Просмотр содержимого документа
«Урок на тему "0 саны мен цифры"»
Атырау қаласы
№10 С.Мұқаов атындағы орта мектебі
ІІ санатты мектепалды даярлық тобының жетекшісі
Оразбаева Алтын Бисешовна
Білім беру саласы: «Таным» Бөлімнің аты: Математика
Тақырыбы: 0 саны мен цифры.
Сабақтың мақсаты: 0 санымен және цифрымен таныстыру; 5-ке дейінгі реттік санауды және 2-5 сандар құрамын қайталау; берілген мысалдар бойынша жағдайлар (тапсырмалар) құрастыру дағдысын бекіту.
Сабақтың типі: Жаңа сабақ Сабақтың түрі: Аралас сабақ Сабақтың көрнекілігі: АКТ, үлестірмелі материалдар Сабақтың әдісі: әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ - жауап. Пәнаралық байланыс: Көркем әдебиет Тірек білімдерін жетілдіру.
Сабақ басында 2-5 сандар құрамын қайталау бойынша ауызша жұмыс жүргізуге арнауға болады;
қосу, азайтудың мән- мағынасын қайталау.
1-5 сандар қатарын орналастыру. Ұйымдастыру кезеңі
«Капитан мен юнга» ойыны
«капитан» - 1 оқушы қолын бұлғайды; «юнга»- 2 оқушы еден жуған кейпін келтіреді; «суда адам»- 3 оқушы қол ұстасады; «түскі ас» - 5 оқушы бірігіп шеңбер құрайды.
Сол қол ұстасқан оқушылар топ құрап отырады. «Жемістер терейік» ойыны
Тапсырмасы: әр топ өздеріне себеттен тиесілі жемісті теріп, сандар қатарын құрады.
№1 тапсырма. Суретке көз жүгірт. Суретті сипатта. Не шықты?
Болғаны -3. Біреуі кетіп калды. Қалғаны-2. 3-1=2.
Содан кейін 2-1=1. Ақырында соңғы бала кетті.
1-1=? Қандай сан шықты.
Мұны 0 цифрымен белгілейміз. 0 саны қалай шықты?
0 саны мен цифрымен таныстыру
№2 тапсырма. 5 санының құрамын еске түсіреміз. Екі сөреге 5 кітапты қандай жолмен орналастыруға болады? Бос торкөздерді қажетті шеңберлер санымен толықтыр.
№3 тапсырма. Цифрларды тауып, жүргіз. Суретте қандай цифрлар бар? Оларды көрсетіп, атап бер. Ретімен ата. Суретте тағы қандай таңбалар берілген (бұл- әріптер)?
№4 тапсырма. 0 цифрын жазуға және бастыруға арналған. Бүкіл жолды алдымен үзік сызықпен, содан кейін үзік сызықсыз жазу. Бағытқа сәйкес қисық сызық түсіру.
«Қар қуыршағы
Жоспар бойынша аққала бөлшектерін белгілейміз. Аққала қандай геометриялық фигуралардан тұрады? Фигуралардағы қандай қасиеттер мен белгілерді анықтай алатынымызды еске түсір. Үлгі бойынша фигуралардың барлық белгілері мен қасиеттерін белгілейміз. Тәрбиеші аққаланың әрбір бөлшегінің қасиеттерін сипаттау ретін белгілейді. Аққаланың кейбір бөлшектерін сипаттауды балалардың өздеріне орындатуға болады.