы: Жарықтың шағылуы. Жарықтың шағылу заңдары |
| Сабақ кезеңдері | Класс: | Өткізілетін күні: |
| Сабақтың міндеттері | |
| Тілдік мақсаты : | | Оқушылар бақылауларына сипаттама беру және алынған моделдерді түсіндіру үшін тиісті терминологияны қолдана алады. Пәнге қатысты лексика мен терминология: Жарық, шағылу, түсу бұрышы, шағылу бұрышы, шағылу заңы, түскен сәуле, шағылған сәуле, көлеңке, жартылай көлеңке | |
| Ұсынылатын алдыңғы білімдер | Жарықтың түзусызықты таралуы |
| Сабақтың мақсаты | Оқушылар орындай алады: Жазық айна мен сфералық айнаны ажырата отырып, шағылу заңын түсіндіріп бере алады |
| Сабақтың барысы: |
| Бөлінген уақыт аралығы | Сабақ барысында жоспарлы іс – әрекет | Ресурстар |
| 0-1 минут | Ұйымдастыру. Сынып ішіндегі тазалық пен сынып оқушыларының сабаққа қатысымын қадағалау Оқушыларды топқа бөлу | Суреттер арқылы |
| 1-5 минут | «Миға шабуыл» Суреттен не байқадыңыздар? Неліктен теңіз жағасында өсетін пальма ағашы теңізге қарай еңкейіп өседі? Неліктен судан біз өз кескінімізді көреміз?  | Оқушылар өз ойларын айтады. Екі топ өздерінің құрастырған суреттерін физикалық тұрғыдан түсіндіреді |
| 5-6 минут | Топтарғы ортақ сұрақ: Неліктен қыста, жазда көзімізге көзілдірік киеміз? Неліктен біз жазда ашық түсті киімдерді киеміз? | Оқушылар жарық-тың шағылатынын айтады |
| 6-8 минут | Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру | Слайд |
| |  | |
| 8-9 минут | «Миға шабуыл» Судағы шырақ Мұндай айнаны қандай айна деп айтамыз? Айнада кескіннің пайда болу себебі неде? /Жазық айна/ | BilimLand. |
| 9-15 минут | «Айна» ойыны. /Қалған оқушылар жазық айнадан алынған кескінді сипаттайды/ «Затқа» қойылатын сұрақтар: Сен өз кескініңді толық көріп тұрсың ба? Айна сені толық шағылдырды ма? Өзіне түскен сәулені толығымен шағылдыратын дене қалай аталады? | Ортаға екі оқушы шығады. Оқушылардың бірі зат, екіншісі кескіннің ролін ойнайды. |
| 15-17 минут | «Сергіту сәті» | «Комната смеха» видеоролик |
| 17-20 минут | Видеоролик туралы не айта аламыз? | Оқушылардың ойлары тыңдалады |
| 20-21 минут | Жазық айна мен сфералық айна туралы айтылады Сфералық айнаға күнделікті өмірде қандай мысалдар келтіруге болады? | |
| 21-30 минут | Эксперименттік тапсырма Жазық айнадан кескін алу | Жазық айнадан жарықтың шағылу заңын зерттейді. Қорытындылайды Екі айна, бұрыштарын өзгертіп отырып, кескін алады |
| 30-38 минут | Тест тапсырмалары | |
| 38-40 минут | Үйге тапсырма. Айна түрлері Бағалау. Тест тапсырмалары бойынша Рефлексия:  | |